Белбеу күресінен 2016 жылы Астана қаласында өткен әлем Чемпионатының қола жүлдегері Нұрлан Джандиллаұлы 1999 жылы шілденің 15-ші жұлдызында Ташкент облысы Достобод ауданында дүниеге келді. Араға жыл салып Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылдық округіне қоныс аударған Нұрланның әкесі – Чинибеков Джандилла «Нұрлы жол» шаруа қожалығын дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер, анасы Қоқажанова Өзипа Қожакент ауылдық ауруханасында медбике болса, ағасы Нұржан Қожакент ауылында тіс дәрігері, ал, кіші әпкесі Жанар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының 4 курс студенті. Қожакент ауылындағы №168 орта мектебінің табалдырығын аттаған Нұрлан, білікті ұстаз Таңсықова Райханнан білім нәрін бойын сіңіре білді. Мектеп бағдарламасын меңгеруде қабілеттілік танытып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі бола білген шәкірттің Рашидова Назым, Ашимов Жәлелхан ұстаздарына айтар алғысы шексіз.
«Тұлпар болар сәйгүлік құлынынан белгілі» демекші, жастайынан спорт десе бір аяғы ілгері тұратын бала 2012 жылдың ақпанында ашылған №8 ОРМБЖ-ның қазақ күресі филиалының №168 орта мектебіндегі үйірмесіне келіп қатысады. Аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, шеберлігін шыңдап, жүлделі орындардан көрініп, республикалық турнирлерде облыстың намысын қорғады. 2016 жылы Шымкент қаласында белбеу күресінен 1999-2001 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында Республикалық Чемпионатта 65 кг салмақта ел чемпионы атануы, екпініне екпін қосып, талабын ұштады. Осы жылы балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен «Жас барыс» турнирінің Алматы қаласы, Әуезов ауданы бойынша іріктеу жарысында 16-17 жастағы қатысушылар арасында белбеу күресінен 72 кг салмақта І-орынды жеңіп алып, турнирдің «Жас Барысы» атанды. Спортқа деген құлшынысы өз иіріміне елітіп, ісін бітіргенше тыным таппайтын еңбекқор Нұрлан ел артқан сенімді ақтау үшін қандай жарысқа жол тартса да, тек жеңісті көздеп, үлкен дайындықпен барды.
2017 жылдың наурыз айында Белбеу күресінен 1997-1999 жылғы жастар арасында өткен ел біріншілігінде, ауыздығымен алысқан әр өңірдің жүйріктері қатысқан аламанда мәре сызығын үшінші болып кескен жас палуан, жеңіс қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
«Байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп, осындай жетістіктерге жетуіме үнемі қолдау білдіріп келе жатқан ата-анам мен қайнаудан шыққан болаттай үнемі мені дайындықта ұстап жүрген бапкерім Қожанов Мейірхан ағайыма айтар алғысым шексіз, көрсетер құрметім ерекше. «Генерал болуды армандамаған солдат, солдат емес» деген, боз кілемде белдескен қай палуанның да арманы - әлем және олимпиада чемпионы болу. Бұл да менің басты армандарымның бірі», – деп қолдаушыларына алғысын білдірген Нұрлан Джандиллаұлының алда еліміздің көк байрағын желбіретер жеңіс шыңын бағындыруына тілектеспіз.
Отличный борец, одержавший не одну победу, Нурлан Джандиллаулы родился 15 июля 1999 года в городе Достабад Ташкентской области. Его отец - Чинибеков Джандилла как индивидульный предприниматель создал крестьянское хозяйство «Нұрлы жол». Мама Кокажанова Озипа работает медсестрой в больнице аула Кожакент Жанакорганского района Кызылординской области.
В 1 класс он пошел в 2005 году в среднюю школу №168, расположенную в ауле Кожакент. Его первая учительница - Тансикова Райхан помогла освоить предметы начальной школы. Однако, главное увлечение Нурлана, которому он уделяет все свое время – это спорт.
Старшая сестра Гаухар, по образованию фельдшер, работает в Туркестане медсестрой в казахско-турецкой больнице. Брат Нуржан работает в ауле Кожакент зубным врачом. Вторая сестра Жанар студентка 4 курса, учится в городе Шымкент в академии фармакологии. И только Нурлан выбрал для себя спортивную стезю. Он - студент 2 курса Казахской академии спорта и туризма в городе Алматы.
На сегодняшний день Нурлан одержал несколько побед на пристижных соревнованиях. Так, в 2015 году в весовой категории до 65 кг занял I место на Чемпионате РК по борьбе на поясах среди юношей 1999-2001 года рождения.
В рамках реализации Послания Президента РК Н.А.Назарбаева народу «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» в 2016 году в городе Алматы в Ауезовском районе был проведен отборочный турнир «Жас Барыс» среди детей, подростков и молодежи организованный для развития национального вида казахской борьбы. Нурлан отлично проявил себя и занял I место среди юношей 16-17 лет в весовой категории до 72 кг. Также в 2016 году в честь 25-летия Независимости РК и 1000-летия города Алматы в рамках спортивной программы проводился турнир «Алматы Жас Барыс» и талантливый юноша взошел на первую ступень пьедестала почета.
В 2016 году в Астане на Чемпионате мира по борьбе на поясах Нурлан вновь показал отличный результат и занял III место в весовой категории до 65 кг. Эта победа была одержана в канун праздника 1 декабря – Дня Первого Президента РК.
В 2017 году талантливый борец награжден дипломом за III место в весовой категории до 75 кг на Чемпионате РК по борьбе на поясах среди юношей и девушек в 2017 году.
Одаренный спортсмен очень благодарен всем, кто верит в его победы, кто помогает ему стать настоящим бойцом. Один из них – его тренер Кожан Меирхан. В будущем, юноша также мечтает продолжить восхождение на спортивный Олимп. Он надеется одержать еще множество побед, чтобы прославить родной Казахстан.