![]()
Таузбеков Ануар Абзалұлы – білімге құштар, жақсылыққа жақын, спортқа бейім. Маңғаз Маңғыстау өлкесінің Жаңаөзен қаласында 2004 жылы 3 маусымда мерейлі отбасында өмір есігін ашқан. Тектіден текті туады» дегендей өткендерін ұмытпай, ұлттық құндылықтармен сусындап, берекелі отбасында тағылымды тәрбиеге сусындауда. Кісілігі мол, кемеңгер атасы Таузбек – отбасының тірегі мен ақылшысы. Мейірбан әжесі Алуа – отбасының ұйытқысы, тілекшісі. Жүректі абзал әкесі Аккенжеев Абзал Таузбекұлы – ӨМС ЖШС бұрғышы болып еңбек етуде. Жібек мінезді, нұр сипатты мейірбан анасы Дусенбаева Айжан. Бекесжанқызы – ӨзенМұнайГаз АҚ ӨТҚжЖЖБ мекемесінде қоймашы қыметінде. Отбасынан үлгілі тағылым алып, білім әлемінде бағдарын айқындап жүрген Ануар қайда жүрсе де ата-анасының үмітін ақтап, халықтың алғысын алуды қалайды. Өзара сыйластық пен жанұялық жарасымдылық орнаған шаңырақтың баласы Әнуардың алдында үлгі көрсетер ағасы Айбар бар. Қамқор ағасы Айбар Абзалұлы – техникум студенті. Балдырған шағында «Сауле» балабақшасында тәрбиеленіп, тәжірибелі тәр-биеші Аманчаева Тансулу Кауыбайқызынан жақсы мен жаманды ажыратуды үйренді. Жаңаөзен қаласындағы №2 орта мектепке шәкірт болып қабылданып, білім әлеміне сапар шекті. Салауатты өмір салтын ұстанатын заманауи жас спортпен шұғылданып, мектепте белсенді оқушылардың қатарын толықтырып жүр. Жауапкершілігі мол, өзіне берілген тапсырмаларды дер кезінде және тиянақты орындауды әдетке айналдырған. Сариева Гүлсінай Боранбайқызы – сынып жетекшісі, ақылшы ұстазы. ![]()
Жетістігі: Ануар Абзалұлы «Бірінші ереже: ешқашан берілмеу! Екінші ереже: бірінші ережені ұмытпау» деген ұстанымдағы талапты ұлан. 2008 жылы «Арман дала» сайысына қатысып, І орынмен жүлдегер атанды. Білікті бапкерлері Амангелдиев Миримхан мен Туманчаев Бериктің жетекшілігімен түрлі жарыстар мен дүбірлі додаларға қатысып, бақ сынауда. Белсенді ойыншы – «Қыран» футбол командасының ойыншысы. «Қыран» командасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында өткен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы чемпионатта Бас жүлдеге қол жеткізді.Бұл тізімде «ең кіші» чемпион атанған Ануар Таузбеков пен Арсен Есалы секілді болашағынан зор үміт күттірер, талабы таудай, мақсаты биік жас ойыншылар да болды.
2019 жылы Жаңаөзен қаласының 50 жылдык мерейтойына орай ұйымдастырылған (16-19) жастар арасындағы шағын футболдан өткізілген жарыс қорытындысы бойынша «Қыран» командасының құрамынөда ойыншы Таузбеков Ануар «Алтын жүлдені» иеленгендердің бірі. Турнир қорытындысы бойынша Ануар Таузбеков «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды. Республикалық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындарына белсенді қатысқаны үшін Сертификат берілді.
Сүйікті ісі: Ғаламтор арқылы өзіне пайдалы ақпарат көздерін жинау, табиғат аясында демалу, тарихи фильмдерді көру, музыка тыңдау, спортпен шұғылдану.
Арманы: Отбасы мүшелерінің бақытты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, олардан көмегін аямау. Келешекте жоғары білімді маман, өз ісінің шебері, танымал тұлға атану, халыққа қалтқысыз қызмет ету.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]