Қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі, ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шырайлы Шымкент өңірі – ту көтеріп, ел намысын әлемдік ареналарда қорғар, қайсар да қайратты ұландарға бай. Қазақы болмысты, ұлттық құндылықтарды, бабалар мұрасын басты байлық санайтын осы аймақтағы жастардың бойында жігер, көздерінен сенім оты жақсы байқалады. Сондықтан да болар, олардың жүрген жерлері марапат пен алғысқа, ұлтын сүйген ұлы азаматтардың ерлік істеріне толы. Солардың қатарында көш бастаған жаужүрек оғландардай Абдуллаев Дамир Сейдуллаұлы есімді жас өрен ержетіп, қанатын қатайтып, өсіп келеді.![]()
Спортты жанына серік еткен Абдуллаев Дамир Сейдуллаұлы 2010 жылы 17 шілдеде Шымкент каласында туылған. Жанұясындағы тұңғыш бала – екі қарындасы Сания мен Балияның қамқор ағасы.
Шымкент қаласындағы №82 «Еркемай» балабақшасын тәмамдап, 2016 жылы аталған шаһардағы З.Космодемьянская №23 мектеп-лицейінде білім алуда. Сынып жетекшісі Жазира Ескендірқызының айтуынша, оқуы мен тәртібі жақсы. Сабаққа үнемі дайындықпен келіп, сынып ішіндегі ашық сабақтар барысында ойын еркін жеткізіп, топ алдында өзін еркін ұстайды.
Намыс туын кірлетпейтін жігіттің төресі Дамир «Кекушинкай каратэ» спортымен 5 жастан бастап айналысады. Физикалық мүмкіншілігін бала қыран кезінен дамытып, жетістің жағалауын жағалаған сайыпқыран – каратэ спортынан көк белбеу иегері.
Одан бөлек, бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ілігіп жүр. Еркін және Расул сэмпайларының еңбектерін жандырып жүрген балалар қатарынан. «Галатея» сурет үйірмесіне 3 жылдан бері қатысып келеді.
Ата-әжелерінің ерке немересі – ата-анасының қолғанаты. Талапшыл Дамир – аталық батасын, ақ тілегін беруден аянбайтын атасы Абдулланың ерекше ықыласпен күткен немерелерінің бірі. Атасы: «Әулеттің атын тек биіктерге көтеретін бала дүниеге келеді», – деп айтып отыратын. Бүгінде ақсақалды атасының айтқаны текке кетпей, Дамир үздіктер қатарында көш бастап келеді.
Бал тілді апасы Базаркүл – ертегілерін айтып, тәттілерін дайындап жанынан табылатын көңіліне ыстық жанның бірі. Дамир үшін нағашы атасы Мақсат пен апасы Сәуленің орындары да ерекше. Мәуелі бәйтеректей болған нағашылары – жиен немерелеріне ақылдарын айтып, оның болашағы үшін зор үлестерін қосып жүрген абзал жандар.![]()
Арыстандай айбатты, ер мінезді әкесі Сейдулла Дамирді «үйдің үлкені, азаматым» деп, ұлының бойына сабырлық пен асқар таудай жігерді сіңіріп, тәрбиесін беруде. Анасы Эльмира баласына тәлім-тәрбие беріп, білімге баулып, Отанына еңбегін арнайтын ер азамат болғанын қалайды.
Аспанға самғап, көкті шарлап, астероидтармен тілдесіп, көктен еліне сәлем жолдауды армандайтын арманшыл ұлан өскенде, ұшқыш болуды қалайды. Сол үшін қазірдің өзінде шеберлігін шыңдап, азуын айға балаған алыптармен бір алаңда күресуден шаршамай, шалдықпай шынығып келеді.
Дамир қосымша шет тілдерін үйрену бағытынан да қашық емес. Қазіргі таңда «Путь к себе», «Путешествие в удивительный внутренний мир» атты курстарда жеке дара тұлға ретінде дұрыс қалыптасу үшін, мамандармен жұмыс жасауда.
Қас айғырдың төбеліндей биіктікті оңай еңсеретін Дамирдің әлі да талай төбелерге шығып, табысты да тау тұлғаға айналары сөзсіз!
![]()