Болат Даниял

Рейтинг:

    Болат Даниял – Жасампаз Қазақстанның дарынды жеткіншегі, ел ертеңі. Ғабитұлы Даниял 2009 жылы 8 қазанда дүниеге келген. Талантты ұлан №7 «Күншуақ» балабақшасында танымдық қабілетін дамытты. Ахмет Байтұрсынов атындағы №23 мектебінің озат оқушысы. Отбасын қымбат қазынаға теңейтін Даниялдың ардақты атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен сүйкімді қарындасы бір шаңырақ астында тату-тәтті күй кешуде. Болат Даниял – жұлдызы жарқыраған жас спортшы. 
    Жетістігі: Ұлттық спорт түрлерінен 2006-2007 жылы туған ұлдар арасында 26 кг салмақ дәрежесінде облыстық біріншілігінде Самбо күресінен І-ІІ орын диплом жеңімпазы; 
      Тұңғыш Президент күніне арналған Самбо күресінен мектеп және колледж оқушыларының арасында 32 кг салмақ дәрежесінде облыстық біріншілігінде ІІІ орын дипломы иесі;
    Самбо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасын-да мектепішілік ашық біріншілікте 28 келі салмақ дәрежесінде І орын дипломы жеңімпазы; «REALSPORT» балалар футбол академиясы «Бешикташ» футбол клубының сертификаты иесі;
     №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірім-дер спорт мектебінің самбо күресінен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында мектепішілік ашық біріншілікте «Ең жас балуан» номинациясы дипломы иегері;
      Республикалық «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты шығарма жазу конкурсында І орын жеңімпазы атанды. 
      Сүйікті ісі: Спортпен шұғылданады. Күрес спор-тының тактикасын тереңірек үйренгенді жақсы көреді.
      Арманы: Болашақта самбо күресінің «Әлем чемпионы» атағына ие болуды мақсатына айналдырып отыр. 

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}