Оразбай Жалгас

Рейтинг:


    Жалғас Жасұланұлы 2010 жылы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында дүние есігін ашты. 2016 жылы шағын білім беру орталығындағы мектепке дейінгі дайындық тобында алғашқы танымдық қабілетін жетілдірді. Даярлық тобын сәтті тәмамдаған Жалғас Жасұланұлы 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан №51 мектеп-гимназиясының 1 «Д» сыныбына барды. Өнегелі қарттары ата-әжесінің сүйікті немересі. Отбасындағы перзенттердің тұңғышы. Шаңырағын шаттыққа кенелткен тұңғыш немере. Отбасында ардақты әкесі мен анасы, екі інісі Диас пен Ерсұлтан, сүйікті қарындасы Інжу Жалғасты мақтан тұтады. Оны әрдайым қорғап, қолдап жүреді. Оразбай Жалғас – сыныптың озат оқушысы, мектеп мақтанышы. 2016 жылдан бастап Оқушылар сарайында самбо күресіне қатысады.
     Жетістігі: 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында самбо күресінен өткен турнирде ІІ орын диплом иесі; 2019 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық самбо жарысында «Көк бөрі» ашық біріншілігінде І дәрежелі диплом жеңімпазы; Қалалық, облыстық, республикалық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп келеді. 
      Сүйікті ісі: сурет салу, көркем әдеби және ертегі кітаптар оқу.
      Арманы: Мектепті үздік бітіріп, кемел білімді азамат атану. Спорттың биік шыңына шығып, әлем чемпионы атану.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}