Сейдалиева Аселя

Рейтинг:
    Ғылымдардың патшасы – математика пәнін айрықша жақсы көретін Сейдалиева Аселя Рашидқызы тұлымы желбіреп өскеннен бері, ер балалардың өзіне айналысуға қиын спорт түрлерінде үздіктер қатарына еніп үлгерді.
    Рашидқызы Аселя 2002 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келді.
    Аселя 2008-2014 жылдары Қаратау қаласында лицейде оқып, алғашқы білім баспалдағын сонда қалаған, ал 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Айша бибі атындағы дарынды қыз-балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатында білімін әрі қарай жалғастыруда.
   Әкесі Сейдалиев Рашид – КМ КҚМ «Игілік» бас директоры, анасы Сейдалиева Ляззат – «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі. Інісі Мәдібек Мәди – 6-сынып оқушысы. Шымкент қаласында «Биік» футбол академиясының тәрбиеленушісі.
  Біртіндеп, спорт саңлағына айналып келе жатқан спортшы қыз келешекте «қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі» бойынша білім алып, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, ҚР туризм саласын дамытып, инвесторлар тартуды мақсат етеді. Біліктілігі мен тәжірибесін шыңдай отырып, келешек кемерінде үлкен бір корпорацияға басшылық жасауды көздейді.
   Сондай-ақ, каратэ үйірмесінде денесін шынықтырып, қалааралық, республикалық сайыстарда І орынға ие болды.
   Спорт пен білім додасында шыңдалған жас республикалық байқауда шығармашылық жұмысы сәтті шығып, жүлделі ІІ орынға табан тіреді. География пәні бойынша жоғары көрсеткішке жетіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды.
   2018 жылы Астана қаласында Шито-рю каратэден Қазақстан Республикасының чемпионатында «Кумитэ» бағдарламасы бойынша 16-17 жас аралығында 53 кг салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алды.
    2017 жылы дүниежүзілік Шотокан Федерациясы ұйымдастырған додада «Шобу-иппон» дәрежесінде 54 кг салмақта ІІ орын, кумитэ командасында өнер көрсетіп, І орын иегері атанды. Қазақстан Ұлттық каратэ-до Шотакан Федерациясы ұйымдастырған жасөспірім қыздар арасындағы сайыста ІІ орынға шықты. Мектеп және колледж оқушылары арасында республикалық турнирде каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер арасында 16-17 жас аралығында 48 кг салмақта І орын, облыстық турнирде жүлделі ІІІ орынға ие болуы – оның спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
  Жамбыл облысының ІХ спартакиадасында ІІІ орын, чемпионатында ІІ орын алған. Түркияның Стамбул қаласында өткен «World shotakan championships» әлем чемпионатында ІІІ орынды жеңіп алды. 2018 жылдың 16 желтоқсанында Мәскеу қаласында өткен дүниежүзілік кубокта каратэден І орын иеленді.
   Жалғастыра берсек, тізіп тауыса алмайтын спортшы қыз қыздың жетістігі көп. Ол шетелде білім алып, ІТ-технология саласында өз қолтаңбасы бар тұлға болуды армандайды.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}