Мадибек Мади

Рейтинг:
    Жасыл алаңда ала допты серік еткен Мәдібек Мәди Рашидұлының болмысы – спортқа бейім. Жас та, кәрі де көгілдір экран арқылы алаңнан көз айырмай, түн ұйқысын қиып көретін спорт түріне қызығушылығы оянған Мәдиді сол ынтызарлығы алаңға алып келгені рас.
    Доп пен алаң, спорт қазірдің өзінде өмірінің бір бөлшегіне айналған жас футболист 2006 жылы маусымның бірінші жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келді. Әкесі Сейдалиев Рашид Мәдібекұлы – Қаратау қаласында «Игілік» КМК мекемесінде директор қыз-метін атқарады. Ақ жаулығын кір шалмаған анасы Сейдалиева Ләззат Дәулетқызы – «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі. Үлгілі әке, аяулы анасынан бүкіл өміріне жетер рухани азық алып, ата-ана махаббатына бөленіп өсіп келеді.
    Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшаков, Евгений Яровенко сияқты атақты футболшыларға арналған халықаралық турнирде ең үздік ойыншы, шабуылшы атағына ие болған Мәдидің ортасында абыройы биік, кәсіпке бағытталған жолы мәртебелі.
    2012 жылы Қаратау қаласында орналасқан лицей-мектебінде оқыған алаң жүйрігі әр ойын алдында желмен жарысқан құйындай қобалжыса да, әрбір ойынға аса қатты мән береді. Футболдан жаттықтырушыларының үмітін ақтап, жеңіс тұғырында, байрақты бәсекелерде елінің, командасының рухын асқақ етіп, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысады. Осы бір талапшылдығы спортқа әуестігін одан әрі арттырып, 2013 жылы футболмен кәсіби түрде айналысуға әкелген болатын.
    Алаңда алдындағы әрбір шәкіртіне Қазақстан болашағы, әлемдік аренада ел туын көкке самғатар чемпион ретінде қарайтын ұстазы әрі жаттықтырушысы Абдуллаев Бағдат ағайынан футболдың қыр-сырын үйреніп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дегенді берік ұстанған Мәди футболдағы берік ұстанымын жасөспірім шағында қалап қойған болатын. Ешқандай қиындыққа қарамастан, жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат еткен. Жетістікті ерттеп мінуге талпынған жеткіншектің талабы таудай. Футбол әлемінде биік деңгейге көтеріліп, әлемге әйгілі болған танымал футбол жұлдызы Криштиану Роналду секілді «Алтын доп» иегері атануды қалайды.
    2017 жылы Тараз қаласындағы футбол орталығына шақырылып, командамен республикалық жарыста ІІ орынға табан тіреді. Тынбай еңбектенуі мен үздіксіз жаттығудың нәтижесінде Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» футбол академиясына қабылданды. Қазіргі уақытта осы футбол академиясында жаттығып, орта мектепте білім алады.
    Өмірдегі ең қымбат қазына – білім болса, спорт – денсаулық кепілі. Осындай құнды асыл қазыналарды жанына серік еткен Мәди Рашидұлының осы спорт түрінің майталман шебері атанып, байрағымызды биікте желбірететініне сенімдіміз.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}