«Халқының сақтай білген ізгі салтын» деген жылы сөзге лайық инабатты да, ибалы мінезді Асылхан Інжу Асхатқызы – өте ақылды жеткіншек. Қазақ қыздарына тән бекзадалықты бойына сіңіріп, өсудегі талабы таудай Інжу 2009 жылы 20 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді.
Ақ жауыны таза самал желімен әрбір жанға тазалық сыйлайтын сұлу Алматының ойы жүйрік ақмаңдайлысы, ынтасы мол Қазақстан болашағы.
Маржан тастай көп ішінде жарқырап, топ алдында дараланатын Інжу 2011 жылы Алматы қаласында №12 балабақшаға барса, 2015 жылы Ақтау қаласының №2 орта мектебіне барды.
«Талап қыл артық білуге» деген Абайдың сөзін ұстанып, білім жолында ізденіс бағытынан таймайтын Інжу 1-4 сынып аралығында өте жақсы оқығаны үшін жыл қорытындысы бойынша мақтау қағазымен марапатталып келеді.
2016 жылы 1-сыныпта қалалық «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі «Рахмет, анашым!» шығарма байқауында ІІІ орын алғаны үшін дипломға ие болды.![]()
2017 жылы «Шахмат – менің әлемім!» атты І қалалық турнирінде шеберлік көрсеткені үшін диплом еншілеген Інжудің бұдан да басқа жетістіктері жетерлік. Қай жарысқа қатысса да жігерін жасытпай үздік болуға тырысады. Себебі ол, өскенде шәкірттеріне үлгі болатын ұлағатты ұстаз атануды армандайды.
«Бір жыл әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деп ұстазды құрметтейтін ұлы халықтың қызы қазіргі таңда көз алдындаа жүрген ағай-апайларының ізімен ұстаз болуда ең әуелі білімді болу маңызды деген ойда. Сондықтанда әр күн сайын алдына нақты мақсат қойып, білгісі келген дүниесін тереңірек зерттейді, ізденеді, көп кітап оқиды. Шығармашылық әлеуетін арттыруға көңіл бөледі.
Тіпті, гимнастика, каратэ секілді салауаттылық пен шымырлылыққа, дене сымбаттылығына баулитын спорт түрлерімен айналысады.
Одан қала берді ақ қағаз бетіне сан алуан бояу түсіріп, сурет салады. Қиялымен көк тіреп, ойын қағаз бетіне түсіреді. Міне, осындай ізденімпаз өрен мектебінде сыныбының үздігі болса, отбасында ата-анасының үміт еткен көзінің нұры, олардың қолғанаты.
Әдеппен сөйлеп, әдемі күлетін биязы Інжу жанұясында әкесінің айы мен күні.
Әкесі Жилкишбаев Асхат Асылханұлы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Қашықтықтан оқыту орталығының» бастығы. Ұжымды берекелі бірлікке түйістіріп отырған ардақты азамат.
Алақанының жылуы балаларын бақытқа бөлейтін анасы Жилкишбаева Гульназ Сейтбекқызы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы. Осындай зиялы да білімді кісілердің тұңғышы өзінен кейінгі Ілияс інісіне ақылшы әпке. Ақтаудағы №2 орта мектепте оқитын бауырына білгенін үйретуді әпкелік парызы деп есептейді.
Бала жасына қарамастан ойы терең, болмысы дара Інжу атына заты сай болып, келешекте өмірдің бақытты шақтарының куәгері атанып, гауһар тастай айналасына шуағын шашар тұлға болары анық.
Тек әр қадамыңа сәттілік серік болғай, Інжу Асхатқызы!