![]()
«СПОРТТЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА»
Спорттың каратэ түрімен айналысып, бүгінгі күні жасыл жолағы бар сары белбеу иегері Ғалымжанұлы Ерасылдың межелі мақсаттарының бірі – қара белбеу иегері атану. Сол жолда табысты еңбек етуде. Білім мен спортты қатар алып, жетістіктер туын жоғары көтеріп жүрген ұлан 2008 жылы 10 қыркүйекте Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылында өмір есігін ашты. Алғашқы танымдық көзқарасы Қабанбай батыр ауылындағы «Балауса» балабақшасында қалыптасқан. Спорттың даңғыл жолы
![]()
нда, жетістіктің айдынында еркін жүзген Нуриден Ерасыл – Нұр-Сұлтан қаласындағы №78 мектеп-гимназиясының дарынды шәкірті. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп ұғынатын шаңырақтағы даналық пен байсалдылықтың иелері: атасы Нарбайұлы Нуриден мен асыл әжесі Надежда Биржанқызы немерелерінің қуанышы мен ыстық ықыласына бөленіп отырған бүгінгі қадірлі зейнеткер жандар. Отбасының қамқоры әкесі Нарбаев Ғалымжан – КазМедиа орталығы, «Хабар» арнасының білікті заңгері. Жанұясының ұйытқысы, аяулы анасы Нарбаева Назгүл – тарих пәнінің жетік маманы, білікті ұстаз. Қарындасы Нуриден Інжу мен інісі Нуриден Бекарыс – №78 мектеп-гимназиясының белсенді шәкірттері болса, кенже інісі Ғалымжанұлы Асанәлі – «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушісі. Білім мен спортты құстың қос қанатына балайтын дарынды оқушы сан алуан марапаттардың жеңімпазы.
Жетістігі: Әр жыл сайын «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағазының иегері; Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен Халықаралық Қашықтық Олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; ІІІ бүкілресейлік «Математика 1-класс» қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері (2014-2015 жылдары); «Жүзден жүйрік» жобасы «Шамшырақ» байқауының І орын жеңімпазы; «Шытырман» сайысында Үздік деп танылып, үздік өнері үшін арнайы Диплом иегері; NaIanda-2017 білім конкурсының ағылшын тілі – ІІІ орын, математика –ІІ орын, қазақ тілі пәні бойынша – Іорын жеңімпазы; «Шын-Олимп» ЖШС математика пәні бойынша сертификаты. Спорттық бағытта: Тәуелсіздік күніне арналған каратэ-до Кекушинкай турнирінің ІІІ орын Грамотасы; Қалалық турнирдің каратэ-до жарысында ІІІ орын жүлдегері; «Жеңіс» ауыл клубы ұйымдастырған каратэ-до турнирінің І орын Мадақтамасы; Нұр-Сұлтан қаласында өткен каратэ-до чемпионатының жүлделі І орын Дипломы; «Эдэм» кубогінің І дәрежелі жеңімпазы; Нұр-Сұлтан қаласы чемпионатында ІІІ орын грамотасы; Жаңаөзен қаласында өткен Қазақстан чемпионатында ІІІ орын Марапаты мен қола медаль иегері. 5-КЮ дәрежелі сертификатын иеленген жас спортшы.
Сүйікті ісі: Спортпен айналысып, кітап оқиды. Ата-әжесіне жиі барып тұру.
Арманы:Қазақ елінің озық ойлы азаматы болып, әке салған ізбенен білікті, кәсіби заңгер атану
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]