Симатова СамираНурмугомбетқызы – «Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» деген ұстанымдағы тәрбиелі, білімді, дарынды жас. Білуге, білімге құштар өрелі өрен Самира 2009 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келді. Тумысынан өнерге, шығармашылық қабілетке икемделді. Оның талантын ұштап, қолдау білдіріп отыратын жарастығы келіскен отбасы, ізгі ниетті жақындары бар. «Қызым – қырмызы гүлім» деп бағалайтын әкесі Симатов Нурмугомбет Имарджанұлы мен қыздарына бойындағы ибалықты, әдептілікті үлгі етіп келе жатқан анасы Симатова Сида Аркенқызы – жарасымды жұп, шапағаты мол жандар. Ардақты әкесі Симатов Нурмугомбет Имарджанұлы – жеке кәсіпкер. Аяулы анасы Симатова Сида Аркенқызы – «Керуен-Медикус» мекемесінде терапевт-дәрігер қызметінде. Самираның ізінен ерген Адылжан есімді інісі бар, ол – А.Розыбакиев атындағы №153 мектептің оқушысы. Қиялы ұшқыр, арманы асқақ ару Самира шығармашылыққа жақын. Талапты, дарынды Самира қазіргі кезде А.Розыбакиев атындағы №153 мектепте 7-сыныпта білім көкжиегін бағындыруда.
Жетістігі: Симатова Самира – 1-6 сыныптарды Мақтау
![]()
қағазымен бітірген оқу үздігі. 2015 жылы «Қазақ тілі апталығы» және «Инфоурок» жобасы бойынша ІІ орын алған жүлдегер. 2016 жылы мектепшілік ғылыми жобалар сайысының ІІ орын иегері. 2017 жылы «Я – исследователь» мектепішілік зияткерлік конкурсының ІІ орын жүлдегері атанды. «IQ» Интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен Республика оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Құстар – біздің досымыз» атты байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат иемденді. ҚР-ның Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырған «Білім кілті кітапта» атты білімділер байқауында «Рухани жаңғырудың» үздік үлгісін үздік туынды арқылы көрсеткені үшін ІІ орын жүлдегері. 2017 жылы «Білім мен педагогикалық ғылымды дамытудың Халықаралық академиясы» ұйымдастырған І Халықаралық көктемгі шығармашылық конкурстың І орын жеңімпазы. 2018 жылы «Сhocolates in our life» номинациясы бойынша ІІІ орын алып, The competition of poems from «UNESKO» қатысушысы атанды. Ағылшын тілінен «ELEMENTARY 2. GRADE A» біліктілік курсын бітірді. «English is fan» интелектуалдық ойынының қатысушысы Сертификаты иегері. Білімпаз шәкірт 2018 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен, «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастырумен «Жүсіп Баласағұннын туғанына 1000 жыл» толуына орай оқушылар арасында қазақ тілі пәні бойынша қашықтықтан өткен Республикалық олимпиадаға қатысып ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін жүлделі І орынды иемденіп, мерейі үстем болды. 2019 жылы Республикалық «Жүзден жүйрік» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың «Ұстаз – мектептің жүрегі» номинациясында үздік бағалауға ие болған. «Алтын күз» байқауынан және «Яша яшниғин Астана» сурет көрмесінен ІІІ орындарды иемденген. 2013 жылы 30 минут 21 секунд нәтижесімен 25 метр қашықтықтан өткен жарыста СКДЮСТШ №5 Чемпионатында суда жүзуден жүлделі ІІІ орын алса, сыныпаралық дойбыдан өткен жарыста тағы да ІІІ орынға табан тіреді. Ғылыми жобаларға 3 жыл қатарынан қатысуда.
Сүйікті ісі: Сурет салу, кітап оқу. Ән мен би өнерімен қатар спорттық ойындарды ойнауды, суда жүзуді, дойбы ойнауды ұнатады.
Арманы: Өзі армандаған оқу орнына грант негізінде түсіп, дәрігер мамандығының майталман шебері болу. Жақындарына, айналасына үнемі қуаныш сыйлау.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]