![]()
«АТА-АНАМА КӨМЕКТЕСУ – МЕН ҮШІН БАҚЫТ»
Қолына алған істе нәтижеге жетпей тыным таппайтын, әркез алдына мақсат қоя білетін Темірлан Жанболатұлы 2012 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келді. Асыл қасиеттерге ие талантты спортшы – бүгінде №38 орта мектебінің 2-сынып оқушысы. Қазіргі таңда үлгілі, берекелі, көп балалы отбасында балалығын өткізіп, кеудесі ақылдың жақұт-маржанына толы атасы Дайыр мен қамқор әжесі Ғалияның, ардақты әкесі Жанболат пен анасы Бақытгүлдің өнегелі тәрбиесін көріп келеді. Бақыттың ақ
![]()
көгершіні шаңырағына қонақтаған әулетте Әсел, Анель, Іңкәр, Батырлан есімді бауырларымен бірге арманға қол созып келеді. Шаңырақта ұлдың үлкені болған соң жақындарына уақыт бөліп, ата-анасына қамқорлық танытуға тырысатын спортшы ізінен ерген бауырларына әркез ақылын айтып, көмектесіп отырады. Қандай спорттық жарысқа барса да, сайыс алдында ата-анасының ақ батасын алып барып бәсекеге түседі. Тек спортта ғана емес Темірлан сабақта да озат оқушылар қатарында. Сыныпішілік, мектепішілік өткізілген пән олимпиадалары мен интернет арқылы өткізілген интеллектуалдық сайыстарда жеңіске жетіп, спорттық іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып келеді. Жауапкершілігі мол, жолдастары арасында беделі биік, досқа деген сертіне адал, уәдеге берік оқушы. Жас болса да жетістіктерге жетіп жүрген спортшыға ата-анасы мен ұстаздары, жолдастары, жаттықтырушылары үлкен үмітпен қарайды. Елім деп туған өрелі өрен Темірланның әлі де биіктерден көрініп, жетістік шыңына жетері сөзсіз.
Жетістігі: Атырау қаласында жекпе-жек сайысынан балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткізілген сайысынан Қазақстан Республикасының чемпионатында облыстық іріктеу турнирінде 6-7 жас арасында +18 кг салмақта І орын алған жеңімпаз. Жастар жылына орай джиу-джитсудан өткізілген Атырау қаласының Ашық чемпионатында 6-7 жас аралығында «Файтинг» бөлімі бойынша +18 кг салмақта І орын жүлдегері. Джиу-джитсудан Тәуелсіздік күніне орай жасөспірім ұл-қыздар арасында ұйымдастырылған Атырау қаласының Ашық чемпионатында 5-7 жас аралығында +18 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды иемденді. «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен джиу-джитсудан жас жеткіншек, жасөспірім ұл-қыздар арасында өткізілген Атырау қаласының Ашық чемпионатынан 5-7 жас аралығында +18 кг салмақ дәрежесінде І орын иегері атанды. Халықаралық Nur-Sultan Jiu-Jitsu GRAND PRIX 8-9 жас балалар арасында өткен турнирден ІІІ орын алды.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, ата-анасына қолғабыс ету, музыка тыңдау.
Арманы: Спорт саласында жеңіске жету, Олимп шыңдарын бағындыру. Ұлы Қазақ Елінің гүлденуі мен көркеюіне өз үлесін қосу.
![]()
![]()
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]