
«ҒЫЛЫМНЫҢ КІЛТІ – БІЛІМДЕ»
Есеп шығарудың өзіндік жолын тауып, компьютердің

тілін толық түсініп, еркін меңгеріп, көшбасшылық қабілеті бойында найзағайдай жарқылдап тұрған қабілетті жас Арлан Даниярұлы 2011 жылдың 18 шілдесінде байлығы мол, берекелі өңір Атырау қаласында дүниеге келді. Ұстаздарының нұсқауымен бойындағы қабілетімен ғылымға бет бұрып математика ілімінің тереңіне бойлайтын оқушы «Бәйтерек» балабақшасында тәрбиеленді. Жас математик – №36 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы. Әкесі Бурамбаев Данияр адалдықты ұстанып, адамгершілікке баулыса, алтын жүректі анасы Жұбаназарова Арайлым – баласының тілеуін тілеп, шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған аяулы ана. Арланның ізінен ерген Амир есімді інісі бар. Алғыр шәкірт – сыныпішілік, мектепішілік өткізілген сайыстар мен пән олимпиадалардың жеңімпазы. Мінезі ашық, елгезек, досқа адал оқушы – сынып мақтанышы. Үлкенге құрметі бөлек, кішіге ізеті ерекше Арлан үлгі алуға тұрарлық бала. Ғылымдардың атасы атанған математика сабағын жақсы оқып, есептің шешілуінің бірнеше жолын тауып, мұғалімдерінен алғыс арқалап келеді. Сабақтан тыс уақыттары үй шаруасына да көмектесіп, ата-анасының көз қуанышына айналып үлгерді. Салауатты өмір салтын ұстанатын Арлан Атырау қаласындағы Олимпиадалық резервті дайындау орталығында еркін күрес үйірмесіне қатысады.
Күрестен жазда өтетін жарысқа дайындалуда.
Үлкен жетістіктерге жетудің жолы ізденіс пен көп еңбекте жатқанын білетін Арлан талаптың тұлпарын тақымға қысып, оқу-б

ілім айдынында құлаштай жүзіп, алға адымдап келе жатқан талантты жастың қазақ ғылымының өркендеуіне өз үлесін қосар азамат болып шығуына сенім білдіреміз.
Жетістігі: 2017 жылы «Бәйтерек» балабақшасында 2016-2017 оқу жылын мектепалды даярлық тобын үздік оқығаны үшін Мадақтама және
«Болашақ – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен «Бәйтерек» балабақшасында спорттық интеллектуалды эстафета ойынынан Мадақтама иемденді.
2018 жылы Алматы қаласында
www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы Республикалық шығармашылық байқаудан «Алтын күз» номинациясы бойынша үздік деп танылып, II орынды жеңіп алды. «IQ» Интеллекті дамыту орталығының 2018 жылдың қаңтар айында ұйымдастырған «Көркем жазу» атты білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туынды арқылы көрсеткені үшін жүлделі III орынға ие болды.
Білім алушылардың шығармашылық әрекетін, көркемдік дағдыларын дамыту мақсатында №36 мектеп-гимназиясының Бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында ұйымдастырылған қолөнер байқауында сәндік қолөнерімен ерекшеленгені үшін II дәрежелі Диплом иемденіп, марапаттарын еселей түсті.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу және қағаздан қиып түрлі жапсырмалар жасау.
Арманы: Жоғары білім алу, есепші болу.





