![]()
«РУХЫ БИІК, БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ДАРАБОЗ»
Оның боксқа деген құштарлығы ерекше. Ұлы Қазақ Елінің көк туын әлемнің шаршы алаңында желбіретіп, елдің еңсесін көтерген Олимпиада чемпиондары, былғары қолғап шеберлері Ермахан, Бекзат ағаларының салып кеткен сара жолының жалғасы боламын деген үлкен арман бесігінде тербеледі. Отты ақын М.Шаханов жырларында айтылған «Рухы – өр, Тәні – бекем, Бұл бір қайсар халық екен…» дейтін ойдың жетегінде «Жасампаз қазақ» атын аспандатқан жемісті сайыстардың аренасында ептілігі, қырағылығымен танылып жүрген жас сайыпқыран өреннің қатарында Таубай Азамат та атына сай азаматтық тұлғасымен ержетіп келеді.
«Ер жігіт – жанұясының тірегі, елінің қорғаны. Сондықтан намысыңа берік бол.
![]()
Досыңа адал, дұшпаныңа қатты бол. Дос-бауырды жақын тұт. Аманатқа қиянат жасама. Арлы болсаң бақыт та, дос та өзі саған келеді. Ырыс-несібесінің бастауы – адамгершілік болмысыңнан басталады» деп ұлына үнемі ұлағатты ақылын айтып отыратын әкесі Доқтырбай Оңғарбайұлы – сөзіне берік, ісіне адал жан. Әкесінің әрбір ісі – ұлына үлгі, тағылымды тәрбие есігі. Атқан таңдай арайлы, мейірімі шуақты, аяулы анасы Гүльзира Наиджанқызы – өте мейірбан жан. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетіп отырған анасы ұрпақ жалғастығы болып отырған ұландарының намысты жігіт, ермінезді азамат болып қалыптасарына сенімді. Спорттың аламанында алдыңғы қатардан көрініп жүрген Таубай Азамат 2007 жылы 9 тамызда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кентінде дүниеге келген.
Жетістігі: Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығы, Маңғыстау облысының және Қарақия ауданының құрылғанына 45 жыл» толуына орай «Көктемгі каникул – 2018» жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасындағы БЖСМ-нің Ашық біріншілігінде І дәрежелі Диплом жеңімпазы.
Бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер расында «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне» арналған облыстық турнирдің ІІІ орын Диплом жүлдегері. «Болашақққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті және 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай бокстан 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында БЖСМ-нің біріншілігінде ІІ орын Диплом иегері. Футболдан 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы аудандық «СОСА СОLA-Былғары доп – 2017» біріншілігінде ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері.
Сүйікті ісі: Спортпен айналысу. Таза ауада отбасымен, достарымен демалу.
Арманы: Ұлы Қазақ Елінің көк байрағын жеңіс аспанында, әлем елдерінің аренасында желбірету.
![]()