Жастар Дастан

Рейтинг:

«АРМАНЫМ – Б. ИСЛАМХАН СИЯҚТЫ КӘСІБИ ФУТБОЛШЫ БОЛУ»
 
      Жасыл алаңда құйындай жүйткіп келіп тепкенде аяғындағы добы қарсыластың қақпасында тулап жататын талантты футболшы Дастан Ғалымбекұлы Алматы қаласында 2006 жылдың 9 қарашасында өмірге келді. Аяғына тиген ала допты қақпақыл қылып ойнататын спортшының бойындағы таланты, кішкентай кезінде аулада доп тебу кезінде ашыла бастады. Жасыл алаңда өзін еркін сезініп, былғары допты ырқына көндіре білген Дастан – футбол ойнау мәнері ерекше дарынды жас. Спорт әлеміне қадам басқан Дастан Алматы қаласындағы №178 балабақшасында тәрбиеленіп, №173 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. Оқуда да, спортта да ерекше қабілетімен көзге түсіп, көптің қошеметіне бөленген жас – бүгінде  №119 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушысы. 
      «Алғаш рет үлкен алаңға жаттығуға келген кездегі баламның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол расында да өзінің дәл осындай алаңда  футбол ойнауға келгеніне сенбей көзін жұмып алып, іштей арманға батып тұрып қалды. Мен үшін баламның дәл осындай сәті, болашақта үлкен спортшы болатынына нық сезім ұялатты. Шүкір, Дастан болашақта үлкен шетел алаңдарында Қазақстанның туын жоғары көтеріп, еліміздің атын шығаруға үлес қосатынына сенімім мол.  Бала кезінен футболға қызығушылық  танытып, есіктін алдында достарымен ауа-райының суықтығына қарамай доп теуіп ойнағанды жақсы көретін. «Доп алып берші, футболдағы Роналданың   формасын алып берші», – деп көп сұранатын. Алғашқы сатып алған Реал Мадридтің ақ формасын далаға мақтанып киіп шыққанда, нағашы көкесі Бақытжан бойындағы қуанышын көріп, дереу Нархоз жанындағы «Арсенал» футбол клубына жаздырып келді. Дастан баламыздың алғаш үлкен футбол алаңын көріп, көзінде қуаныш пен қорқыныштың бірдей болғанын  байқаған көкесі іштей қуанып еді. Алғашқы қойған сұрағы: «Бақытжан көке мен осы үлкен алаңда ойнаймын ба?». Міне, сол сәттен бастап, үй-ішімізбен футболға деген қызығушылығымыз артып, аса көңіл бөлетін болдық. Нағашы атасы Еркінбек Дастанның жарыстарына бірге барып, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Футболға деген қызығушылығының арқасында демалыс күндері, каникул кезінде ұйықтамай таңғы 7-ден тұрып жаттығуға баруға асығады», – деп жүрекжарды сезімін білдірген аялы анасы Меруерт Еркинбековна. Әрдайым қолдап, арқасынан қағып, адалдық пен адамгершілікке баулып жүрген асқар тау әкесі Қанайбеков Ғалымбек – жеке кәсіпкер. Әкесі әр демалыс сайын Медеу, Көктөбе, Қаскелең тауларына жиі апарады. Дастан спортта ғана емес, өмірде де өнегелі, жігіттің төресі, алтын жүректі ұлға құрмет көрсетпеу мүмкін емес. 
      Жетістігі: Үздік оқығаны үшін Мақтау қағазы, «Агоритмика» Халықаралық мектебінен мультфильм мен компьютерлік ойындарды программалағаны үшін Диплом иегері. Шет тіліне қызығушылық танытып, қосымша сабақтан тыс курстарға қатысып, оларды үздік аяқтағаны туралы куәліктерге ие Дастанның спорт саласындағы жетістіктері де аз емес. «PFL Junior – 2018» күзгі чемпионатында І дәрежелі Диплом, Халықаралық «Море футбола – Новруз» турнирінен І орын, «Galatasaray Family» турнирінде І орынды иемденді. «ҚР-ның спорт күніне» орай ұйымдастырылған турнирде Диплом, «Балаларды қорғау күніне» орай өткен турнирден І дәрежелі Дипломға ие болды. И.Қалижанның құрметіне орай футболдан өткен турнирден ІІІ орын иегері.Бүгінгі күнде 30 шақты медаль, Грамоталары бар, «Лучший игрок», «Лучший полузащитник» деген  кубоктарға ие Дастан – қазақ  футболының жарқын болашағы.
      Сүйікті ісі: Футбол ойнау, достарымен бас қосу, таза ауада серуендеу.
      Арманы: Спорт әлемінің жарық жұлдызы, танымал тұлғаға айналу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Меруерт- 11 июня 2020 13:00
Жолың әр қашан ашық болсын! Армандарың орындалсын!

Жанат- 11 июня 2020 13:02
СУПЕР молодец успехов во всем!!!

{lang_lastnews}