Ержанова Аяулым

Рейтинг:
 
     Ержанова Аяулым Құрманғазықызы 2005 жылы 13 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келді. Қаламының желі бар ақынжанды Аяулым «Ақбота» балабақшасының түлегі. Табиғат берген талантының арқасында жазған өлеңдері оқырман жүрегіне жеткен өнерлі жас Сырым Датұлы атындағы №26 орта мектебінің 9 «В» сынып оқушы-сы. Тәлім-тәрбиесінің бастауын «ҚайнарМұнайГаз» компаниясында қызмет ететін атасы Янгибаев Төлеген мен батыр Ана «Алтын алқа» иегері әжесі Кустова Артықтан алған Аяулым сыныптың ғана емес, бір мектептің мақтанышы. Әкесі Янгибаев Құрманғазы «ACG» ЖШС мұнай компаниясында жұмыс жасаса, анасы Айтжанова Сұлушаш әулеттің береке-бірлігін кіргізіп отырған аяулы ана. Дзюдо спортынан түрлі сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген Аяулымның аға-әпкелері, іні-сіңілілері бар. «Сырлы қалам» деп аталатын тырнақалды туындысын жарыққа шығарып, қазақ әдебиетіне аяқ салған талантты қыздың болашағы жарқын, келешегі кемел.
      Жетістіктері: Тілдер күні қарсаңында өткен мектепішілік «Ана тілім – тұғырым, ұзақ болсын ғұмырың!» атты апталықта ерекше қабілетімен көзге түскені үшін Алғыс хат; Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген сайыстан «Шығармашылық бағыт, өлең» номинациясы бойынша I орын; 2018 жылы Ақтау қаласында өткізілген дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігінен II орын; Бас-тауыш сынып оқушылары арасында өт-кен математика олимпиадасынан I дәрежелі диплом; Республикалық олим-пиаданың II кезеңінде Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша I дәрежелі диплом; «IQ Center» Интеллекті дамыту орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты шығармашылық байқауынан III орын; «Ақ бота» интел-лектуалдық марафонынан Сертификат; «Кенгуру – математика для всех 2019» Халықаралық интеллектуалдық байқауынан Сертификат; «Ақ бота» интеллектуалдық марафонынан II орын; «Русский медвежонок – языкознание для всех» Халықаралық байқауынан Сертификат иемденген.
      Сүйікті ісі: кітап оқу, гүл өсіру, түрлі тағамдар әзірлеу.
      Арманы: жоғары білім алып, білікті маман атану.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}