Сапарбек Нурбахыт

Рейтинг:


     Өмір арнасында талантымен танылып, қияға қанат қағатын Қазақстандай байтақ мемлекеттің барша ұландары биік белестерді бағындыруға лайық. Ата-анадан тәлімді тәрбие, ұлағатты   ұстаздардан білім алған жас өрендер болашақта ел тізгінін ұстап, мемлекеттің  әлеуетін көтеруге үлес қосқысы келеді.
     «Қазақ баласын арман өсірген. Қазақтың баласын тәуекел пісірген. Қазақтың баласын еңбек қатарға қосқан. Осы үшеуі болса, талай биіктерге шығармыз», – дейді Әбіш Кекілбаев. Осы бір үш қасиетті қатар ұстап жүру үшін, қаншама  қажыр-қайрат қажет. Осы үш қасиеттің  бәрі өн бойынан табылғандықтан болар, оның алдына қойған мақсаты  межелі. Ұлтын сүйетін  ұлан Сапарбек Нұрбахыт 2010 жылы 1 наурызда  тарихы терең жасыл желекті өлке Алматы облысына қарасты Талдықорған қаласында жылуы мол қарапайым отбасында  өмірге келді.
      Француз ойшылы Жан де Лабрюйер: «Мақсатқа жетуге ұмтылушы адамдардың көбі таңдап алған жолымен танбай жүріп отырудың орнына, көбінесе, бір-ақ рет қатты қайраттанып қалуға бейім келеді. Жалқаулық пен тұрақсыздықтың салдарынан олар өздерінің ең жақсы бастамаларының жемістерінен айырылып қалады», – деген екен. Осы жолда аянбай еңбек етуді мақсат еткен  Сапарбек Нұрбахыт – ерік-жігері мол өрен.
     Атам қазақ: «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп бекер айтпаса керек-ті. Дәл осы сөз «Әке көрген оқ жонар» деген сөздің мағынасын терең түсінетін Нұрбахыт Сапарбекұлына  арналғандай.  «Жақсыдан жақсы туады» дегендей, тәрбиелі өрен – жақсы әкеден тараған текті ұрпақ. Болашақта еліне пайдалы азамат болуды көздейтін қазақ ұланы зиялы, перзентінің бақыты үшін еңбек ететін ата-анасын үлгі тұтады.
   «Бала тәрбиесінің ең маңыздысы – жас ұрпақты еңбекке баулу. Еңбекқор жас қана өмірде үлкен азамат болады», – дейді әйгілі қазақ жазушысы Ә.Нұршайықов. Адамгершілігі мол, сөзге берік, ұстанымы жоғары, еңбексүйгіш әкесі – әскери қызметтегі  абыройлы азамат, отбасының ұйтқысы мен тірегі. Жүрегі дархан, жаны таза, көңілі көркем, шуағы мол, ізгі ниетті мейірбан анасы – адалдық пен ізгіліктің ақ жолынан айнымайтын ұлағаты мол жан жеке кәсібін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер қатарында. «Өзін тәрбиелей білмеген өзгеге үлгі бола алмайды». Бұл – қанатты сөз Нұрбахыттың ардақты ата-атасының үнемі айтып отыратын өсиеті.
      Толыққанды отбасында ата-анасының жан жылуы мен сүйіспеншілігіне бөленіп ержетіп келе жатқан Нұрбахыт – отбасының  ақ үміті мен сенімі. Алдына үлгі тұтар жанашыр, мейірбан   апасы мен әпкесі бар. Әпкесі Талдықорған қаласындағы №5 мектеп-лицейдің  9-сыныбында оқиды. Бауырмал, көпшіл ұлан ізінен ерген бауырларына қамқорлық танытып, жақсы үлгі-өнеге көрсетуде. Оның ізінен ерген қарындасы ақ жүрек, кең пейіл ағасы Нұрбахытты  жақсы көреді. Сүйкімді қарындасы – №11 «Құлыншақ»  балабақшасының тәрбиеленушісі.
      Жасынан алғыр, зерек балдырған отбасының тәлімді тәрбиесінен кейін туған қаласындағы «Асми» балабақшасына қабылданып, тәрбиеленушілер қатарына қосылды. Балабақшада өтетін ертеңгіліктер мен тәрбие сағаттарында айтылатын ақыл-кеңестерді бойына сіңіріп, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға бейімделді.
    Бал балалықтың бір белесі артта қалып, білім алар шаққа келіп жеткен кекілді ұл Нұрбахыт 1-3 сынып аралығында «Интеллект» балалар шағын орталығының табалдырығын білімге деген зор ықыласпен аттап, менталды арифметика   бойынша білім әлемінің есігін айқара ашты.
    «Жаста оқыған білімің тасқа жазғанмен бірдей» дегенді өмірлік ұстанымына айналдырған, өзін рухани-ғылыми-мәдени қырынан жетілдіріп отыруға тырысатын өрелі өрен Сапарбек Нұрбахыт 2016 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы беделді білім ордасы саналатын №19 мектеп-гимназиясына оқуға қабылданып, аталмыш білім ошағының білікті мамандарынан сапалы білім алуға ден қойды.
    «Тәлімді тәрбие мен терең білімім – жетістікке жетудің басты қағидасы» деп есептейтін   зерек ойлы шәкірт жан-жақты білім алуға құштар. Білім көкжиегін біртіндеп бағындырып жүрген талапты шәкірт Сапарбек Нұрбахыт – заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруге ден қойғандардың бірі.
    «Шынықсаң, шымыр боларсың» деген қағиданы берік ұстанатын ұлағатты ұлан оқу мен спортты қатар алып жүруді мақсат еткен ұландар қатарында. «Спорт – денсаулық кепілі» дегенмен келісетін талапшыл жеткіншек жастайынан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады. Жігерлі, жаңашыл өрен Нұрбақыт – «Атамекен» балалар спорт кешенінде жүзу спортының  тұрақты қатысушысы.
     «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Менің арманым – бастауышты ойдағыдай бітіріп, Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға қабылдану. Кемел келешегімде сапалы жоғары білім алып, тіл маманы, аудармашы және ІТ мамандықтарын меңгеру, жан-жақты жетілген білікті азамат болу», – дейді арманы жайлы қабілетті жас өз жазбасында.
     Бос уақытында білімін жетілдіру үшін ғаламтордан ғылым мен техника жаңалықтарын зерделейтін ізденімпаз шәкірт достарымен бірге жасыл алаңда ала допты қуалап, табиғат аясында демалғанды, әуезді музыка тыңдауды ұнатады. Отбасы мүшелеріне қолынан келгенше көмектесуді өзінің парызы санайтын өрелі жас болашақта ата-анасы мақтан тұтатындай игілікті іс жасауды жоспарлаған.
    Алдағы уақытта алтын ұя мектебін ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, белгілі бір кәсіптің майталман маманы атанып, көпшілік көңілінен шығар жастардың қатарынан көрінгісі келеді. Заман ағымын сезініп, Ұлы Қазақ Елінің кемел келешегі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуге даяр жалынды, заманауи жастардың қатарында Сапарбек Нұрбақыт та бар.
 

 
 
 
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}