Ағаз Аяулым Азаматқызы 2008 жылы 16 сәуірде Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында дүниеге келді. Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінің 6 сыныбында оқитын Аяулым – жеңімпаз талантты спортшы. Жастайынан спортқа деген ынтасы ерекше дарынды жас Аяулымның ата-әжесі Смагулов Ағаз бен Смагулова Калкүл – қызметін абыроймен атқарған зейнеткерлер. Нағашы әжелері Қожахметова Құттыбала мен Қапарова Бақыт жиендерінің бойына ұлттық құндылық
тар мен өнегелі тәрбиені сіңіріп, мейірімділік, адамгершілік секілді асыл қасиеттерге баулуда. Әкесі Смагулов Азаматтан адалдық пен адамдықты үйренсе, ардақты анасы Капарова Динадан қазақ қызына тән әдептілік пен ибалықты, еңбекқорлықты, түрлі тағамдар әзірлеуді үйреніп келеді. Тек қана таэквондо емес, сымбатты болуға дәріптейтін көркем гимнастикамен де айналысатын өнерлі Аяулымның Нұрай есімді сіңілісі бимен айналысады. Жетістігі: Аяулым Азаматқызы – қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып мектеп мерейін үстем еткен спорт ойындарының жеңімпазы. Таэквондодан өткізілген «Детско-юношеский спортивный клуб «Арлан - ТКД» клубының Ашық Чемпионатында II орынды иеленді. 2018 жылы «Қазақстан Таеквонда (WTF) Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі Әлем Таеквонда (WTF) Федерациясының еліміздегі жалғыз, әрі ресми өкілі ретінде «Сары» түсті белбеу мен 8-ші ГЫП (GUP) дәрежесі және «Сары-Жасыл» түсті белбеу мен 7-ші ГЫП (GUP) дәрежесі берілгенін растайтын Сертификат иегері. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген ДЮСК «Арлан ТКД»-ның қалалық турнирінен III орын алды. 1 Маусым балаларды қорғау күніне арналған «WT» таеквондодан қалалық Ашық турнирінен III орын; Түрлі спорттық додоларда мектептің мәртебесін асқақтатып, жоғары нәтижелерге жетіп жүргені үшін Алғыс хат; 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Меруерт Балғынбаеваның «Золотая Осень» көркем гимнастикадан ашық сабағына қатысқаны үшін Сертификат иеленіп, мерейі үстем болды. «ART-Shabyt» балалар өнер орталығы «Өнермен көркем – өмірім!» атты ІІІ Республикалық балалар өнер байқауында актерлік шеберліктен «Бала арманы» қойылымына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Сүйікті ісі: Би билеу, сурет салу, таэквондомен айналысу.
Арманы: Таэквондодан әлем және олимпиада чемпионы атану, актриса болу.
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]