Ильяс Садыккали

Рейтинг:

    «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін, оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңызы зор үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті, әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санаты сағат санап өсіп жатыр. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар қатарында маңғыстаулық дарынды жас Ильяс Садыққали – 2019 жылы Шетпе гимназиясының дәстүрлі «Мектеп – жетістіктер бастауы» атты шарасында елеулі жетістіктері үшін «100 жаңа есім» қатарынан орын алды.
      Жасампаз қазақ елінің ұланы Махмутұлы Садыққали 2005 жылы 14 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келді. Болашаққа деген талабы зор өрен 2008-2010 жылы «Рахат» балабақшасына қадам басқан. Тәрбие ордасында өнері мен жан-жақты қабілетін жетілдірді. 2010 жылы Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің мектепалды даярлығы партасына отырған бала-шәкірт 2011 жылы Шетпе гимназиясының 1-сыныбына қабылданды. Алғашқы ұстазы Оразова Жазыхат апайы Садыққалиға үлгілі тәрбие мен озық білім беріп, жан-жақты қабілетін дамытуда еңбек етті. Өнеге мен даналықтың бейнесі көнекөз қариялары тәлімімен қанаттанған ұланның ардақты атасы Түгелбаев Ильяс 1931-2002 жылдар аралығында өмір сүрген. Өз кезеңінде математика пәні мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарған. Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарып, партия мүшесі болған. Ақбаталы әжесі Көшжанова Ақерке Көшжанқызы 1934 жылы туылған. Жанұясында 5 ұл, 5 қызды тәрбиелеп жетілдірген батыр ана. «Алтын алқа» иегері. Бүгінгі күні зейнет жасында. Арқа сүйер әкесі, отбасы басшысы Махмут Ильясұлы – 1992 жылдан күні бүгінге дейін мұнайшы, «ҚаражанбасМұнай» кен орнында участок бастығы қызметін атқарады. Ардақты жан, анасы Сағындықова Жұлдыз Ысқаққызы – 27 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз. Әпкесі Ильяс Бағила Махмутқызы – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы 2-курс студенті, грант иегері.
     2014-2015 оқу жылында мектептің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Алғыс хат иеленген; Бокстан өткен аудандық ашық жарысында 28 кг салмақта ІІІ орын дипломы; «1 мамыр – Халықтар бірлігі мен татулығы» мерекесіне орай бокстан өткен аудандық ашық турнирде 30 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын жеңімпазы, грек-рим күресінен аудандық жарыста 38 кг салмақта ІІ орын жеңімпазы; «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен облыстық іріктеу жарысында 39 кг салмақта ІІІ орын марапаты; 2016 жыл Грек-рим күресінен 42 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын мақтау қағазы иегері, 2017 жылы аудандық волейболдан Наурыз мерекесіне арналған жарыста ІІІ орын жүлдегері; Футболдың ашық турнирінде «Үздік ойыншы» аталымына ие болып, ІІ орын жеңімпазы мадақтамасы;
     Грек-рим күресінен «Көңілді каникул» жарысында 48 кг салмақ дәрежесінде І орын жеңімпазы; 50 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын мақтау қағазы, 2018 жылы Маңғыстау ауданының 90 жылдығы, Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығы аясында футболдан өткен аудандық турнирде гимназия командасының ойыншысы ІІ орын жүлдегері атанады. «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында футболдан аудандық турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясы және команда ойыншысы ІІІ орынды түйіндейді. Маңғыстау ауданының 90 жылдығы, Нұр-Сұлтан 20 жылдығы аясында грек-рим күресінен өткен аудандық ашық турнирінде 55 кг салмақта І орын жеңімпазы; 2018 жылы Маңғыстау ауданының 90 жылдығы, Нұр-Сұлтан 20 жылдығы аясында және «Конституция күніне» орай футболдан өткен аудандық турнирде FC Byern командасының ойыншысы ІІ орын тұғырына көтерілді. «Жастар жылы» аясында өткізілген «Көңілді тапқырлар алаңына» қатысқаны үшін марапат иеленеді. 2019 жылы «Жастар жылына» арналған «Көңілді тапқырлар алаңының» маусымашарына Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алған гимназия жастары марапатталды. Мұғалімдер күні мерекесі және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай «Жас шахматшылар» турнирінде І орын мақтау қағазы иеленді. Білім додасында 2016 жылы Ұлттық Интернет Олимпиадасында информатика пәні барысында III дәрежелі дипломы; 2017 жылы Ұлттық Интернет Олимпиадасында информатика, қазақ тілі пәні барысында I дәрежелі диплом жеңімпазы; Aqua Age Certificate scuba diving holidays Antalya Turkey сертификаты, 2019 жылы «Экология» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының «Жастар және Ғылым» атты ХІХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы «Экология» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ХХХХV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсене қатысқаны үшін сертификаты мен «Экология» секциясы бойынша грамота иеленді.
     Өз қатарластарымен бірге футбол ойнайды. Бос уақытында гитара, шахмат ойнап, ғылыми жобалармен айналысады. Кемел білімімен дараланып, болашақтың белесінде жеке кәсіп иесі болуды қалайды. Әр дүние есігін ашқан азамат елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс атқару үшін болашаққа ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты – туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру. Осы орайда, зерек ұлан ел үмітін ақтайтын, халық мүддесін көздейтін депутат атануды да мақсатына айналдырған.
     Талабың таудай, мәртебең мерейлі болсын, жас дос!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Жұлдыз- 28 апреля 2020 14:38
Ал сәттілік! Тағы материал қосуға бала ма?

Гүлжан- 28 апреля 2020 14:47
Садық! Мақтанышы бол еліңнің! Саған сенемін.

Кунсауле- 28 апреля 2020 14:49
Талабың таси берсін!Алға Сажық

Ақбаян- 28 апреля 2020 14:50
АқСадық алға! Сәттілік тілейміз👍🏽👏🏽

Даурен- 28 апреля 2020 14:51
Жарайсың, осылай тек алға, алла алдыңнан жарылқасын.

Symbat- 28 апреля 2020 15:09
Жарайсың, Садыққали! Тек АЛҒА!!!

Фарида- 28 апреля 2020 15:45
Саттилик тилеймин! Казакстан республикасынын адал азаматы,мактанышы бол!

Gulbarshyn Skakova- 28 апреля 2020 19:05
Жарайсын Садык, енбеккор, талантты, тарбиели- тартипти, озат окушы, канатын талмасын, жаксы жагымды жагынмен жогары биыктерден корине бер! Казахстаннын атакты-абыройлы азаматы бол! Сен лайыктысын!

Асел- 29 апреля 2020 02:35
Жарайсың Садық

Асел- 29 апреля 2020 02:36
Жарайсың жігіт

Лаура- 29 апреля 2020 04:06
Жарайсың, жетістігің көп болсын!💥🇰🇿

Гульмира- 29 апреля 2020 23:03
Талабыңа нұр жаусын, Садык! Биіктерден көре берейік! 

{lang_lastnews}