Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы, Ертіс өзенінің бойында орналасқан көркем Семейде 2004 жылдың 23 тамызында Дуппаева Камилла дүниеге келді.![]()
Отбасы – Камилланың қорғаны, арқа сүйер тіректері. Қамқор әкесі Дуппаев Кәрім мамандығы бойынша жоғары білімді құрылыс маманы. Қазіргі таңда жеке меншік көліктерімен ТМД елдерінен тауар тасумен айналысады. Аяулы анасы Дуппаева Сәуле мамандығы кітапхана қызметкері. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жеміс-жидек сататын көтерме бөлшек дүкенін ашады.
Дүкен атын Камилла қыздарының есімімен атайды. Павлодар қаласы бойынша үлкен кәсіпкерлердің қатарында. Қытай, Ресей, Пәкістан, Польша, Өзбекстан сияқты мемлекеттермен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сонымен қатар қайырымдылық қорымен де жұмыс істейді. Ата-анасы қыздарының тәлім-тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі.
Павлодардағы №19 бөбекжай табалдырығын аттаған күннен бастап сүйкімді балақай тәрбиешілердің сүйіктісіне айналады. Балабақшада өткізілетін барлық іс-шараларға үзбей қатысып, белсенділік танытады. Сөйлеу мәнері мен өзін дұрыс ұстау әдебін үйреніп, бойындағы қабілеттері дамып, жаңа қырлары ашылып, өнер мен мәдениетке біртабан жақындығын аңғартады.
Білімқұмар балдырған №22 мектебінің табалдырығын алғаш аттап, осы мектепте 1-4-сынып аралығында білім алады. Зерек, алғыр, ізденімпаз Камилла 5-сыныптан бастап «Жас дарын» атты беделді оқу ордасына ауысып, білім алуын әрі қарай жалғастырады.
Анасы Камилланы шет елдерге шығарып, түрлі халықаралық сайыстарға қатыстыруда. Ол 2018 жылы Түркияда болса, 2019 жылы Грузияда болып қайтты.![]()
Өнер – Тәңірдің сыйы. Кез келген адамның бойына талант беріле бермейді. «Таудай талап пен бармақтай бақ бер» дейтін қазақтың өнерлісіне өріс кең. Қанаты талмай, бағы мен бабы жарасып, тау асып, жеткен жетістіктері сонау көк аспанмен астасып, таласып жатыр. «Өнер өрге жүзгізеді» деп бекер айтпаса керек-ті. «Little Miss Universe – 2018» байқауында диплом, «Көктемгі Vernissage» сұлулық пен балалар шығармашылығы фестивалінде дипломмен марапатталды.
Кішкентайынан өнер-білімге, спортқа да алып-қосар үлесі барын танытқан талант қазақ тілі бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
Қатарының алды, тек топ бастар бірінші болуды мақсат қылған өнерлі өрен «Жас ғалым» атты VII республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында жүлделі І орын мен дипломға ие болды.
Табиғат-Ананың құдіретіне бас иген парасатты перзент бос уақытында серуендегенді ұнатады. «Шынықсаң, шымыр боласың» деген ұлы ұстанымды ту еткен Дуппаева Камилла салауатты өмір салтын ұстанып, дене сымбатына көңіл бөлетін заманауи жастардың қатарында.
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...» – деген данышпан Абайдың сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған жас әрбір қадамын ізгілік нұрына бағыттайтын арманшыл, жаңашыл жан. Оның арманы – жоғарғы оқу орнына түсіп, оны аман-есен бітіріп, шетел тілінің абыройлы, әйгілі маманы болу. Және де сол мамандығының арқасында аудармашы болып, жақсы қызмет орнында жұмыс істеу. Дуппаева Камилланың өмірден өз орнын тауып, еліне пайдасы тиер тұлғалардың біріне айналары анық.