Рыспай Бекарыс

Рейтинг:

      Алғашқы сыныптан-ақ алғырлық танытып, Халықаралық «Videouroki» жобасында математика пәнінен жеңімпаз атанған Бекарыс 2009 жылдың 1 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Әулеттің қазыналы қарттары атасы Рыспай мен әжесі Ақсәуленің өнегеге толы тәрбие мектебінен өтті. Отбасының алтын діңгегі Ертанов Серік Рыспайұлы, әлемнің жарығын сыйлаған анасы Лаура Саматқызы. Аға ішкен бұлақтан інісі де су ішетіні секілді, өзінен кейінгі бауыры Мәдиге ағалық қамқорлығын көрсетіп келеді.
      Үш жасынан «Шұғыла» балабақшасында тәрбиеленді. Өз тобының озат бүлдіршіні болып, жан-жақты, шапшаңдығымен көзге түсті. 2015 жылы Қызылорда қаласындағы №23 Ж.Қизатов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданды. Әр сабақ сайын түрлі іс-шаралар кезінде өжеттілігімен алға ұмтылып, белсенділік танытып келеді. Мінезі ашық, айналасындағы балалармен тез тіл табысып кететін, озық ойлы үздік оқушы болды. Жақсы оқығаны және түрлі сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны үшін көптеген дипломдармен марапатталды.
          Бала кезден биге икемі бар Бекарыс мектеп ішіндегі би үйірмесіне қатысып, облыстық, республикалық сайыстарда өнерімен елді тәнті етіп жүрген талантты оқушы. 2017 жылы би тобы құрамында Республикалық шығармашылық байқауда өнер көрсетіп, еліміздің ең үздік өнерпазына берілетін Гран-приді жеңіп алды. Осы жарыста Халықаралық «Жеті өнер» фестиваліне жолдама алуы Бекарыстың талабына қанат бітірді. Әлем көз тіккен өнер додасында алдына жан салмай, мәрені бірінші болып кесіп, I-орын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
          Тәртіптілігі көпке үлгі боларлық дарынды оқушы досқа адал, сөзге тапқыр, ойы ұшқыр ерекше қабілетімен қатар спортпен де жүйелі түрде айналысып келеді. Екі жылдан бері мектептің эстафеталық командасының мүшесі.
         Адамның ойлау қабілетін шынықтыратын шахматтан оқушылар сарайында өткен жарыстарда белсенділік танытып жүрген Бекарыс Серікұлы көздеген мақсатына жету жолында аянбай талпынып келеді.


           Внимательный и активный Бекарыс родился 1 мая 2009 года в городе Кызылорда. На его способности обратили внимание уже в детском саду «Шугыла», который он начал посещать в три года. Мальчик сразу влился в активную жизнь детского сада, участвовал во всех мероприятиях, внося в них атмосферу праздника и веселья. Его талант не раз покорял зрителей – и родителей, и воспитанников детского дошкольного учреждения. Он хорошо поет и танцует. 
          В 2015 году он пошел в первый класс школы-лицея №23 им.Ж.Кизатова в городе  Кызылорда. И здесь его таланты очень быстро раскрылись. Одним из первых учеников в классе он стал бегло читать, пересказывать. На уроках всегда активен, заинтересован и сосредоточен на предметах, но при выполнении учебных заданий легко переключается с одного вида деятельности на другой. Учится на «отлично». Четко и внимательно выполняет инструкции учителя. В 1-2-х классах награжден Похвальной грамотой за отличные успехи в учебе и примерное поведение. Мальчик участвует в различных конкурсах и олимпиадах, занимает призовые места. В 1-м классе стал победителем Международного проекта "VIDEOUROKI" по математике.
         Бекарыс активно участвует в общественной жизни класса и школы. Посещает кружок танцев, выступает на городских и областных мероприятиях. В 2017 году участвовал в Республиканском творческом конкурсе детей «Алатау шыңы», в котором команда выиграла Гран-при и завоевала право на выступление на Международном творческом фестивале «Жеті өнер». И здесь команда с участием Бекарыса вернулась с высокой наградой – Дипломом I степени.
         Несмотря на занятость в школе, мальчик всегда находит время для занятий спортом. Второй год он является членом команды школы на спортивной эстафете. Команда выступает на городских и областных соревнованиях, и практически всегда занимает І место. Свои способности Бекарыс показал и на соревнованиях по шахматам во Дворце школьников. Он очень дисциплинированный, доброжелательный и отзывчивый, уважает старших, является хорошим примером для сверстников.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}