Бауыржанкызы Еркеназ

Рейтинг:

        Бауыржанқызы Еркеназ Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында 2011 жылы 12 наурызда дүниеге келді. «Балдәурен» балабақшасында қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлығын дамытты. Бұл күнде №9 тірек ресурстық орталық мектеп-интернатының 3-сынып оқушысы. Алғыр да белсенді, озат оқушы. 
     Отбасында 6 адам тұрады. Еркеназ – атасы мен әжесінің еркесі, қылықты тәттісі. Алдындағы ақылшы екі әпкесі Ақмарал мен Айдана, сүйікті інісі Бексұлтан –Еркеназды жақсы көреді. Оған әрдайым қолдау білдіріп отырады. Үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп отырған ата-анасы перзенттерінің жарқын болашағына үлкен сенім артады. Әкесі Бауыржан – «Қазақтелеком» АҚ дәнекерлеуші болса, анасы – «Қарттар мен мүгедектер» үйінде аспазшы. 
       Бауыржанқызы Еркеназ – «Мәнерлеп оқу» байқауы-ның жеңімпазы, диплом иегері. Көркем шығарманы мәнерлеп, нақышына келтіре орындайды. Математика пәніне деген қызығушылығы ерекше. Алғыр. Бірнеше рет байқауларда ерекше қабілетімен танылып, жоғары көр-сеткіштерге қол жеткізді.
        Сүйікті ісі: Кітап оқығанды ұнатады. Логикалық есептер шығаруда өз бетінше ізденеді. Анасына үй шаруасы мен асхана ісінде көмектеседі. 
       Арманы: Ақ халатты абзал жан-дәрігер болу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}