Иманқұлова Зафира Жорабекқызы

Рейтинг:

Өнер мен талант ұштасса

      Дарын адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Қызығушылығы төмен деген адамның бойында бұғып жатқан бір дарыны болады. Кейбір жандар туа бітті дарынымен дараланса, енді бірі жүре пайда болған дарынмен таң қалдыратындығы тағы бар. Адам еңбектенсе, алдына мақсат қойып, өмір жолында сонымен күрессе, міндетті түрде ойлаған арманына жетеді. Қазіргі таңда дарынды балалар өте көп.Бірі күміс көмей әнші,енді бірі мың бұрала билесе, бірі оқуда озат болып,шашасына шаң жұқтырмас жүйріктердің қатарын толықтырып, өз кезегінде жүлделі орындарға ие болып жатады. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс. Оларға қолдау білдірерлік ата-ана, мектеп қабырғасында жанашыр ұстаздар болса тіптен ғанибет. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туатындығы айдан анық демекпіз. Бүгінгі күннің жарқын жұлдыз кейіпкері де өз кезегінде білім бәйгесінде оза шауып, бар ынта-жігерімен намысқа тырысып, түрлі додаларда дес бермей жүрген ертеңгі ел болашағының бірі. 2010 жылдың 3 тамызында Сыр шаһары Қызылорда қаласында Иманқұлова Зафира Жорабекқызы дүниеге келеді. Өнегелі отбасында дүниеге келген дарынды қыздың атасы түрлі басшылық қызметте төбесін көрсеткен ел азаматы, әжесі медицина саласының өз кезегінде үздігі болып қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер зейнеткер. Ата-анасы бүгінгі күннің сұранысқа ие мамандықтарының иегерлері. Зафираның әкесі мұнай саласының қызметкері болса, анасы бал балалықтың балғын мекені балабақшы тәрбиешісі.
      Зафира Жорабекқызы «Сыр самалы» мектепке дейінгі бөбекжайдың тәрбиеленушісі. Балабақша жасынан өнер-білімге деген ынтасы жоғары болып, әрбір іс-шарада белсенділік таныта білген балғын бөбектің болашағы жарқын болатындығына балабақша тәрбиешілері де нақ сенімді. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Зафира Жорабекқызы Қызылорда қаласында орналасқан іргелі оқу ордасы № 268 мектеп-лицейіне оқуға қабылданады. Қазіргі таңда сол оқу ордасының 5 сынып оқушысы.Оқуды озат дарынды қызымыздың осы ретте жеткен жетістіктеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
      2019 жылдың 9 мамыр күні Халықаралық Халық Творчествалық Бірлестік орталығының ұйымдастырылуымен өткен «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық білестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Бақытым,халқым менің» зияткерлік турнирінде «математика» пәнінен дарынды білім көрсеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Иманқұлова Зафира І дәрежелі дипломмен марапатталады. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастырылуымен өткізілген интелектуаллдық марафонынан жүлделі ІІІ орынмен марапаталады. 2019 жылдың 29 қазанында нио.кз Республиалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Бастауыш санып қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері болып танылды.2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Пони» Ұлы тілтану елінде байқауына қатысып жүлдегер атанады.2019 жылы мектеп қабырғасында ұйымдастырылған « Мен интернетсіз бос уақытымды қалай өткіземін» тақырыбында бастауыш сыныптарының арасында өткен сурет байқауында жүлделі ІІ орынды иемденсе, информатика пәнінен 3-4 сыныптар арасында өткізілген «Информатика дарабозы» сайысының жүлдегері атанып үлгерді. Жаста болса, біршама іске бас болып жүрген мектеп оқушысынан күтеріміз зор. Бір ғана пәнді меңгеріп қана қоймай, бірнеше пәндік сайыстардың жүлдегері атану көптің қолынан келе бермейтін дүние демекпіз. Ел болашағы еркін, ойлау қабілеті ұшқыр осындай жастарымыздың қолында демекпіз. 
      Зафира көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, ата-әженің мейір шапағатына бөлініп жатқан қыз болғандықтан болар ол жайлы қоршаған ортасының да, ұстаздарының да айтар жақсы тұсы жетерлік. Зафираның қыз балаға тән өзіндік нәзіктігімен қатар,өжет, қайсарлығы, алғырғы өзінше бір төбе.
      «Ата көрген оқ жонар ,ана көрген тон пішер» демекші Зафира ата əжесінен қазақи салт дəстүрді жақсы меңгерген.Мектепте,сыныпта өтетін мəдени шаралар,тəрбие сағаттарына үнемі белсенді атсалысады.Өз ана тілін жетік меңгерген.Тіл сайыстарына қатысып мəнерлеп оқу,шығармалар сайысында да үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.»Сыр Алаштың анасы»деп тұңғыш Елбасы баға берген Сыр елінде өмірге келген əрбір ұрпақ сол атқа лайық болуы керек екенін жақсы түсінеді.Талантты адам бар жағынан талантты келеді дегендей Зафираның бойынан талантты,дарынды,сапалы тəрбиені көруге болады.
      Бала бойындағы ынта-жігерді, өзгеше бір алғырлықты байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітіп, ұштау, дамытуда мұғалімнің қажырлы еңбегі қажет. Жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бір тізбек сөздерді оқи отырып, өз қатарларынан әлдеқайда дамыған,ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша қабілеттілік танытып,жоғары жетістіктермен дараланып жүрген бүгінгі кейіпкеріміздің өмірлік дұрыс бағытта екендігіне көз жеткізіп,ел тұтқасын ұстайтын білікті маман боларына сенім артып, осыған жету жолында білім беріп жатқан іргелі оқу ордасының ұстаздарына, адами қабілеттерді, тәлім-тәрбиені дұрыс бере білген ата-анасына алғыс білдірмекпіз.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}