Кубенбаев Нуртай

Рейтинг:

Арманы асқақ жас қыран 

      Тәуелсіздігін алғанына отыз жылға таяу уақыт өткен азат мемлекетіміз осынша уақыт ішінде тарихи тұрғыдан ерекше жағдайда қалыптасып, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатымен жас өскелең ұрпақтың болашағын барынша жарқын ететін жалпы халықтық заңнамалар жобасы жыл сайын қабылданып жатыр. Біздің еліміз тәрізді құрылымы енді ғана жасалынып жатқан жас республика үшін бұл өте тиімді және оңтайлы қадамдар болып табылады. Ұлттық мемлекет құру жолында ұлт мүддесіне қызмет жасайтын республиканы құру барысында ең бір актуалды проблемаларды бірі – білім беру және денсаулық сақтау сияқты салаларды дамудың даңғыл жолына салу болып табылады. Тек дені сау әрі жоғары білімді жауқазын буын өскелең ұрпақ қана бәсегеге қабілетті, мемлекет және ұлт мүддесіне қызмет жасай алатын мүмкіндіктерге ие бола алады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де дені сау, терең білімді игерген, бәсекеге қабілетті сапалы буынның өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш пен мақтаныш сезімін ұялатады.Болашағынан зор үміт күттіретін Кубенбаев Нуртай Саятович бауырымызда бүгінде елордамыздағы білдей бір киелі білім ордасының бетке ұстар мақтанышы.
      Кубенбаев Нуртай 2005 жылы қаңтар айының жиырмасыншы жұлдызында қазіргі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді. Салт-дәстүрді бекем ұстанған, көзі ашық, көкірегі ояу жандардан құралған қазақ отбасында дүние есігін ашып, еңбекқор әке-шешенің құтты да берекелі қарашаңырағында туып өседі. Өздерінің өн бойындағы барлық күш-қайраты мен саналы ғұмырларын балаларын адал әрі жоғары білімді азамат етіп шығару жолына жұмсаған еңбекқор, нәсібесі мен нанын тек адалынан тауып жеуге дағдыланған, жан адамға зиянын тигізбейтін, ала жіптен аттамайтын әке мен шешенің ыстық алақаны мен жылы жүрегін сезініп өседі. Былдырлап тілі шығып, аяғын апыл-тапыл баса бастаған сәттен өте сүйкімді, еліктің лағындай бүлдіршін әке-шешесі мен ағайын-туыстың көз қуанышына айналды. Содан соң ата-анасы бүлдіршінді Нұр-Сұлтан қаласындағы №37 балабақшаға апарады. Жастайынан үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге баулитын қазақы тәрбиемен өскен көргенді үйдің баласы әке-шешесінің атына кір келтіріп, жаман атқа қалдырып көрген емес. Қаршадайынан оқу мен сызуға жаны құштар қыздың мектепке баруға деген құштарлығы мен ұмтылысы күшті болды. Балаларының ауыр бейнетке қалмай, жоғары білім алғанын, жақсы жағдайда өмір сүргендерін қалайтын әкесі мен шешесі ұлдарын қолынан жетектеп апарып, мектептегі мұғалімдерге өз қолдарымен сеніп тапсырады. Сөйтіп, елордадағы №64 лицей-мектебіне оқуға қабылданады. Сынып табалдырығын имене аттаған оқушы  алғашқыда үлкен ортаны біраз жатырқағаныменен, уақыт өте келе бойы үйренісіп мұғалімдерінің орындауға берген үй тапсырмаларын ынтасымен беріліп, бұлжытпай орындай білетін сабақ үлгерімі мен мектеп ішіндегі тәртібі жөнінен үздік оқушылардың қатарына қосылады. Жаратылысынан алғыр, айтылған әңгіме лезде   есіне сақтап қайталап жүретін зерек ойлы қыз мұғалімдерінің кеудесіне сенім орнатып, мықты қабілеті мен білсем деген үлкен құлшынысы бар қаршадай ғана шәкіртті неше түрлі білім бәйгелеріне қатынастырып жүрді. Өз кезегінде дарынды шәкірт әр барған білім бәйгесінен қанжығасы майланған қалпы оралып, аймақтың жер-жерінен жиналған дарынды балалардың арасынан топ жарып, талай додолардың алды болып келіп жүр. Мектеп басшылығы мен мұғалімдер ұжымы осындай қабілетті баланың болашағы зор екеніне сенім білдіріп, үлкен үміт пен ауыр жауапкершіліктің жүгін талапты шәкірттің мойнына артқан болатын. Әке-шешесі де мерейлерін әркез өсіріп жүрген ең сүйікті ұлдарының үлкен жетістіктерге жеткенін шын жүректерімен тілейді.
        Данагөй халқымыз: «алма алма ағашынан алысқа түспейді»,- деген нақыл сөзін есімізге алатын болсақ, Нуртайдың жауқазындай болып жайқалып өсуіне бар жағдайдың жасап, балапаным деп күндіз-түні шырылдап жүрген ата-анасы тізгін ұстар ұлдарының елге елеулі, халыққа қалаулы азамат болып, әрдайым маңдайы жарқырап жүргенін қалайды. Әкесі Кубенбаев Саят сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы елшісінің кеңесшісі және Террорға қарсы орталықта қызмет атқарған атпал азамат. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалысқа шығып отыр. Аяулы анасы Кубенбаева Гүлдана Джамбаевна «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ бас менеджері болып жұмыс атқарады. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,- демекші Нуртайдың үш әпкесі мен бір ағасы, яғни, жанынан артық жақсы көретін өзінен үлкен бауырлары қазіргі таңда бірнеше тілді еркін меңгеріп, тіпті кейбірі шетелде оқып жатқан жайы бар. Айта кетер болсақ, екі әпкесі Қытайдың Сиянь қаласындағы жоғары оқу орнын тәмамдап шықты, қазір тұрмыста. Тағы бір әпкесі Германияда білім алып жатыр. Әпкелерінің барлығы қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік тілдерінде еркін сөйлейді. Үшінші әпкесі осыған қоса неміс және француз тілдерін біледі. «Ат тұяғын тай басар»,- дегендей Рамазан бес жылға жуық уақыт бойы туған ағасымен бірге каратэ секциясына қатысып жүр. Қазіргі күннің өзінде үлген тәжірибеде жинап қалды десе де болады. Сонымен қатар, баскетбол ойынына және боксқа қызығушылы мен ұмтылысы ерекше. 2020 жылы «Bronx» бокс клубтың жарысына қатысып жүлделі болды. 2021 жылы науырыз айында Қпажымуқан Мұңайтпасулының  150 жылдығына өткізілген бокстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде Нүртай  жүлделі 1 орын алды.  Сонымен қатар, бос уақытында пианино, гитара ойнайды және қазір неміс тілін үйреніп жүр. Логикалық есептерді шығарғанды жаны сүйеді. Нуртайдың өзіне қатты ұнайтын хоббиінің бірі рубик текшелерін құрастыру. Баланың ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетінің мықты боуына мол әсер ететін рубиктер әр үйде болуы керек деп ойлаймыз. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 лицей-мектептің 10 «г» сыныбының оқушысы Нуртай болашақта қазақ елі мен жұртына бойындағы қабілеті мен күш-қайратын еш аяп қалмастан сарқа жұмсап қызмет қылатын дара тұлғалы, мәрт мінезді жайсаң азамат болып өседі деген үкілеген үміт пен зор сенім бар. Тәуелсіз әрі жас мемлекетіміздің қуатты, дамыған елге айналуы Нуртай сынды көзінде оты бар, талабы таудай бауырларымыздың қолында екендігі сөзсіз ақиқат. Сондықтан да біз риясыз көңілмен Нуртайдың жанұясына байлық пен береке, ісіне сәттілік пен толағай табыстар тілейміз. Тек биіктерде самға!
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}