Аманжол Ақбота Айдосқызы

Рейтинг:

Өнерлі өрге жүзер

      «Қалам менің Балқашым – мыс шаһары!
      Таң қалдырып келесің жер жаһанды» - деп ақын біткен жырына желеу еткендей, күннен- күнге көркейіп келе жатқан ажарлы қала Балқашты өзінің екінші отбасындай жақсы көретін бүлдіршініміз Ақботаның балалық шағынан естеліктер шерткіміз келіп отыр... 
      Әкесінің ақылдысы, анасының ең жанашыр үміт артары – Аманжол Ақбота  Айдосқызы осынау әулеттегі отбасының тұңғышы. Оның артынан ерген  Әмір есімді жалғыз інісі бар. Әмір де әпкесіне көп еркелеп, өзіне жиі мейір бөлгенін жақсы көреді, әрі әпкесін үлгі тұтады. 
      Қазіргі уақытта Ақбота Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №15-ші мектеп-лицейінің  4 сынып оқушысы. Зерек қыздың оқуға деген ынтасы өте жоғары. Мектеп-лицейінде оқу озаты. Мектептен тыс уақытын тиімді пайдаланып, би және сурет салу өнерімен машықтанады.  Ақботаның өнер мен білімге деген ынтасының бөлек екендігін анасы, ең алғаш қызының мектеп табалдырығын аттаған сәтінен-ақ аңғарған. Өйткені, анасының тұңғышы шәкірт атанған күннен бастап  тәртібі, өз болмысына тән жауапкершілігімен ұстаздарының көзіне түсе білген еді. Қазір де оның әр ісіне тыңғылықтылығы сыныптастарына үлгі.
       Биыл бастауыш сыныпты аяқтаған бүлдіршіннің әр қадамы жетістіктерге толы. Мәселен, Ақбота: «Халықаралық шексіз математикадан»  қысқы математикалық турнирде «алтын медаль» жүлдегері атанды. «Бір аймақ – кітап» облыстық акциясында сурет көрмесі байқауында, «IQ» - интеллектуалды дамыту орталығының  ұйымдастырған «Ғажайып сурет әлемі» атты білімділер байқауында жүлделі 1-ші орындардан көрінді.  «Зияткер», «Ақбота»,  «Шексіз математика» - атты интелектуалдық байқауларына және  «BILGEN BAIGE» республикалық, «ментальды арифметика» - атты қалалық олимпиадаларына,  «Табысқа жеткен оқушы – 2018» Х дәстүрлі «Зияткерлер – ұлт болашағы»  - атты түрлі форумдарға белсене қатысып, арнайы сертификаттармен, жүлделі орындармен марапатталды. Бастауыш сыныбын өте жақсы оқығаны үшін – «Мақтау қағазының» иегері болды. «Гүлзар» фестивальінде анасымен шығармашылық қабілетін танытып, жеміс- жидектер киім үлгісі дефилесінде «Бас жүлдені» де жеңіп алды. Ақботаның болмысы бұл мақтаулар мен атақтардың бәріне лайық-ақ!..    Ол - бала кезінен шахмат ойнағанды жақсы көретін. Қазір, қалалық оқушылар сарайында  би үйірмесіне  қатысып келеді. Әрі би майталманы. Қала шаһарында ұйымдастырылған түрлі мерекелік байқауларда топ жарып,  ұлттық және мерекелік билер билеуға әуес.      Сонымен қоса, сурет салғанды ұнатады. Қолынан шыққан туындылары мектепішілік, қалалық сайыстарда қазылар тарапынан ерекше ілтипатқа ие болды. 
      Ақбота достары арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсете білетін жаны жайдарлы қыз. 
      Математикалық сауаттылық таңдау курстарына қатысып, танымдық қабілетін жиі ұштап отырады. Әдеби шығармаларды іздеп жүріп оқитын балалардың қатарынан. Ал, үйінде ата-анасының демеушісі,  анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. 
      Мінекей, кейіпкеріміз Ақбота өзінің болашағына анық мақсат қоя білетін, талапты, шығармашыл қыз. Ата-анасы мен достары, қамқоршылары, Ақботаның  үлкен белестен көрінетініне мол сенім артады. 
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}