![]()
Нұрлыбек Дастан – достықтың алтын бесігіне айналған Қазақ Елінің дамуына үлес қосар білікті маман, парасатты пер-зент болуды қалайтын өрен. Ұлағатты ұлан білім сайысынан бөлек, спортта да өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Салауатты өмір салтын ұстана-тын заманауи жас спорттың бірнеше түрімен ай-налысады. Сабақтан тыс кездері уақытын тиімді жоспарлап, сол бойынша жұмыс жасайды. Ақтөбе қаласында 2012 жылы шілде айының 31 жұлды-зында дүниеге келген. Текті әулеттен шыққан алғыр өрен – отбасының жарқыраған шамшы-рағы, үкілеген үміті. Әулеттің алып бәйтерегі, құрметті атасы Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы – облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия директоры, Қазақстан ПҒА-ның ака-демигі, ҚР Құрмет орденінің иегері, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы». Ақ орамалын-дай аппақ көңілімен отбасының тілекшісі болып жүретін асыл әжесі Даумова Тамара Ғаббасқызы –зейнеткер-ұстаз, ҚР Білім беру ісінің еңбегі сің-ген қызметкері. Жылуы мол жанұясында 4 жан бар: әкесі, анасы, өзі және інісі. Кемел ойлы, жоғары ұстанымды әкесі Даумов Дәуренбек Нұрлыбекұлы – Атырау №2 қалалық сотының судьясы. Жылы жүзді, жайсаң мінезді анасы Даумова Жанар Алдиярқызы – экономист-заңгер қызметінде. Ол мектеп қабырғасында білім алса, үйінде ата-анасына қолғанат. Дастан – өзінен кейінгі сүйкімді інісі Дарынға жақсы үлгі көрсетіп жүрген қамқор аға. Өрелі өрен әдеби кітаптар-ды, баспасөз материалдарын көп оқиды. Өнерге, ғылымға, әдебиетке деген қызығушылығы өте жоғары. Спорт десе, ішкен асын жерге қояды. Бос уақытын жүзуге, боксқа және ағылшын тілі үйір-месіне қатысуға арнайды. Енді талапшыл жас ал-дына биік мақсаттар қойып, соған жету жолында аянбауда. «Білгенге маржан» дегендей, Дастан Дәуренбекұлы қазіргі кезде №31 ІТ мектеп-гимназиясының 2 «Б» сыныбында білім көкжиегін біртіндеп бағындырып, жетістікке жетіп, жақындарына қуаныш сыйлауда. Дастанның болашақ бедерінде абыройлы азаматтар қатарынан табылып, еліміздің мақтанышына айналары хақ.
Жетістігі: Нұрлыбек Дастан үздік оқушы, сынып белсендісі, ұстаздарының мақтанышы. Математика, ағылшын пәндерін сүйіп оқитын білімпаз шәкірт Ұлттық «BILGEN ОySana» Зияткерлік Олимпиадасына қатысып, үздік атанды. Республикалық «Барыс – 2019» олимпиадасына қатысып, жүл-делі І орынға ие болып, мерейі үстем болды. Дарынды Дастан 2017 жылы Атырау балалары арасын-дағы жүзуден біріншілікте жүлделі І орынды иеленсе, 2018 жылы «NEMO ІV» жарысынан ІІІ орын алған жүлдегер. «NEMO VII» жарысынан ІІІ орынды, VI ашық кубо ктан жүлделі ІІІ орынды иемденіп, жүлде-герлер қатарынан табылып, жетістіктерін еселей түсті.
Сүйікті ісі: Қолы қалт еткенде кітап оқып, шахмат ойнап, музыка тыңдайды. Табиғат аясында се-руендеуді, спортпен шұғылдануды, танымдық фильмдерді көргенді ұнатады.
Арманы: Келешек кемеліндегі арманына қарай қадам басқан талантты өрен жоғары білім алып, Ұлы Қазақ Елінің мақтан тұтар тұлғасына айналуды армандайды.