Мұратқызы Мадина

Рейтинг:
«Экономист есепші – заман талап еткен мамандық»

      Тіл – ұлт немесі дін, жүз немесе жер талғамайтын ең үлкен байланыс құралы. Әр халықтың өзіндік қарым-қатынасын, қоршаған ортамен байланысын реттеп отыратын, әлемдік деңгейге көтеріліп, ғылымның шырқау көгіне шығаратын да тіл. Адамзаттың тұрмысын жеңілдетіп, ғылым мен технологияның да діңгегі тіл. «Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтпақшы,  өз Ана тіліңді жоғары қоюмен қатар, өзге тілдің бәрін білу бүгінгі жастардың, әлемдік аренада қазақтың көк туын желбіретіп, ғылыми жаңалықтар ашуда таптырмас құрал. Осындай өз ана тілін бәрінен де жоғары қойып, өзге де бірнеше шет тілді меңгеруді алдына мақсат етіп қойған, зеректі де зейіні мол шәкірт - Мадина Мұратқызы болашақ қазақ елінің озық ойлы, жас ғалымдарының бірі.      
      Қазақ тілін үздік біліп, орыс тілімен қатар ағылшын тілінің тереңіне бойлап келе жатырған Мадина 2006 жылы наурыз айының, 8 жұлдызында асты да, үсті де бай өлке Атырау қаласында дүниеге келді. Тәрбиенің тал бесігі аталған «Жанар» балабақшасында тәрбиеленіп, жас болса да республикалық деңгейде өткізілген өнер сайысынан «Бас Жүлдені» жеңіп алған талантты жас. Ата-анасының ғана емес, бүкіл сыныптың мақтанышына айналған Мадина Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №10 мектептің 9 «А» сынып оқушысы.
      Кез-келген баланың ең алғаш тілі шыққан кезінен бастап, саналы түрде ақыл беріп, тәрбиелеу ол - отбасына байланысты. Өнегелі істің бастауы болып, шаңырақтың ішін берекелі де ырысты етіп отырған әжесі Қаналина Аққайша жұтамас байлығы, таусылмас қазынасы. Әже өнегесімен қатар, өрен бойына қона білген өнер - Мадинаның тәңірдің тарту еткен ерекше сыйы. Қызының әрбір жетістігіне ерекше қуанып, әркез айтып жүретін әкесі Шуақбаев Мұрат «Өзен Энерго Нефть» мекемесінде  шебер (мастер) кызметінде енбек етеді. Ал, әрдайым көзі күлімдеп, мейірім шуағын шашып жүретін анасы Дүйсегалиева Рысжан  «Ұстаздық» - дейтін ұлы мамандықты еншілеген №10 мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Шаңырағына кие дарыған әулеттің ішінде балалықтың әткеншегінде бірге тербеліп келе жатырған Альбина, Ұлжан, Қасиет есімді бауырлары бар. 
      Мектепішілік өткізілген сайыстардың бел ортасында жүретін белсенді оқушы. Ақылды жас мұғалімдерін екі айтқызған жоқ берілген тапсырманы сауаттылықпен орындай біліп, үздік атанды. Қолына алған ісін аяғына дейін жеткізіп, тиянақты бітіргенше дамыл таппайтын жауапкершілігі мол. Бойына қазақ қызына тән болмыс қарапайымдылық пен   ізеттілік, ізгілік пен мейірімділік, имандылық пен ибалық, сұлулық пен сымбаттылық сіңірген жас дарын қандай мақтауға да лайықты шәкірт. Бойындағы қабілетін арттырып, білімін тереңдетіп, шеберлігін шыңдауда жас дарын аянып қалған жоқ, қайта жетістіктере жеткен сайын, жеңістермен ата-анасын қуантып,  көңілі кең, жаны жомарт Мадинаның алға ұмытылуға, біліп-тануға деген құштарлығы артып келеді.  
      Келешектің кемел болуы рухы биік, білімі жоғары, қайраты басым өскелең жастарға байланысты. Осындай келешек биік белестерді бағындырып, қазақ елінің дамуына қызмет ететін, болашағы жарқын жастардың бірі - Мадина..Еліміздің сындарлы саясатының арқасында бүгінгі ұрпақ алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды мықтап игеріп, келешекке еркін қадам басып келеді. Алдына айқын мақсат қойып, соған жету жолында аянбай тер төккен дарынды жас  бос уақытын кітап оқу мен сурет салғанды жөн санайды. Әрдайым білім деңгейін арттырып, ізденумен уақыт өткізетін ол - экономит-бухгалтер мамандығын игеруді қалайды. 
Жас болса да өзіндік көзқарасы бар, ойын ашық жеткізе білетін, бойында ерекше бір ұшқын бар  Мадина сынақтардан сүрінбей өтіп, білімін дәлелдеп, білікті маман болары анық. Бала кезінен өнердің желкенін керіп, талаптың тұлпарын мініп, киелі мекеннің атын шығаруға талпынып жүрген өнерпаздың алар асуы әлі алда.
         
      Жетістіктері:
      - 6 «В», 7 «В», 8 «В» сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін – « Мақтау қағаздары»;
      - 2018 жылы www.tio.kz республикалық ұлттық интернет олимпиада сайтының ұйымдастыруымен өткізілген пән олимпиадасында «Ағылшын тілі» пәні бойынша  «I дәрежелі диплом»;
      - 2018 жылы Жаңаөзен қаласындағы №10 орта мектеп мемлекеттік мекемесінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тарих пәнінен 5-6 сыныптар арасында өткен мектепішілік олимпиададан III орын; 
      - «Ақ бота» республикалық деңгейде өткізілген интеллектуалдық марафонынан I орын;
           
      Сүйікті ісі: әр түрлі әдеби кітаптар оқу
      Арманы: экономит-бухгалтер болу
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}