Бақытгүл Жеңіс

Рейтинг:
Білімді бүлдіршін  ақ халатты дәрігер болуды армандайды

      Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Мақаламыздың арқауына айналып отырған білімді жеткіншегіміз Бақытгүл кішкентай кезінен қазақы тәрбиемен ес біліп, тәлім-тәрбиені атасы мен әжесінің, ардақты әкесі мен білгір анасының бойындағы асыл қасиеттерден сіңірген. 
Өскелең жеткіншек – Жеңіс Бақытгүл Берікқызы шежірелі маңғаз дала Маңғыстау облысының, Ақтау қаласында 2009 жылы дүниеге келген. Анасы Самал білімгер қызы Бақытгүлді ай-күні жетпей, ерте босанған. Осылайша, тағдырдың жазуымен жарық дүниеге ерте аяқ басқан балғын немерелерін қолына алған атасы мен әжесі – бейкүнә сәбидің өмірде жолы болып, отбасына бақыт әкелсін деген ақ тілегімен оның есімін Бақытгүл қояды. 
      Дегенмен, кішкентай ғана бүлдіршін атасының әлдиін көріп өсті.Өкінішке орай, атасы бақилық сапарға аттанған еді. Бірақ, көзі тірі кезінде сәби Бақытгүлді  қатты еркелететін. Әжесі - Көптлеуова Жайсұлу анамызда немересін бауырына басып өсірді. Өнегелі зейнеткер анамыз – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Әрі осы ауылдың қадірлі тұрғыны. 
Зейнеткер анамыз Бақытгүлдің әкесі - Жардемов Берік Жеңісұлы мен анасы - Джапарова Самал Төлеуішқызына дәйім немересін жіті қадағалауды тапсырып отырады. Сүйкімді қыздың әкесі отбасындағы барлық балаларын бөліп жармайды. Олардың бәріне дерлік қамқор, адал. Және қолынан көп іс келетін шебер, еңбекқор, әртүрлі салада қызмет жасап жүрген азамат. Ал, анасы Опорный орта мектебіндегі химия пәнінің    зертханашысы. Қазіргі  таңда бала күтімінде. Мектепті, оқу орындарын үздік бітірген анасы  балаларының біліміне өте қатты назар аударып, үнемі бақылауда ұстайды.  
      Текті ана мен әке әлдейін сезініп өсіп келе жатқан Бақытгүл -кішкентайынан – ерке, өте ақылды, салмақты, бауырмал. Артынан ерген бауырларына қамқор, достарына адал, шыншыл. Үйде анасының көмекшісі. Ал, түзде мұғалімдерінің тәртіпті де тәрбиелі бетке ұстар оқушысы болып бой түзеп келеді. 
      Бала шағынан "Айгөлек", "Боранқұл бөбекжайында» тәрбиеленді. 2015 жылы ең алғаш "Опорный орта мектебінің" табалдырығын аттады. Шәкірт атанған сәттен бастап барлық сабақтарға белсене қатысып, жақсы оқыды. Соның арқасында бастауыш сыныбын үздік бітірді. Және үздік бітірген үшін арнайы «Мадақтама» қағазына ие болды. Білім нәрімен сусындатқан ұстазы: Молдашова Роза апайына алғысы шексіз.
      Қазіргі таңда, 5-сыныпқа қадам басты. Мектепішілік апталықтарға, олимпиадаларға, қашықтықтан өткен республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды бағындырып жүр. Сондай-ақ, «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасы «BILGE» халықаралық ақыл-ойды  дамыту орталығы «BILGEN BAIGE» пәндік олимпиадасында 3 кезеңнен өтіп, Ақтөбе қаласында облыстық кезеңге қатысып «Мадақтама» алды. 
      Алғыр қыздың бұдан да өзге жетістері жетерлік. Айталық, ол - Ақтөбе қаласында өткізілген, республикалық бастауыш сынып оқушылары арасындағы олимпиадада математика пәнінен үздік білім көрсеткені үшін «1-ші дәрежелі дипломмен» марапатталды.
Бастауыш сыныптар арасындағы қазақ тілі пәнінен өткен ұлттық интернет олимпиадасында жүлделі 3-ші орыннан көрінді. 
3-4 сыныптар арасында өткзілген «Мен таңдайтын мамандық» атты презентация жасау сайысында жүлделі 1-ші орынға ие болды. 
«Білімді ұрпақ, ел тірегі тірегі» атты бастауыш сыныптар апталығында 2-4 сынып оқушылары арасында өткен М.Мақатаев өлеңдерін мәнерлер оқу сайысында арнайы дипломмен марапатталды. 
      Бастауыш сыныптары бойынша «Математика еліне саяхат» атты апталығында шахмат жарысынан топ жарып, жүлделі 2-ші орынға ие болды.
      «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «математика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жоғары көрсеткіштер иеленгені үшін- « 2-ші дәрежелі дипломмен» марапатталды. 
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»  атты тіл апталығында белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушысы ретінде арнай сертификатпен және «BILGEN BAGE»  республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге өткені үшін 2 мәрте сертификаттармен марапатталды. 
Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылдары аралығында өткізілген 2-ші «BILGEN BAIGE»  республикалық ұлттық білім сайыстарына қатысқаны үшін де сертификатқа иегер болды.   
      Мінекей, жаза берсек білімді шәкірттің толағай табыстары толасыз. Біз азынан шолу жасауды жөн көрдік. Өйткені, Бақытгүлдің өз талантын ашатын өзге де қырлары жетерлік.  
Дарынды оқушымыз қазақ тілі, математика, ағылшын тілі пәндерін қызығып оқиды. Үнемі дайындық үстінде осы үш пәнге көп көңіл бөледі.       Ал сабақтан тыс уақытта өзінің күнделікті сүйікті ісі – тәттілерді, торттарды пісіргенді жақсы көреді. Кейде шахматқа да көңіл бөліп, ауаны ауып тұрады.
      Ес білгеннен еліктеп, үлгі тұтатын ақыны Мұқағали Мақатаев. Ақынның поэзиясымен сусындағанды, өлеңдерін жатқа оқығанды әдетке айналдырған. Дегенмен, бүлдіршіннің болашаққа құрған мақсат міндеттері тым өзгеше. Есейгенде білікті дәрігер, хирург  болуды армандайды. Жас білімгер қыздың ертеңіне сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}