Ақылды Альмира
Таңғажайып қызымыздың бақытты балалық шағы оқырман бүлдіршіндер үшін үлгі. Ендеше, сиқырлы қаламның сырлы сөздерімен, бізде талантты қыздың балғын шағына сапар шегіп көрелік...
2013 жылдың 6-шы қаңтарында, әсем қала Алматының перзентханаларының бірінде дүниеге есігін ашқан Ержан Альмира Дауренқызы, ата-анасының тұңғыш перзенті. Оның балалық шағының аспаны - әкесі Дәурен мен анасы Айгерімнің тіккен қазыналы шаңырақта бақытты балалыққа толы күндермен өтуде. Альмираның артынан ерген сүйкімді, тіл алғыш – үш сіңілсі бар.
Дәурен мен Айгерім тұңғыш қыздарының ой-өрісін жан-жақты дамытып, талапты, әрі білімді бала етіп тәрбиелеп өсіру жолында көп еңбек сіңірді. Альмираны жетектеп қаладағы танымал балабақшалардың бірі №178-ші балабақшаға апарып, оның осында тәрбие алуына жағдай жасады. Қамқоршы апайлары да өздерінің кішкентай балдырғанға деген ерекше мейірінің арқасында кішкентай Альмираны еркелетіп, білім мен өнерге баулып өсірді. Бүлдіршін қыз өзі тектес қала балаларымен бірге ойнап, көбісімен дос болып, балабақша өмірі оған тым қызық, әрі керемет көрінетін.
Ата-анасының сүйінішіне
![]()
айналған қыздары Альмира 5 жасынан бастап мектеп табалдырығын аттады. Бала күнінен зерек өскен бүлдіршін Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталатын, 140-шы гимназияның оқушысы атанды. Қазіргі таңда осынау білім шаңырағынының 2 сынып оқушысы. Ұстаздары және жетекшісі Жақыпбекова Айгүл Елжасқызы сүйікті шәкірті Альмираның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ал, ата-анасының қызын тәрбиелеп, дарынды жүйріктердің қатарына қоса білген Айгүл апайына – алғысы шексіз.
Әкесі Дәурен қызының дарынды, зерек, өнерлі болып өсіп келе жатқандығын, ең бірінші сынып жетекшісінің арқасы деп біледі. Сондықтан апайы Айгүлге зор сенім артады.
Альмира 1 сыныбынан бастап оқушылар арасында пәндік олимпиадаларға қатыса бастады. Математика пәнінен межелі асуларды бағындырды. Аталмыш пән бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, өз қатарластары арасында – 1 орынға ие болды. «Дарын» республикалық практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «КЕНГУРУ-МАТЕМАТИКА БАРЛЫҒЫ ҮШІН» - атты халықаралық зияткерлер конкурсында – 1 орынмен, «Onlain test pad» атты математикалық сайыстан сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, Алматы қаласында өткізілген «Құрдіретті жырдың құндағында» - атты М.Мақатаев атындағы республикалық ән және көркем сөз оқу байқауларына қатысып, әдебиеттен де өз бағын сынап көрді. Белсенділігі үшін алғыс хаттарға ие болды.
Альмира - оқуда озат, зейінді шәкірт. Мектеп табалдырығында өткен сан түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Әрі Альмираның кітап оқуға деген ынтасы өте жоғары. Балаларға арналған түрлі әңгімелер мен ертегілерді, қиссаларды іздеп жүріп оқиды. Құрбыларының, достарының алдында беделді.
Ал, отбасында ата-анасының айтқанын бұлжытпай орындайтын, ақ көңіл, мейірімді, пысық қыз. Кішкентай болса да бауырмал. Өзінен кейінгі сіңілдеріне көңіл бөліп, солармен ойнағанды, сіңілдерін еркелеткенді жақсы көреді. Бос уакытында сурет салғанды ұнатады.
Альмира ертерек ержетіп, өзінің мақсаттарына қол жеткізгенді қалайды. Көптеген әйгілі суретшілермен танысып, олардан сурет өнерінің қыр-сырын үйренуді армандайды. Осындай ерекше өнерімен әлем жұртын таң қалдырған қазақ қызына айналғысы келеді.
Бала күннен өзіне талап қоя білген суретші бүлдіршіннің сурет салып жатқанда, ешкімнің кедергі етпегенін, ойының бөлінбегенін қалайды. Оның пікірінше: сол кезде аталмыш шығармашылық иесі, өзінің ісінен ләззат алып, қиялындағы дүниені көзбен көргендей сезіп-біліп тұратын көрінеді.
![]()
Айналадағы адамдардың таңданысы мен эмоциясы да Альмираға қатты әсер етеді. Шығармашылық иесі болғандықтан, кез-келген дүниені жанына жақын қабылдап, әр нәрсенің себебін білуге талпынып тұрады.
Әдетте адам баласының әлденені зерттей түскенде, ойына неше түрлі фантазия оралатыны секілді, Альмира да қиялындағы ерекше дүниелерді қағаз бетінде түсіргенді жан көреді. Дәл осы қасиетімен де өнерпаз бүлдіршін өзі қатарлас басқа балалардан ерекшеленіп тұрады. Дегенмен, суретші қыздың есейіп, өз мақсаттарына қол жеткізуі үшін көп ізденіс қажет. Сондықтан, анасы Айгерім қызының болашақ армандарына қол жеткізуі үшін бар жағдайды жасап та қойған. Әкесімен ақылдаса келе, болашақта қызын Алматыдағы дарынды балалар оқитын сурет үйірмесіне беруді де ойға алып қойған.
Тек алдымен балаң қыздың мектеп табалдырығынан бойына білім нәрін сіңіріп, қанатын қатайтып, толыққанды тәлім тәрбие алғанын құптайды.
Кез-келген сәбидің өзіндік бала армандары болатындығын жоғарыда айтып өткен едік. Десе де, бүлдіршіндердің бала арманы уақыт өте келе өзгеріп те жатады. Ал кейіпкеріміз Альмираның мақсаты айқын. Балғын қыздың суреткер болмысының өзі – көпке үлгі.