Дарынды бала – Дамир
Кез – келген адам баласы ақылды, белгілі бір дарын иесі, тек оның қай салаға мойын бұратынына баса назар аударған жөн. Бастапқы білім негізі бастауыштан қаланатынын ескере отырып, сол уақытта балада шығармашылық қасиеттер қатар дамитынын аңғаруға болады. Сондай дарын иесі – Дамирдің балалық шағының жарқын күндері туралы оқырмандарымызға әңгіме шертеміз.
Лелеков Дамир Дмитриевич – еліміздің көрікті қаласы Қостанайда 2009 жылы 3-ші тамызда өмірге келген. Бала күнінен өте шығармашыл бүлдіршін әсем қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан №6 «Ясли–сад» ГККП атты балабақшасында тәрбиеленеді. Мұндағы тәрбиешілер балғынды өнерге баулып, танып білуге деген құштарлығын оятады.
Ерекше талантты бала ән айтуды, би билеуді және сурет салуды үйреніп ес біледі. Жұлдызы ерекше Дамир – қала бойынша өткізілген би жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болады. Бертін келе балабақшада өткізілген іс-шаралардың белсене қатысушыларының біріне айналды. Тәрбиешілердің айтқанын орындап, ерекше сүйкімділігі, тіл алғыштығымен көзге түсті.
![]()
Қазіргі таңда, жеткіншек Қостанай қаласына қарасты номері №9 Ғафу Қайырбеков атындағы орта мектепте білім нәрімен сусындап жатыр. Мектептің бетке ұстар оқушыларының бірегейі. Үлгерімі өте жақсы, үздік оқушылардың қатарынан. Үнемі ізденіс үстінде жүру Дамирдің шығармашылық қабілетін қарқынды дамытып, бір орында тоқтап қалмауға әсер етті. Соның арқасында ол көптеген жетістіктерге жете білді.
Мысалы: 1-сыныпты оқып жүрген уақытында ана тілі – қазақ тілі бойынша «Қостанай дарыны» өңірлік - ғылыми практикалық орталық өткізген олимпиададан жүлделі 1-орынға ие болды. Жаратылыстану бағытынан да белсенді болған шәкірт оқу жылының екінші жартысында ХІV халықаралық негізгі пәндер бойынша бастауыш сыныптарда өткізілетін олимпиада да бақ сынап, математика пәні бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, қашықтықтан өткізілген сайыстарды да жіберіп алған емес. Оның ішінде: «Русский Медвежонок» атты сайысының және «BILGEN BAIGE» республикалық олимпиадасының белсенді қатысушысы екендігін атап айтуға болады. Және «Совёнок» интелектуалды сайысының жүлделі 1-орынын иемденді. Республикалық «Дарын» ғылыми практикалық сайысының «Информатика және компьютер» ойын – сайысында дәрежелі 3-ші орыннан көрінді. Республикалық ұлттық интернет олимпиадада «Дүниетану» пәні бойынша ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасында тағы бір мәрте – жүлделі 3-ші орынға ие болды.
Дарынды бүлдіршін қолы бос уақытта «Кубик рубик» жинаумен машықтанады. Ой-сананы жетілдіретін аталмыш ойынға қатты қызыққаны соншалық, 6 жасынан үйрене бастаған. Өз бетімен интернет желісіндегі «YouTube» қосымшасы арқылы видео-мәлеметтер көмегімен кубик рубикті жинаудың алгоритмі бойынша онлайн сабақ алады. Кейін бағын сынамақ болып, Қостанай қаласы бойынша «Спидкубинг» атты жылдамдыққа «Кубик рубик» жинау сайысына қатысып, белсенділік танытады. Мұнымен шектеліп қана қоймай, өзін спорт жағынан да дамыт келеді. 6-9 жас аралығында спорттық үйірмеге қатысты. Дамирдың табиғат аясында серуендегенді, спортпен айналысқанды жаны сүйеді. Сол себепті бокстан туризмге бет бұрды. Енді ол «Самырұқ» атты туристтік клубтың белсенді мүшесі. Туристтік клуб Дамирге жақсы жағынан әсер берді. Әсіресе, скаладром арқылы жүруді үйренді, арқан байлаудың және т.б. әдістердің қыр-сырын үйренді. Негізінен, Дамирді кішкентайынан өнерлі етіп тәрбиелеген алдымен бір ғана адам бар. Ол оның анасы – Лелекова Жанар Уахитовна.
Ұлын мақтан тұтатын ана – 1980 жылы қазан айының 23-ші жұлдызында дүниеге келген. Қазіргі уақытты «Забота Company LTD» (Дәріханалар желісі «Забота» ) ТОО – да есепші қызметін атқарады. Ал, әкесі – Лелеков Дмитрий Владимирович. 1978 жылы маусымның 5-ші жұлдызында дүниеге келген. Көптеген жылдардан бері заңгер қызметімен әуестенетін ардақты әке. Дамирдің асыл қамқоршыларының біріне әжесі – Бимурзина Зауреш Турсуновна есімді қарт анасы да лайықты. Кейуана бүгінде немересі Дамирді өзі тәрбиелеп отыр. Анасы жұмыспен айналысатын болған соң, қымбатты немересін үйірмелеріне апарып, алып келіп жүреді. Және атасы – Бимурзин Уахит Кабдуович. Ғұмырын «Юкас» ТОО шаруашылығына арнаған, аталмыш саладағы меңгерушісі қызметкер. Атасы да жұмыстан тыс уақытынды Дамирді еңбекке баулиды. Оған балық аулауды үйретеді.
Өнерпаз кейіпкеріміздің өмірінде атасы мен әжесінің алатын орны тым ерекше. Өмірге келген уақытынан бастап әрдайым солардың жанында болып, мейірім шуағын сезініп өсті. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерінің бірден-бір себепшісі – Зауреш әжесі. Қарт ана бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді жетік біледі және бар білгенін немересіне үнемі айтып, үйретіп отырады.
Дамир оқудан бос уақытта әртүрлі өнер үйірмелеріне қатысады. Әсіресе, 9 жасынан бері «Жұлдыз» студиясында домбыра үйренуде. Бұл үйірмеге қатысуға себеп болған жағдай «Жұлдыз» студиясының филиалы Дамир тұратын аудан маңында ашылған кезден басталады. Ұлттық аспабымызға ынтасы ауған бүлдіршін домбыраны тез-ақ шертіп кетті. Тіпті, 3 айдан кейін, Қостанай қаласында ұйымдастырылған концерттерде өнер көрсетті. Әрі осынау студияның іс-шараларына белсене атсалысқаны үшін сан мәрте «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.
![]()
«Жұлдыз» студиясының домбыра үйірмесінде екінші жыл оқып жүрген кезінде – «Qostanai» телеарнасының «Тобыл таңы» атты телевизиалық бағдарламасына сұхбат берді. Сондай-ақ, республикалық «Creative best» атты сайыста топ жарып, Қырғыз елінің «Маш ботой» атты күйі шерткен болатын. Өнерпаз бала күй шертуде бірнеше орындау техникаларын қолданады. Айталық, барлық саусақ пен оң қол арқылы, бір саусақ арқылы, тіпті, домбыраны иығына қойып шертіп көрерменді тамсандырып, халық алғысына бөленеді.
Дамир тумысынан өте ашық және достыққа құмар бала. Мектеп қабырғасында білім ала жүріп, домбыра үйірмесінде, туризм клубына барады. Достары, қатарлас сырластары тым көп. Достары да Дамирге қолдау көрсетіп тұрады.
Есейгенде әкесі секілді заңгер болуды армандайды. Бойына біткен асыл қасиеттерінің бірі кез-келген уақытта көмек қолын созуға дайын тұрады. Түйіндей келе дарынды Дамирге ата – әжесі мен ата – анасының үміттерін ақтап, осы алған бағытынан таймай биік белестерді бағындыра берсін деген ойдамыз. Және тілекшіміз!