Рахметулин Адият Берікұлы

Рейтинг:

Жеңіс тұғырындағы жеңімпаз – Адият

      Ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, мәдениетін, тілін, дінін, тілін құрметтейтін нағыз көшбасшы – саналы ұрпақ. Сондықтан, қазіргі жас өспірімдерімізден болашақта өз саласының тұлғасы болатын лайықты азамат қалыптастыру, әрі оқушылармен тығыз жұмыс жасап, олардың қабілет- қарымын аша білу ұстаздардың басты парызы. 
      Дегенмен де, кейбір балалар тумысынан ерекше қабілетті, бойында көшбасшылық қасиеті басым, білімді де, өнерлі болып жаратылады. Сөзімізге дәлел ретінде, бүгінгі мақаламыздың өнерлі, білімді кейіпкері, бірнеше ғылыми олимпиадалар мен өзге де интеллектуалдық конкурстар мен өнер байқауларының жеңімпазы – Рахметулин Адият Берікұлын тілімізге тиек ете аламыз. Олай болса, ойы жүйрік кішкентай оқырмандарымызбен бірге білгір оқушы Адияттың балалық шағына қалам тербелік.
      Талайды табандылығымен тәнті етіп, талайдың таңдайын қақтырған кейіпкеріміз – арайлы Ақмола облысына қарасты сырбаз Көкше бойындағы көрікті қала Көкшетаудың перзенті. Ол - осынау киелі де, қазыналы мекенде  2005 жылы маусым айының 3-ші жұлдызында өмірге келген. 
      Өнегелі жас өреннің үлгілі отбасындағы арқа сүйер әкесі Рахметулин Берік Жамбылұлы – ҚР ішкі істер министрліг іТөтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының азаматтық қорғау полковнигі, өрттің алдын алу кафедрасының доценті. Жанұясының жанашыры, балалары үшін аянбай тер төгіп, әкелік парызын адал атқарып келе жатқан асыл азамат. Ал, аяулы анасы Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты. Түзде де, үйде де бала тәрбиесіне көңіл бөліп, үміт етер қараларының ертеңін ойлаған мейірбан ана. Сонымен қатар, білімді, батыл ұлымыздың мәртебе тұтып, қатты жақсы көретін Рахметулин Жамбыл ағамыздай ақылды, парасатты, жайдарлы мінезді атасы бар. Қазыналы қарт әулетінің ұйытқысы, Ақмола обылысына белгілі, беделді тұлға, әрі зейнеткер. Дәйім немерелерінің ертеңін ойлап, олардың саналы ұрпақ болып қалыптасуына өз ықпалын тигізіп жүрген жанашыр жан.
      Адияттың артынан ерген сұлу да, сүйкімді қарындасы Рахметулина Инаят өте білімді оқушы. Ол да, өзіндік қабілеті мен талантының арқасында бүгінде тұңғыш Елбасымыздың есімімен аталатын Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 4-ші сыныбында білім алып жатыр. Өзі үздік оқушы, ән, бимен айналасады. Тіпті, көптеген шығармашылық байқаулардың жүлдегері. Ал, інісі Дінмұхамед – №6 мектеп-лицейінің 1-ші сынып оқушысы. Дінмұхамедтен кейінгі кенже інісі – Нуреддин небары  3 жастағы алғыр балақай. Және сол алғырлының арқасында балабақшада тәрбиеленіп жатыр. Аға ақылына бой ұсынған қос іні дарынды ағаларының жолын қуып, ер жетіп келеді. 
      Адият 3 жасынан бастап Көкшетау қаласындағы  №14 «Чайка» балабақшасына тәрбиеленді. Кішкентай кезінен елгезек, тілалғыш жан-жақты болып, әрі тәрибешелері қызығатын өнерлі бүлдіршін болып ес білді. 2011 жылы   аталмыш мектеп-бақшасындағы 1-ші сыныпқа барды. Партаға отырған күннен шәкірттік жауапкершілікті сезініп білуге, үйренуге ұмтылды. 2-сыныпқа табан тірегенде Көкшетау қаласы №5 мектеп-гимназиясына ауысады. Мұнда да оқуға деген құмарпаздығының арқасында барлық сыныпты үздік оқыды. Әрі жыл сайын үздік оқығаны үшін – «Мадақтама қағазы»-мен марапатталатын. Сөйтіп, аталмыш білім ордасында 6-сыныпқа дейін білім алды. Осы аралықта өзін тек қана жақсы жақтарынан көрсете бастады. Олимпиада, ғылыми жұмыстар жүргізіп,  спорттық шараларға да қатысып, жүлделі орындар алып отырды. Кішкентай кезінен ғылыми жұмыстарға қатысып, толағай табыстарға қол жеткізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында, бойындағы білімін жетілдіріп, додаларда бақ сынап, жетістіктерге жетті.   Айталық, Адият - 2013 жылы 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының облыстық  «Зерде» конкурсында жүлделі 2-орынмен, жер күніне арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында дәрежелі 1-орынмен  марапатталды. 2014-2015 жылдары Көкшетау қаласында ұйымдастырылған 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының облыстық  «Зерде» конкурсында 2 мәрте жүлделі 1- орыннан көрінді.  
      «Шағын-ЭКСПО-2014» облыстық конкурсында дәрежелі 2-орынды, «Шағын-ЭКСПО 2015» инновациялық идеялар мен жобалардың облыстық байқауында 1-орынды қанжығасына байлады. Қазақстанның Индустрияландыру күніне орай өткізілген «Қазақстанның жасыл көрмелері» атты көрмеге белсенді қатысқаны үшін арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды. 2015 жылы Щучье қаласында өткізілген 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық «Зерде» конкурсында жүлделі 1-орынды иеленсе, жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференциясында тағы да жүлделі 1-орынға табан тіреді. Мінекей, ғылыми ізденісінің арқасында кейіпкеріміз ауыз толтырып айтарлық белестерді бағындыра алды. Ал, білімпаз өреннің оқудағы жетістігі қандай болғандығын келесі жүлделерінен білуімізге болады. Сонымен, ол- 2-ші сыныбында мектеп қабырғасындағы жарыстан «Еңбек сүйгіштігі» номинация бойынша «Диплом» иеленді. 2013 жылы «Кенгуру-математика для всех» атты халыаралық интеллектуалдық конкурсының жеңімпазы атанды. 2014 жылы мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысқан үшін сертификатпен марпатталды. Ал, 2015 жылы 4-ші сыныптар аралығындағы өткізілген математика пәні бойынша қалалық турнирінде жүлделі  1-орынды иеленді.  Республикалық қашықткан өткізілген «Вундеркинд» конкурсының қатысушысы атанып, «Сертификатқа» қол жеткізді. «Бастау» VII республикалық математикалық турнирінде тағы бір мәрте  «Сертификат» иегері атанды. 
      Адият біліммен қатар спорттан да кенде емес еді. Бала күнінен спорт мектебіне барып, үздіксіз жаттыққандығының арқасында – 2014 жылы Астана қаласында өткізілген «Ушу-Таолу» атты республикалық чемпионатта «Гунь шу» номинациясы бойынша  2-орынды иеленді. Осынау чемпионатта «Дао шу» номинациясы бойынша 3-орынды, және «Чань цюань» номинациясы бойынша тағы да бір мәрте 3-орынды иеленіп, үш бірдей жүлдені қанжығасына байлаған болатын. «Каратэ-до» облыстық чемпионатында 3-орын алды. 2013 жылы «Ушу-Таолу» қалалық турнирдегі «Гунь шу» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді. 2014 жылы «Ушу» чемпионатында 1-орынды, аталмыш чемпионаттың «Дао ШУ» номинация бойынша 2-орынды қоржынына ілді. Осынау жыл ішінде – 7-дәрежелі елі, 8-дәрежелі, 9-дәрежелі үш рет қатарынан  «Цзи ушу» иесі атанды. Ал, 2012 жылы «Каратэ-до»  бойынша 2 мәрте – «КЮ» белдеу иесі атанды.  Мұның өзі ержүрек спортшымыз үшін үлкен жетістік. 
      Адият 2014 жылы облыс әкімі Сергей Кулагин, Бердібек Сабарбаевпен  кездесіп сұхбаттасты. Жоғарыда айтып өткеніміздей дарынды кейіпкеріміз – қалалық, облыстық, республикалық «Зерде» ғылыми жұмыстарының бас жүлде иегері және басқа салалар бойынша жүлдегер атанып, өз қатарының алды болып көшбастап тұрғандықтан, алғыр шәкіртпен кездесуге барша жан асық болды. Сөйтіп, көрермен мен тыңдарманды, жанкүйерді айтпағанда, басшы Бердібек Сапарбаев мырзаның өзімен кездесіп, сұхбаттасқан еді.  2015 жылы «Хабар» телеарнасына өзінің жетістіктері туралы сұхбат берді. Сонымен қатар, «Арқа ажары», «Көкшетау» баспасөз беттерінде де жетістіктері туралы жазылды. Қашан да, құрмет пен марапаттың арқасында ата-анасының мерейін үстем етті. 
      2017 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсіп, қазіргі уақытта, сол мектепте білімін жетілдіріп келеді. Адият өнермен де машықтанады. Әсіресе, домбыра тартқанды қатты жақсы көреді. Қолы бос уақытта, әдеби кітаптар оқығанды ұнатады. Ата-анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі.  
      Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді. Өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін білдіріп, кішілерге қамқор, үлкендерге құрмет көрсете алатынын дәлелдеп келеді.  Өмірі жеңіске толы Адияттың біз де ертеңіне сәттіліктер тілейміз! 
      Халқымыздың атын шығара бер – жас өрен!
 
 
 
 
 
 
 
 
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}