Амангелді Санжар Нұрланұлы

Рейтинг:

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК САНЖАР

      Арман – адамды алға жетелейтін алып күш. Осы күш арқылы талаптанамыз, еңбек етеміз, білім аламыз, ізденеміз. Талап арқылы тіпті тау қопаруға болады. Еңбек еткеннің өнбегі көп. Білім өмірге сәулесін шашып,   шырағын жағады. Үнемі ізденумен мұратқа жетеміз. Бұның бәрі арман деген ұғымның астарында айқындалады. Бүгінгі таңда талабы таудай болған, арманы асқақ жанның жеткен жетістіктері туралы баян етеміз. 
      Амангелді Санжар Нұрланұлы – 2008 жылы қаңтар айының жетінші жұлдызында Алматы қаласының Әуезов ауданының  №3 перзентханасында  шыр етіп дүниеге келді. Амангелді отбасында үлкен қуаныш орын алды. Ол – қуаныш өмірге жас сәбидің өмір есігін ашуымен байланысты еді. Баланың өсіп-жетілуі өсірген ата-ананың тәлім-тәрбиесінен, өскен ортасынан  танылады.  Санжар Нұрланұлы –  Алатаев Мұхамедқалидің  ұрпағы. Ұлы бабасы екі бірдей соғысты көрген – ержүрек азамат.
    1939-1940 жылдары  Советтік Финдік соғыста және 1941-1945 жылгы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, еліне аман-сау оралды. Алатаев Мұхамедқали – Қызыл жұлдыз орденінің иегері, сонымен қатар «Құрмет орденінің» 3-деңгейін иеленген, «Соғыс ерлігі» үшін медальмен марапатталған. Бабасының батырлығы, даңқы мен абырой дәрежесі шөбересі Санжардың да бойынан таныла білді. Үлкен әжесі – Байжуманова Төлеу Байжумановна.  Он құрсақ көтеріп, «Батыр ана ордені» иегері атанған. Он балаға орнықты тәрбие берген, орынды сөз айтып, өмірде өз жолдарын табуға бағыт берген. Атасы – Алатаев Амангелді. «Қазақстан Республикасының  Білім Беру ісінің құрметті қызметкері» және  «Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері» атақтарына ие болған. Немересінің білім жолында белестерді бағындыруы атасының ақылдылығынан дарыған. Әжесі–Алатаева Назира Тұрсынхановна.  «ҚазССР-нің Тұтынушы Кооперациясының үздігі», «ҚазССР-нің Еңбек қайраткері» дәрежесін алған дарқан тұлға. 
      «Жігіттің жақсысы – нағашыдан». Санжардың   табиғатынан тапқырлығы, талапты болуы атасының ардақты азамат болуынан аңғарылады. Нағашы атасы – Карджанов Нилхибек Ауғанбайұлы.  «Құрмет Орденнің ковалері»,  Алматы қаласының Медеу ауданының депутаты, «Алматы қаласының құрылыс салушыларының 50 жылдық медалінің иегері» болды.  Нағашы әжесі – Карджанова Назипа Зейнулловна. «ҚазССР-дің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының   Министрлігінің «Құрмет грамотасының иегері», «КазССР-нің Еңбек ардагері медалінің иегері» атанған. Әкесі –Амангельдиев Нұрлан Амангельдиевич, анасы – Карджанова Жібек Нилхибекқызы. Асқар тау әкесі мен аяулы   анасы қаржы  саласында өз ісінің мамандары екенін айта аламыз. Санжар бірінші сыныпты аяқтағанда ата-анасына алғыс жарияланып, олар бір марқайып қалды. Ал, ұлының одан кейінгі алған  жетістіктерін мақтанышпен айтып жүреді.  Нұрлан ағамыз бен Жібек апайымыз екі ұл тәрбиелеп отыр.  Екінші ұлдары, үйінің кенжесі – Сағи Нұрланұлы. Ол – ағасын өте қатты құрметтейді. Санжар да інісіне әрдайым көмек беріп, ізет көрсетеді. 
      Балалық шағынан Санжар акылды, сыпайы, момын бала болып өсті. Бала шақтан болашаққа бастаған мінез бағыт алған жанға бағдаршам болады. Кішкентай Санжар  2010 жылы   алғаш рет  Алматы қаласының Әуезов ауданындағы жекеменшік «Қонжық» атты балабақшасына барды. Бір жыл өткен соң Алматы қаласының Әуезов ауданының мемлекеттік №23 бала- бақшасына ауысты. 
      Алғашқы мектепке бастаған қадамы Алматы қаласының №173 мектеп-лицейінде басталды. Нұр жауған талантын, таудай талабын байқаған ұстаздары өзгелерге үлгі етті. Оқуда «үздік оқушы» атанды.  Математика пәнінен қабілеті өте жоғары болды. Кез- келген есепті қиналмай, аз уақыт ішінде шеше алды. Осы қасиетін дамыту үшін көптеген халықаралық қашықтық олимпиадаларына қатысты. Бұл олимпиадалар нәтижесі Санжарды одан ары шыңдай түсті. 2015-2018 жылдары Ресей мемлекетінде Смоленск   мемлекеттік университетінің қолдауымен өткен халықаралық дистанциондық олимпиаданың «Инфоурок» проектісінің жүлделі бірінші, екінші, үшінші орындарын алды. 
      Халықаралық «Пони» турнирінің қатысып, өз білім деңгейін дәлелдей білді. Халықаралық Болгар олимпиадасына қатысып, өзге ел оқушыларымен бақ сынасты. 2015-2017 жылдары «FIBONACCI» Француз олимпиадасына қатысып, өз білімі мен белсенділігін тағы бір мәрте дәлелдей алды. Белорусь  мемлекетінде өткен халықаралық дистанциондық «Старт» конкурсында 15 баллдан 14 балл жинап, өте жоғары нәтиже көрсетіп,  2-орынмен марапатталды. 2015 жылы Астана қаласында өткен   «Ақбота» интеллектуалдық марафонында жоғары нәтижеге жетіп,  2-орынды иеленіп, сертификат пен диплом табыс етілді.
       Алматы қаласында өткен «Білгіш-2» Метапәндік Зияткерлік Олимпиадасына қатысып, он сұрақтың тоғызына дұрыс жауап беріп, тағы бір мәрте 2-орынды өз қанжығасына байлады. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатардағы оқушылары 2015-2016 жылдары «Ғылым» баспасы шығарған «Қазақстанның үміт артарлары» кітабына үміт артар ұлдың бірі Санжар да енді. Оның өмірбаяны мен марапаттары жазылды. Болгария мемлекеті ұйымдастырған «Mathematics without borders» халықаралық турниріне 2015 және 2016 жылдары қатарынан қатысып,  сертификатқа ие болды. 
      2019 жылы 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиеті пәнінен болашақ әдебиетшілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған  Қазақстан Републикасының Бірінші Республикалық «Әдебиет білгірі» олимпиадасының 1-дәрежелі дипломымен марапатталды. Тек білім жолында ғана емес, спорттық салада да өзін таныта білді. Бірінші сыныптан бастап,  Санжар бос уақытында Алматы қаласының №9 «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде» спорттық-гимнастикамен айналысты. 2016 жылы ақпан айында  2 жасөспірімдік разряд атағы  берілген. Осы гимнастикаға үнемі өз уақытын бөліп, денсаулығының қалыпты болуын қадағалайтын еді.  
      Санжар математика пен спорт саласына деген қызығушылығы зор. 5-сыныптан бастап Санжар «AIPLUS»  білім орталығында қосымша білім алып, «Mega Mind» дәрежесіне дейін жеткен болатын. Қазіргі уақытта Санжар Алматы қаласы №173 мектеп-лицейде 6 «А» сыныбында оқу оқып, білім алып жүр. Сабағын өте жақсы оқиды, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Санжар бос уақытында джиу-джитсу спорттық секциясына барады.
      Санжардың арманы – Оңтүстік Корей мемлекетіндегі жоғарғы оқу орнының грантын ұтып алу. Ақпараттық технология мамандығын меңгеруді қалайды. Қазақ елінде осы саланың көшбасшысына айналып, өз еліне жаңалық алып келгісі келеді, ел ертеңін ойлайды. Аңсаған арманы, алға қойған мақсаты әрдайым алдыға итермелеп, асар асуы көп болсын деп тілейміз. «Асқар шыңдарды бағындыруға батыл қадамдар жасай біледі» - деп болашағына үміт артамыз.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Аида- 22 декабря 2020 18:30
Молодец,очень умный,талантливый,целеустремленный мальчик.Только в перед.

Самал- 22 декабря 2020 20:51
Алла тагала саган ар кашан да колдап журсин. Алдына койган максаттарына жетип коркее бер! 

{lang_lastnews}