Пасыров Азамат

Рейтинг:

БАҒЫ БЕС ЕЛІ ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ
 
      Қазақ тілімен қатар орыс тілінде еркін сөйлеп, ағылшын тілін тереңінен меңгеріп келе жатырған жас - Пасыров Азамат 2010 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Жаңаөзен қаласындағы «Ақбұлақ» балабақшасында тәлім-тәрбие алып, үлкен өмірге қадам басты. Үнемі ізденіс үстінде болып, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайтын алғыр да, зерек ұлан Жаңаөзен қаласындағы №16 мектептің табалдырығын аттап, бүгінде осы мектептегі озат оқушыларының бірі.
      Мектептен тыс 6 жасынан бастап, Азамат ағылшын тілін меңгеруде. «НИКА», «STUDYMANIA» білім орталықтарында ағылшын тілін оқып, қазіргі таңда «Intelecto language center» білім орталығында шетел мұғалімдерімен ағылшын тілін тереңдете оқып келе жатырған Азамат 6 жасынан бастап, «ISMA» Халықаралық менталды арифметика мектебінде білім алуда. Оқу барысында 2018 жылдың 28 қаңтарында өткен Менталды арифметика бойынша қалалық олимпиадасына қатысып жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал 2018 жылдың 24 наурызында Алматы қаласында өткен Халықаралық менталды арифметика бойынша өткен олимпиадасында “Champion” жүлделі орынға ие болды.
      Жұмсақ алақанынан ізгілік пен кісіліктің, адалдық пен мейірбандықтың табы сезілетін атасы Пасыров Струган мен әжесі Пасырова Оразгүлдің шамшырағы, үзілмес үміті, ұрпағының жалғасы. Ақсәуле армандарын алақанына қондырып, өмірдің бар жақсылығын бойына жиып, баласының тілегі таңдайынан түспеген анасы Пасырова Гүлжан  құрылыс мекемесінде өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Азамат дүниеге келгелі атасы мен әжесі және анасының тәрбиесін көруде. Азамат ата әжесінің қолында тұрып, олардың өнегелі әңгімесін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап, сана-сезімі басқалардан ерекше болып өскен бала.
      Үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын кітаптар оқып, мектеп бағдарламасын өте жақсы орындап, үй жұмыстарына да көмектесіп қолғабыс етіп жүретін  Азамат - достары ортасында сыйлы, құрметке ие. Есеп шығару саласында да ерекше қабілет танытып, интеллектуалды ойындарда зерделілік көрсетіп, ұстаздарының алғысын алып келе жатырған Азаматтың бағындырар белесі биік, шығар шыңы алда.
      Ізденіп, білім алуға деген қызығушылығы мектеп табалдырығын енді аттаған Азаматты ұлы армандарға жетелеп, мектепішілік білім сайыстары мен интернет арқылы өткізілген сайыстарға белсене қатыстырды. Қандай жарысқа қатысса да, өзінің білімі мен біліктілігіне арқа сүйеп, үлкен сеніммен алға қадам басатын қабілетті жас түрлі сайыстың жеңімпазы.
 
Жетістіктері:
1 «Е», 2 «Е», 3 «Е» сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін – «Мақтау қағаздары»; - Сурет салудағы жетістіктері  - диплом;
- 2015 жылы «Маленький оркестр» музыкадан болған ашық сабаққа белсене қатысқаны - «Алғыс хат»; 
- 2018 жылы өткізілген қалалық ментальды арифмитика жарысынан сертификат; 
- 2018 жылы Жаңаөзен қаласында өткен Менталды арифметика бойынша қалалық олимпиадасында 1 орын алғаны үшн – сертификат;
- 2018 жылы Алматы қаласында өткен Менталды арифметика бойынша Халықаралық олимпиадасында "Champion" орнын алғаны үшін – сертификат;
- 2019 жылы ментальды арифметика бойынша өткізілген Қалалық олимпиада кезеңінен I орын;
- 2019 жылы Жаңаөзен қаласында өткен Менталды арифметика бойынша қалалық олимпиадасында 1 орын алғаны үшін - сертификат
- 2020 жылы «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсына қатысқанын растайтатын сертификат; 
- Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай – дара қазақта» шығармашылық байқауына қатысып, ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқуда озат табысқа жеткені үшін – «I дәрежелі диплом»;
- «ПОНИ» Халықаралық ойын-байқауынан сертификаттар;
- «ISMA» Халықаралық ментальды арифметика оқу орталығынан жетістіктерге жеткені үшін - сертификат;
- 2020 жылы Мектепішілік өткізілген пән олимпиадасында «ағылшын тілі» пәнінен I орын, «Орыс тілі» пәнінен III орын;
- 2020 жылы Қалалық «Білімділер олимпиадасында» «Ағылшын тілі» бойынша «IV дәрежелі диплом»;
- «Ментальды арифметика» курсының емтиханын сәтті тапсырғанын I деңгейін және V деңгейін бітіргенін растайтын сертификаттар; - Бала тәрбиелеп, мектеп өміріне белсенді қатысқаны ата-анасына үшін алғыс және шынайы ризашылығын білідіріп жазылған ИСМА оқу орталығының директорынан «Алғыс хат»; 
- Ағылшын тілінің «BEGINNER» жапы курсын өте жоғары деңгейд тәмәмдағаны үшін - сертификат; 
- Білімқұмар балаларға арналған, республикалық «Үркер» IQ марафонына қатысқаны жөнінде сертификат. 
 
      Сүйікті ісі: менталды арифметика, ағылшын тілі, шахмат, шашки лото ойнап, футболға қатысу.
      Арманы: Білім саласында адамдарға қажетті ілім ашып, химик болу және Европа қалаларын саяхаттау.


[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Жадыра Шалкар- 5 декабря 2020 20:45
Молодец,Азамат! Улкен беселтерді бағындыра бер! Денің сау болсын. Ата аже,мамаңнын мақтанышы болып жүре бер! 👍🏻👍🏻👍🏻

{lang_lastnews}