Орынбасар Аниса

Рейтинг:
     Қостанай қаласы – еркелей ағатын Тобыл өзенінің жағасында орналасқан қала. Жылдан-жылға дамып, гүлденіп келе жатқан Қостанай көпшіліктің құтты мекеніне айналды. Қала күн санап сұлу да көркем арудай әсемдене түскен. Оның көшелеріндегі түп-түзу биші ақ қайыңдар алыстан көзге түспей қоймайды. Осы шаһарда Орынбасар Әниса Жәнібекқызы тұрады.
     «Өмір – мұхит, уақыт – толқын», – дейді хакім Абай. Толқыны шартарапқа шалқыған ғұмыр жолында тегеуріні мықты, ақылы толық өрен өзінің маңдайына жазылған бақыт даңғылын зор парасатымен жүріп өтуге ниетті. Сондықтан да, оқушылық кезден бастап, оқудың үздігі болуға талаптанып келеді.
      Заңғар көкке қанат қақса: «Елімнің күншуағы, арайлы таңы боламын!» – дейтін қазақтың қаракөзі кішкентайынан ұлт қазынасына сусындап өсуде.
    «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасынанмын. Біздің жанұяның мәні де, сәні де – сыйластық. Татулыққа құрылған берекелі шаңырағымыз – ардақты ата-анам, қамқор ағам, мен және қолғанат інімнен құралған.
     Менің ата-анам – менің мақтанышым. Адалдыққа, қазақ қыздарына тән сыпайы, ұяң, қазақы болмысты тәрбие беріп отырған отбасының үмітімін. Тектілік тамырынан мойын үзбей, асыл қасиеттерді меңгеріп есеюдемін. Болмысы биік, еңбексүйгіш, бір сөзді әкем Жумаков Жәнібек Орынбасарұлы мен ажарына ақылы сай, адамгершілігі жоғары асыл анам Жумакова Дина Шаяхметқызы – перзенттері үшін бар жақсыны беруге даяр парасатты жандар. Алдымдағы үлгі тұтар жанашыр ағам Ахмет Жәнібекұлы – 2002 жылы дүниеге келсе, ізімнен ерген сүйкімді інім Әли Жәнібекұлы – 2011 жылы туылған балдырған», – дейді жарқын жүзді Әниса.
    Орынбасар Әниса 2004 жылы 4 маусымда дүние есігін ашты. Тал бесікте тербетіле өсіп, тәлімді тәрбие алып, білім алар кез келгенде, еркелікті жиып тастап, ақ бантикті тағып, күлімдеген балақай 2011 жылы Қостанай қаласындағы №24 «А» бастауыш сыныптар мектеп-гимназиясының есігін білімге деген зор талпыныспен қақты.
     1-4-сынып аралығында «Үздік оқушы» атағын алған Әниса: «Көрсем, білсем, танысам, танымымды дамытсам» деген көзқарастағы жан қалауын алдыңғы орынға қояды.
   «Ырыс қазығы – білімде». Оқығанын емес, тоқығанын айтуға бейім ел ертеңі – 2015 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа оқуға қабылданып, қазіргі кезде 9-сыныбының көпке үлгілі оқушысы. Табиғат берген ерекше талантымен ұстаздарының зерделі шәкірті атанып үлгерген Арайлым сынып жетекшісі мен ұлағатты ұстаздарын жақсы көреді, құрметтейді.
    Жалынды жасөспірім кездегі қазіргі Әнисаның тұлғалық болмысы адамгершілік асыл қасиеттерге, көркем мінезге, шынайылыққа, адалдыққа толы. Зейінді жеткіншек кішкентай кезінен бастап, өнер әлеміне жақын.
     Алғыр, зерек ару – 2011 жылдан бастап №1 музыка мектебіне гобой аспабы бойынша дәріс алуға барып, қазіргі кезде де сол мектепте осы аспапта ойнаудың қыр-сырын меңгеріп, бітірген дарынды жас. Кішкентайынан ел алдында белсенді, озат өрен болып танылғандықтан ба, Әниса сыртқы келбетіне аса жоғары талғаммен қарайды.
     Алтын уақыт жетегінде сабақты жақсы оқуға түбегейлі берілген оның жасөспірімдік кезеңінде қол жеткізіп үлгерген марапаттары толастар емес. Білуге, білмекке құмар озық ойлы ару 2013-2014 жылдары «Бастау» математикалық турниріне қатысып, 2 лиганың І орнына ие болған «Алға» тобының мүшесі.
    Ізденімпаз қыз – 2014 жылы 15-19 маусымда өткізілген бастауыш мектеп оқушылары арасындағы «Бастау» VІІ республикалық математикалық турнирінің Гран-При жүлдесін алған жеңімпаз.
     Жеткен жетістіктерімен тоқталмай, тек алға қарай ұмтылатын жігерлі жеткіншек 2015 жылы 14-18 маусымда өткізілген бастауыш мектеп оқушылары арасында «Бастау» VІІІ республикалық математикалық турнирінен І орынға ие болып, жетістіктерін еселеді.
    Дойбы (орыс. шашки) – спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты – қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Осы ойынға жасынан қызыққан Аниса жеңіске жетудің жолдарын да жақсы біледі. Атап айтқанда, 2014 жылы Қостанай облысында өткізілген дойбы-64 бойынша 2002-2004 жылы туылғандар арасынан үздік деп танылып, І орынды иемденді.
    Осы жылы Қостанай облысында өткізілген дойбы-64 бойынша 2002-2004 жылы туылғандар арасынан «рапид» және «блиц» номинациясы бойынша тағы да І орын жеңімпазы атанды. Осы күнге дейін көптеген мақтау қағаздары мен алғыс хат, сертификаттар иегерінің алдағы білім додаларында кері шегінер реті жоқ.
  Жаңашылдыққа құмар білімпаз шәкірттің өнер әлеміндегі жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. 2015 жылы Халықаралық «Күншуақ» фестиваліне қатысып, «Хореография, ансамбльдер» (кіші топ) бойынша жүлделі І орынды жеңіп алғандардың қатарында жеңімпаз атанып, марапат биігіне көтерілді.
     Қолы сәл босай қалса, анасына, үй шаруасына көмектеседі. Кітап оқып, би билегенді, ән айтқанды, спортпен шұғылданғанды ұнатады.
    Мәдениетті арудың тілдік білімі, сауаттылығы да жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген. Таза әрі мәдениетті сөйлейді. Әртүрлі қоғамдық жұмыстарды атқаруға келгенде белсенді.
     Мақсаты – оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алу, кәсіби маман атану, Отанға қызмет көрсету.
     Өмір – тасып жатқан көк теңіз. Сол теңізден алар сый-несібең арта берсін, жас дос!
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Дина- 29 февраля 2020 16:14
Наша дочь - наша гордость.

Жалгас- 1 марта 2020 11:50
Умница, удачи, достижения поставленных целей

Жалгас- 1 марта 2020 11:51
Умница,удачи

Жанара- 1 марта 2020 12:37
Молодец! Так держать 👍

Жанара- 1 марта 2020 12:38
Молодец!  Так держать 👍💐

Ернар- 28 апреля 2022 23:01
Аниса , одна из самых запоминающих персон на моей памяти . Ее обширные знания , и радость в мелочах заставляют по новому смотреть на мир .

{lang_lastnews}