Еркенкызы Арайлым

Рейтинг:

     Еркенқызы Арайлым – табиғаты көркем, айдыны аққулы Ақтау қаласының өнерлі аруы. 2006 жылы 9 тамыз Ақтау қаласында дүние келеді. Балалық балдәрені Ақтау қаласындағы 28 шағын ауданындағы №57 балабақшада өтті. Тәрбие қабырғасында жаңа достармен тез тіл табысып, солармен бірге би биледі, ән салды, Түрлі спорттық шараларда белсенділік танытып, тәрбиешілерінің сүйікті балапанына айналды. Бастауыш сыныбында Саламат Мұқашев атындағы №16 орта мектебінде білім алса, бүгінгі күні дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алып жатыр. 5-6-сыныбында тереңдетілген сынып оқушысы атанды. «Балаларым – базарым», «Отбасым – құтты ұям» деп есептейтін әкесі Еркен мен аяулы анасы Ақмарал, інісі Еркебұлан мен сіңлісі Саяжан Арайлымды мақтан тұтады. Болашағының жарқын боларына сенеді. 
     Жетістігі: Халықаралық қашықтық «Матушка Земля» блиц-турнирінде «Новый урок» жобасы бағытында ІІ дәрежелі диплом жеңімпазы; www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты қазақ әдебиеті пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының І дәрежелі дипломы жеңімпазы; «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған математика олимпиадасында І орын дипломы; Мектепішілік «Маңғыстаунама-2018» байқауына қатысып, Ә.Кекілбайұлы шығармаларын «мәнерлеп оқу» бағыты бойынша белсенділік танытқаны үшін ынталандыру дипломы иегері; Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық нышанымыз – Өнерде» атты сурет көрмесінен «Қылқалам шебері» номинациясын иемденген. Республикалық онлайн сурет байқауына қатысып, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша І орын лауреаты атанады. Сыныпаралық «өте жақсы оқығаны үшін» мақтау қағаздарымен марапатталған. 
     Сүйікті ісі: Сурет салғанды жақсы көреді. Көркем сурет байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр. Өлең шығару, жыр шумақтарын мәнерлеп оқу. «АНА» өлеңі. 
Гүл-гүл жайнап, сала берді үй іші, 
Жарық, жылы, бақыт толы қарашы. 
Көктем келіп, Наурыз келді жаңаша, 
Аналарға жарасатын мереке бұл тамаша. 
Табиғаттың өзі де бір келіскен, 
Жер көгеріп, бүрщік атып, гүл жарған.
Төрт түліктің өзі дағы төлдескен,
Барша ананың мерекесі әлемді де тербеткен.
«Ана» деген күн сияқты шуақты, 
«Ана» деген бал сияқты тым тәтті. 
Бал-бұл жайнап жүре берші анашым, 
Ақыл-кеңес беріп жүрген данашым.
     Арманы: Мектепті үздік бітіріп, жоғары білімді маман атану. Бейнелеу өнері саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, қылқалам өнерінің шебері атану. Қазақ поэзиясының дамуына өз үлесін қосып, жалынды жырларымен әдебиет әлемінен орын алу. 

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}