![]()
«ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ІЗДЕНІСТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР»
«Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген қағиданы ұстанатын ұлағатты ұлан Аблюкат Шыңғыс Арынұлы 2010 жылы 30 маусымда Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. Бақыты мен болашағын баласының жолына арнаған, «ұланым» деп еркелеткен, маңдайынан сипап, арқасынан қағып, әрбір бастамасына бағыт сілтеген ата-анасының демеуі мен қолдауына ие Шыңғыс алғы күнге сеніммен қарайды. Оның көзімен сынап, қабағымен айтар ойын ұқтыратын әкесі Смадияров Арын Аблюкатұлы мен жүзі мейірім шуағына толы анасы Серікқызы Индира – ұлдарына жақсы тәрбие беруде еңбек етіп жүрген жарасымды жұп. Алғыр балғын Шыңғыс 2014-2016 жылдары Алматыдағы №3 балабақшада өткен ертеңгіліктерде басты кейіпкерлердің рөлін керемет шеберлікпен орындай білді. 2016-2017 «InterKids» оқу орталығында мектепке даярлық сыныбында білім алды. Қазіргі кезде білуге құмар талапшыл өрен алматы қаласындағы Ораз Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназияда білім баспалдақтарымен жоғары көтерілуде. Бала кезінен бастап жауапкершіліктің не екенін ұғынған зерделі балақай көпшіл, еңбексүйгіш, тындырымды болып ер жетіп келеді. Ол спортқа да біртабан жақын. Дене шынықтыру жаттығуларын тұрақты түрде жасап, түрлі спорт түрімен шұғылданады. Ізденімпаз ұлан табандылығы мен ұмтылысының арқасында еркін күрес спорт түрінен біршама жетістіктерге қол жеткізді.
Жетістігі: «Жылдам оқу», «Мнемотехника», «Ағылшын тілі» бойынша түрлі курстарды бітіргендігі жөнінде Сертификаттардың иегері. Математикадан мектепішілік олимпиаданың І орын жүлдегері, Диплом иегері. 2018 жылы SAGADAT BATYR JIU-JITSU KIDS CUP Халықаралық турнирінің Жеңімпазы. GRAPLING/GRAPLING Халықаралық турнирінің және 2019 жылғы ОАЭ Абу-Даби (ABU DHABI WORLD PROFESSIONAL JIU JITSU CHAMPIONSHIP) Әлем чемпионатының Қола жүлдегері, Нұр-Сұлтан қаласында өткен FESTIVAL NUR-SULTAN OPEN Халықаралық турнирінің Қола жүлдегері. 2019 жылы ARLAN GRIP CHAMPIONSHIP Халықаралық турнирінің Күміс жүлдегері. WORLD CHAMPIONSHIP ACB JJ Әлем чемпионатының қатысушысы. SAGADAT BATYR JIU-JITSU KIDS CUP Халықаралық турнирінің 25 кг және 28 кг салмақ дәрежесіндегі Қола жүлдегері атанған ұлан. ARLAN GRIP CHAMPIONSHIP Халықаралық турнирінің Жеңімпазы. 2020 жылы Алматы облыстық турнирінде Джиу-Джитсу бойынша «Ең жақсы техника» аталымының иегері. Almaty Open KIDS BJJ CUP және ARLAN GRIP CHAMPIONSHIP Халықаралық турнирлерінде екі түрлі салмақ дәрежесінде Қола жүлдегер атанды. Қазіргі кезде жас спортшы 2020 жылдың 13-14 сәуір аралығында өтетін Әлем Чемпионатына дайындық үстінде. Біз жігерлі Шыңғыстың жеңіске жетіп, жүлдемен оралатынына сенеміз.
Сүйікті ісі: Шет тілдерін үйрену, есеп шығару, шаңғы тебу, атқа міну, суда жүзу. Отбасымен, достарымен бірге табиғат аясында демалу.
Арманы: Жоғары білімді ел басқаратын азамат, халық қалаулысы, елші болу.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]