«ҰЛЫЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ – ӨМІРІМНІҢ БАСТАУЫ
Бүгінгі дарынды жас – ертеңгі ел тірегі, ел болашағы, кәсіби маман.Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің көрінісі. Бүгінгі жаһандану заманында бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуы да – мемлекеттің айбары. Тәуелсіздіктің перзенті, озық ойлы ұлан Арсен де уақытпен бірге ержетіп келеді. «Мен еліміздің еңсесі асқақтай беретініне сенемін. Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы атанғанымды мақтаныш санаймын», – деп өз ойымен бөліседі астаналық жас өрен Айтбай Арсен Азаматұлы. Талабы таудай, арман-мақсаты айқын Азаматұлы Арсен 2005 жылы 15 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында дүниеге келді. Астаналық жеткіншек 2013 жылы №54 мектеп-лицейінің шәкірті атанып, білім баспалдағына қадам басты. Білімнің сөнбес шырақ, жарыққа бастар шамшырақ екенін ұғына білген жас дарын 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы заманауи білім ордасы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің зерек шәкірті атанды. Сапалы білімімен қатар өзінің эрудиттік қабілетін жетілдіру мақсатында стол теннисі, суда жүзу, хоккей, компьютер курсы, Актерлік шеберлігі курсы, Көркем оқу курстарына да қатысып, интеллектілік келбетін дамытып келеді. Сонымен қатар, 2013 жылдан «S DANCE» студиясында би жетекшісі Дмитрий және Анна Стариковалардан дәріс алып, конкурстарға қатысып жүр.
Өрелі ұрпақ – өнегелі отбасының жемісі. Жақсы әкенің даналығы – балаға мың жылдық азық екені даусыз шындық. Үлгі тұтарлық тұлға болып жүрген әкесі Айтбаев Азамат Куленбайұлы – ҚР Мемлекеттік күзет мекемесінің полковник шеніндегі қызметкері. Әкесінің бойынан ер адамға тән барлық жақсы қасиеттер табылады. Асқар таудай әкесін сүйенішім, тірегім деп қарайтын Арсен оны мақтан тұтады, құрметтейді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бар мейірімін аямай төгетін анасы Баетова Бақытгүл Қуандыққызы – ҚР мемлекеттік күзет мекемесінің подполковник қызметінде абыройлы еңбек етіп, бүгінгі күні зейнеткерлікте. Ақылшы әпкесі Айтбай Айя – дарынды бабаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің үлгілі шәкірті, бітіруші түлегі. Садақ ату спорт шебері. Кішкентай інісі Айтбай Аңсар Азаматұлы – А.Құрманов атындағы №1 мектеп-гимназиясының озат оқушысы. Шахметпен айналысып, ақыл-ойын дамыту үстінде шыңдалып жүр. Отбасы жақындарының ұлылық ұлағаты мен қолдауына ие болған дарынды жас талай жетістіктер биігінен көрініп жүр.
Жетістігі: Халықаралық Санк-Петербург губернаторының Кубогі турнирінді І орын жеңімпазы; Халықаралық « BaItic Grand Prix” байқауында ІІІ дәрежелі диплом жүлдегері (2016,2017); 2019 жылы ІV орын дипломы; «Autumn Bayterek Cup 2017» І орын жүлдесі; «Winter Bayterek Cup 2018» ІІ орын жүлдегері; «Winter Bayterek Cup 2020» турнирі жеңімпазы атанған талантты ұлан.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану. Би билеу, музыка тыңдау.
Арманы: Ұлы Қазақ Елінің көк туын көкте желбірету, елінің мақтанышы, абыройлы азамат, білімді де білікті маман атану.