БІР ӘУЛЕТТІҢ ҚОС ШЫНАРЫ МЕН ҮКІЛЕГЕН ҮМІТІ
Болашағын бүгіннен ойлайтын Айтемірқызы Айтолқын 1998 жылы 17 маусымда, Айтемірұлы Нұрсәт 2002 жылдың, 8 наурызында Алматы облысы, Алматы қаласында дүниеге келді. Екеуі де бір әулеттің үміт артқан перзенттері, үкілеген үміті мен сенімі. Бизнестің

көк аспанында жарқыраған қос жұлдыз болуды қалаған қос дарын аласармас асқар тау әкесі Айтемір мен анасы Сандуғаштың махаббат пен мейірімге толы ыстық қамқорлығына бөленіп өсіп келеді. Мектептің мақтанышына айнала білген Айтолқын №126 мамандандырылған мектеп-лицейді «Алтын белгіге» бітіріп, еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі НАРХОЗ университетіне оқуға түсті. Университет қабырғасындағы «Таңдаулы Экономистер Одағы» атты пікірсайыс клубының мүшесі, бірнеше дебат сайыстарына қатысушысы. Университет атынан Оңтүстік Кореядағы Solbridge International School of Business университінде оқуға бір семестрге грант иемденді. Талантты қыз жоғарғы оқу орнын жақсы оқумен қатар, өзінің де жеке бизнесін дамытып, «@Sweetbox_kz» интернет-магазинінің негізін қалады. Айтолқын Айтемірқызының болашақ халықаралық деңгейдегі кәсіпкер болатынына кәміл сенеміз!
Айтолқынның жетістігі: «SOLBRIDGE» Халықаралық бизнес мектебінің Сертификат иегері. 2016 жылы «Таңдаулы Экономистер Одағы» Жоғары пікірсайыс мектебінің «ZHAS BUYN CUP I» «Ұшқыр ой» номинациясы бойынша Марапаттау қағазы, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы, бүгінгі күн – ертеңгі тарих» атты ректор кубогына арналған дәстүрлі «TarSU CUP» V республикалық пікірсайыс турнирінің Сертификаты, 2016 жылы «Бұрынғы Арландар мен бүгінгі Тарландар» додасына белсене қатысқаны үшін Сертификат иегері. ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізілген «Внешняя политика РК на новым этапе развития: преемственность курса и перспективы» атты дөңгелек үстелден Сертификат, 2017 жылы Алматы қаласында НАРХОЗ университетінде өткізілген «Model Ubited Nations – New Silk Wayconference» шарасынан және «Весна по китайскому лунному календарю» мерекесіне белсене қатысқаны үшін Сертификат, 2017 жылы НАРХОЗ университетінде өткізілген «ALASH-ORDA: AN EMBODIMENT OF THE IDEA OF KAZAKHSTAN INDEPENDENCE» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан Сертификатын иемденіп, мерейі үстем, мәртебесі биік болды.
Мінезі ашық, ер қайсар да өжет Нұрсәт сабақта үздік болумен қатар түрлі спорттық жекпе-жектерде бағын сынап, жеңіске жетіп келеді. Пейілі кең, ойы ұшқыр, білекті де жүректі жігіттің армандарының бірі – Қазақстанның ең жас миллионерлерінің бірі болу. Үлкен істі қолына алып, сәтті жүргізе білу үшін де сауаттылық пен білімділік, біліктілік керек, осы бағытта ағылшын тілін тереңдете оқып, білімін үздіксіз дамытып келеді.
Нұрсәттің жетістігі: 2016 жылы Ағылшын тілі курсінің 49 астрономиялық сағатын бітіргендігі жөнінде Сертификат иегері. 2017 жылы «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша 8 «Ә» сынып оқушылары арасында өткізілген «Баскетбол» сайысынан І орын,
2017 жылы Алматы қаласы бойынша өткізілген ММА (ережесіз жекпе-жек) жарысынан жүлделі ІІ орын иемденген.
№126 мамандандырылған лицей ішінде өткізілген «Баскетбол» сайысынан І орын,
2018 жылы Алматы қаласында клуб аралық FCF(Full Contact Fight) өткізілген баскетбол жарысынан ІІ орын алған жүлдегер спортшы. 2019 жылы
www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген География және Математика пәндері бойынша І дәрежелі, Химия пәнінен ІІ дәрежелі Диплом иегері. 2019 жылы Ағылшын тілі курстарының 30 сағаттық және 50 сағаттық курстарын тәмамдағаны туралы Сертификат иемденген келешегі жарқын білімпаз шәкірт.