Алшат Аймен

Рейтинг:

«АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ ДӘРІГЕР БОЛУДЫ ҚАЛАЙМЫН»
 
      Ізгілік шапағатынан нұр алып, бойына жақсылық жинап жүрген ізетті өрен. «Арманды мақсатқа айналдырмай, мақсаттың нәтижесіне жетпей тынбаймын» дейтін Алшат Аймен 2011 жылы 12 қазанда еңсесі биік елордада дүниеге келген. Жауапкершілігі зор әкесі Бердібек  Алшат – ақ халатты абзал жан, білікті дәрігер. Отбасының берекесі мен бірлігін сақтап келе жатқан мейірімді анасы Қалиғазы  Даулида – бухгалтер қызметінде. Бауырмен өмірі мәнді, үй іші берекеге толатынын білетін алғыр қыздың алдындағы ақыл айтар ағасы Алшат Ерхан  – №51 мектеп-гимназияның 7 «В» сыныбының оқушысы. Бүлдіршін шағында «Бақыт» балабақшасында тәлім алған алғыр балақай онда тез тіл табысатын қабілетімен ерекшеленген болатын. Мектепке дейін бөбекжайда қоршаған ортаның тыныс-тіршілігімен кеңінен танысып, білім табалдырығын аттаған білімқұмар Аймен Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназияның шәкірті болып қабылданды. Өнерге жақын өрімтал Аймен 2 «А» гимназия сыныбында білім әліппесін меңгеруде. Сынып белсендісі жыр жаттап, мәнерлеп оқуды да нақышына келтіре орындайды. Қазіргі уақытта би өнері бойынша өнерін өрістетіп жүрген Аймен көптеген қалалық, облыстық  өнер  байқауларынан  жүлделі орындарды иемденуде.
      Жетістігі: Балабақша ертеңгілігіне белсене қатысқаны үшін Алшат Аймен Алғыс хат иегері атанды. 1-сыныпты «Өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағазымен марапатталған үздік оқушы. «Ай-Тұмар» би ұжымының құрамында «Мики Маустар» биімен өнер көрсетіп, І орынмен Диплом иемденді. І Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «TalantStar» конкурсының «Хореография» номинациясы бойынша І орын алып, Диплом иемденді. 2020 жылы «Сияние звезд» І қалалық фестивалінде үздік өнер көрсетіп, «ҚҰРМЕТТІ ДИПЛОМ» иегері атанды. 
      Сүйікті ісі: Сурет салу,би билеу,балетпен айналысу,домбыра тарту,ән айту, шетел тілін үйрену, есеп шығару, шағын әңгіме жазу, табиғат аясында суреттеу.
      Арманы: Шетелде жоғары білім алу, білікті дәрігер, өз ісінің шебері атану.













[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}