«БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ»
«Мен елімнің ертеңімін. Менің бүгін алған білімім ертең ел игілігіне айналатын күш болуы керек. Өскенде «елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деп еңбек ету – барша замандастарымның борышы деп білемін. Мемлекетіміздің әлемдік алып державалармен тең дәрежеде дамуы үшін, қазірден бастап жақсы білім алу, игеру – Отан алдындағы перзенттік парызым. Ұстаздарымның тілін алып, олар үйреткен әрбір дүниені санама сіңіре берсем артық болмасы анық. Себебі, мен болашақта Қазақстанның экономикалық, мәдени, тарихи өсу жолында аянбай қызмет ететін азаматтардың бірімін», – дейді бүгінгі жас, ертеңгі ел сенімі Аманжол Абдуррохим.
Өмірде көргені мен көңіліне түйгені қалыптасқан, ардақты қазыналы қарттары бар үйдің жеткіншектері ата-әже тағылымына құлақ түре отырып, олардың көрсеткен өсиет-өнегесімен жетіліп келеді. Осындай тәлімі мол, парасатты үлкендерінің қанатының астында ержетіп келе жатқан жастың бірі – Аманжол Абдуррохим. Өрелі өрен 2011 жылы 31 қазанда қазақ халқына құтты қоныс, киелі мекен болған өңір Атырау облысында дүние есігін ашады. Киелі шаңырақтың ырысы мен берекесі болып отырған атасы Исмагулов Аманжол мен мейірім жүзді әжесі Қайыржанова Даржаннан тәлімді тәрбие алып, азаматтық келбетін қалыптастыру үстінде. Өр мінезді, қайсар рухты әкесі Омар Асқар Талапұлы мен аяулы анасы Аманжолқызы Самал – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары. Жоғары білімді мамандар.
2014 жылы «Балдәурен» балабақшасының қабырғасында тәрбие алған зерек ұлан 2017 жылы Атырау облыстық №24 орта мектебінің 1-сыныбына қабылданады.
Аманжол Абдуррохим – қазіргі таңда №24 мектебінің озат шәкірттерінің қатарында. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің « Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген ұғымын терең түсінетін дарынды шәкірт. Аманжол Абдуррохим білім мен зияткерлік танымдық жолда, ізденіс үстінде қалыптасып келеді. Табыс биігінен көрініп жүр.
Жыл сайын «Үздік білімі мен үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағаздарын иемденіп, додалы жарыстарда өзінің сапалы білімін дәлелдеп келеді.
Сүйікті ісі: Спортпен айналысып, дене шынықтыру жаттығуларын жасау. Табиғат аясында отбасымен, достарымен демалу.
Арманы: Құқық қорғау саласының маманы болу.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]