Араш Ақжан

Рейтинг:

«МАҚСАТЫМА ЖЕТУ ҮШІН БАРЫМДЫ САЛАМЫН»

      Сындарлы, жігерлі, зерделі ұлан Ақжан Нәбиұлы 2008 жылы 20 желтоқсанда өмірге келген. Нағыз ер-азамат етіп тәрбиелеп жүрген ардақты әкесі Ахмедин Нәби Арашұлы – Ақмола филиалы МКО «Қазсушар» мекемесінің инженер-энергетик маманы. Шапағаты мол анасы Ахмедина Алма Қалманбайқызы – ЖСШ «Астанаэнергосбыт» абоненттік бөлімді басқарған энергетика саласының үздігі, «Энергетика ардагері» атанған білікті маман. Жанашыр әпкелері Асел мен Ая, қамқор ағасы Аян – барлығы жоғары білімді инженерлік-техникалық маман иелері. Асел отбасын құрған, жолдасы Саят екеуі жарасымды жұп. Астана қаласы №38 «Шаттық» балабақшасында тәрбиеленген балғын балабақшада конкурстарға қатысып, үздік Диплом иегері атанды.  «Білім – таусылмас қазына» деген ұстанымдағы Ақжан 2016 жылы Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 лицей-мектебінің табалдырығын аттады. Сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді жас дарын бос уақытында Мұз айдынына барып сырғанақ теуіп, футбол ойнап, бой сергіткенді ұнатады. Жазда үйдің ауласында бау-бақшаны баптап-күту жұмыстарына қолғабыс береді. Спортты жанына серік еткен оқу үздігі Ақжан СДЮШОР-8 футбол секциясына қатысады, болашақта футбол спортының жарық жұлдызы болуды қалайды.
      Жетістігі: 2016-2017 оқу жылында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, «Мен елімнің ертеңімін!» номинациясын иемденген білімпаз шәкірт. 2015 жылы бірнеше дүркін облыстық, республикалық және халықаралық турнирлерге қатысып: үздік қорғаушы, үздік жартылай-қорғаушы және шабуылшы, 2016 жылы Павлодар қаласында Е.Ж.Елтаков атындағы турнирде үздік жартылай қорғаушы атанып, (6 гол) Грамота мен Кубок алды. 2018 жылы Т.Сегізбаев атындағы Халықаралық турнирде СДЮСШОР-8 командасы І орын алды. 2018 жылы «Локобол» Халықаралық фестивалінің III орын  иегері. 2018 жылы «Футбол – менің өмірім» кітабына бірінші тренері Р.В.Мифтахов пен Ақжан Нәбиұлы туралы мақалада жарияланды. Кітапты жарыққа шығарған спорт журналисі – Бекболат Избасар. А.А.Утканов атындағы Республикалық турнирдің және Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Тәуелсіз Қазақстан» турнирінің «Үздік қорғаушысы» атанып, 2020 жылы Турцияға «Анталья CUР» турниріне қатысып, команда капитаны болып, ІV орынға ие болды. 
      Сүйікті ісі: Мұз үстінде сырғанау, футбол ойнау, білімін жетілдіру.
      Арманы: Жақындарының үмітін ақтап,  футбол әлемінде танымал тұлға атану.











[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}