Сағынтай Жанерке

Рейтинг:

«ОЙЫ ҰШҚЫР, ҚИЯЛЫ ЖҮЙРІК, ТАЛҒАМЫ БИІК»

      Елордалық дарынды да талантты балауса Жанерке 2008 жылы қыркүйекте   дүниеге келді. №61 «Шолпан» балабақшасында тәлімді тәрбие алып, мектеп табалдырығын білім алуға деген талпынысымен аттайды. Бұл күнде өрелі өрен Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейдің 5 «Б» сынып оқушысы.  Ардақты әкесі Мукушев Серикжан Сагынтайұлы – жеке кәсіп иесі.  Аяулы анасы Мукушева Гульнара Омарбекқызы – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығында қызмет жасауда. Арқа сүйер ағасы   Ернур Серикжанұлы – Әлкей Марғулан атындағы 40 мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы. «Қазақ орда» клубына дзюдоға қатысушы, жүлдегер ұлан. Жанерке – даралық ерекше  болмысымен   танылып жүрген білімпаз оқушы, білім мен зияткерлік байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Дзюдо спортымен тұрақты түрде айналысады.
      Жетістігі: Польша мемлекетінің Новосел қаласында өткен Халықаралық жарысқа қатысып, І орын алып, юниор Кубогын иемденіп, мерейі үстем болды. Дарынды қыз Жанерке – Ақсу  қаласында өткен Республикалық жарыстың жүлдегері.
      Сүйікті ісі: Көркем әдеби кітаптар оқығанды, сурет салуды ұнатады.
      Арманы: Болашақта дзюдодан Әлем чемпионы атанып, бапкер болғысы келеді.
 
















[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}