Арыстан Орынгүл

Рейтинг:

«БІЛІКТІ ДӘРІГЕР БОЛЫП, ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН»

      Даналық ойдан дән іздеп, кемел келешеккке бағыт алған қабілетті, жаңашыл жас Арыстан Орынгүл Сәрсенқызы Маңғыстау  облысы, Ақтау қаласында 2006 жылы желтоқсан айының 11 жұлдызында өнегелі отбасында өмірге келді. Ардақты әкесі Амантурлиев Сарсен Арыстанұлы мен Мамаева Ақілгек Серикқызы – келмеске кетіп, тек асыл бейнелері перзенттерінің жүрегінде мәңгіге сақталып қалған, сағынышқа толы ұмытылмас бейнелер. Зерделі, ойлы Орынгүлдің алдында үлгі тұтар, арқа сүйер әпкесі Сәрсенқызы Айгерім бар. Жаңашыл, заманауи әпкесі Айгерім – Қ.Сәтбаев атындағы университеттің ІІ курс студенті. Орынгүл қазіргі кезде әке-шешесінің орнын жоқтатпай жүрген асыл текті нағашыларының, 2011 жылдан бері қарай нағашы әпкесі Мамаева Гүлзира Серікқызының қамқорлығына бөленіп, тәлімді тәрбиесімен болашағына сенімді болып өсіп келеді. Зерек болмысымен,ақкөңілділігімен айналасындағыларды тәнті етіп, өзгелермен тез тіл табысатын сүйкімді балдырған Ақтау қаласындағы №54 балабақшаға барып, дүниетанымын кеңейтіп, әдеп әліппесін меңгеріп, жақсы қасиеттерін дамытты.  Бала кезінен білімге құштарлығы байқалған өресі биік өрен қазіргі таңда «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген сөзді басшылыққа алып, беделді білім ордасы IT мектеп-лицейінің 7 «Ә»   сыныбында білім көкжиегін бағындыруда. Мектепте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысатын Орынгүл қосымша білім беру үйірмелеріне де қатысады. Сапалы білім алуды мақсат еткен білімпаз шәкірт үйге берілген тапсырмаға мұқият әзірленіп, келесі күнге алдын-ала жоспар құруды әдетке айналдырған. Кемел келешегінде өрелі өрен ақ халатты жандардың қатарына қосылып, денсаулық сақтау саласының үздігі атанып, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленуді қалайды.
      Сүйікті ісі:  Кітап оқу, музыка тыңдау, кубик-рубик құрастыру, қолөнермен айналысу, шытырман есептерді шығару, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Жоғары білім алу. Дәрігер мамандығын меңгеріп, адамдардың денсаулығын жақсарту, денсаулық саласының майталман маманы атану.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}