Ашкен Абылай

Рейтинг:

«БІРЕГЕЙ»
 
      Жайсаң мінезді, ұлтжанды, дарабоз ұлан Ашкен Абылай Жақсылықұлы 2002 жылы 21 тамызда ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында өмір есігін ашқан.  Абылай – озық ойлы ұлы даланың ұрпағы, ата-әжесінің сүйікті немересі, шаңырағының шамшырағы. Қазыналы қариялары: ардақты атасы Опаев Ашкен  мен мейірбан әжесі Жанзакова Зада – тек жүрек түкпірінде сақталып қалған асыл бейнелер. Кішкентайынан нағашы атасы Мырзабеков Гаухарбек пен нағашы әжесі Мырзабекова Шахардың тәлімді тәрбиесін көріп ер жетіп келеді. Сабырлы да салмақты, еңбекқор әкесі Опаев Жақсылық Ашкенович – отбасының тірегі мен қамқоры, абыройлы азамат, зоотехника маманы. Балаларына мейірім, шапағатын төгіп жүрген көпшіл анасы Мырзабекова Бақытгүл Гаухарбекқызы – бухгалтер-аудитор қызметінде. Абылай 4 ағайындының үшіншісі. Алдында арқа сүйер ағасы Жанадил мен жанашыр әпкесі Диара, ізінен ерген бауыры Ілияс бар. Інісі Ілияс - математика пәнінен түрлі олимпиадалардың жүлдегері. Елордадағы № 75 балабақшасында тәрбиеленіп, 2009 жылы № 54 мектеп-лицейге оқуға қабылданған өреннің алғашқы бастауыш сынып мұғалімі – Жақсылықова Бақыт Қарабалақызы.  Өнерлі ұл спорттық бал билері үйірмелеріне қатысып, каратэмен айналыса бастады. Ашкен Абылай – Ер балаларға арналған Білім инновация лицейінде 9-сыныпта білім алуда. Білім ордасындағы жетекшісі  Муаммер Гүл – Гиннестер рекод кітабына енген ұстаз, 2019 жылғы «Қазақстан жыл ұстазы» Абылайдың асыл қасиеттерін дамытуда. Інісі Ілияс - математика пәнінен түрлі олимпиадалардың жүлдегері. Абылай болашақта әлемнің ең жақсы университетінде   архитектура және жоспарлау саласы бойынша  жоғары білім алғысы келеді.
      Жетістігі: 2013 жылы «Өнерлі балдырған» номинациясы, 2014 жылы «Отбасы – бақыт мекені» мектепішілік сайысының Грамотасы иегері. 2015 жылы «Инфоурок» жобасы аясында өткен Математика пәні бойынша II орын, 2016 жылы Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінде Ағылшын тілі бойынша І орын жүлдегері, 2018 жылы ІІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. Katev білім олимпиадасы бойынша аудандық олимпиададан – ІІ орын, қалалық математика олимпиадасынан ІІ орын алған жүлдегер. 2017 жылы Леонарда Эйлер атындағы математикалық олимпиададан – ІІІ орын, Еуразиялық математикалық олимпиададан – ІІ орын,  Қазақстан Білім Олимпиадасынан – ІІІ орын алған жүлдегер. 2018 жылы Республикалық  олимпиадан – ІІІ  орын,   Шарыгин атындағы геометриядан ауызша олимпиада бойынша және Қашықтық Иран олимпиадасынан Грамота иемденіп, қалалық   олимпиададан  – І орын жеңімпазы атанды. 2018 жылы аудандық кіші пәндік олимпиаданың математика пәнінің І орын жеңімпазы, Республикалық кезеңінде ІІ дәрежелі Диплом иемденген. «Белсенді оқушы» номинациясының иегері Абылай «Дарын»   қосымша білім орталығы жанындағы облыстық олимпиада резерві мектебінің математика пәнінен жылдық қорытынды жүлдегері, ІІІ дәрежелі Диплом иегері. Облыстық «Импульс – 2019» жас суретшілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турнирінің Диплом иегері. 2019 жыл облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» математикалық регатасының жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері. 2019  жылы О.Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиададан ІІ орын  (Назарбаев Университетінің Сертификаты). Республикалықтан – І орын, қалалық  олимпиададан І орын, «MOSTRATEC» Бразилия – І орын жеңімпазы. 2020 жылы О.Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиададан  – ІІІ орын (КБТУ грантының Сертификаты); қалалық  олимпиададан І орын, Назарбаев Университеті олимпиадасының ІІ орын жүлдегері. Астана Халықаралық университеті Республикалық олимпиадасының «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша Білім Грантының иегері.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, есеп шығару, білімін жетілдіру, сурет салу.
      Арманы:  Мемлекетіне еңбек сіңірер даңқты тұлға, абыройлы азамат болу. 


   


[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Сауле- 6 августа 2020 08:29
Жетистиктерин коп болсын! Биик шындарды багындыра бер! Елимизде осындай ерекше кабилетти, дарынды балалар коп болсын!

Бахытгул- 6 августа 2020 12:55
Алла өзі мейірім шапағатын төгіп,  қолдай берсін! 

{lang_lastnews}