Байанбай Аяжан

Рейтинг:

«АРМАН АЛЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ»

      Жас ұрпақты дұрыс, саналы азамат ретінде тәрбиелеу   – оны сәттілікке жетелейтін келешек жолын тәрбиелеу. Алтын ұя отбасынан тәлімді тәрбие алып келе жатқан жас балаусаның бірі  Байанбай Аяжан – отбасының сүйікті перзенті, ұстаздарының жарқын болашағына сенім артып отырған талантты шәкірті. Өнегелі отбасында атасы мен әжесінің тағылымды тәрбиесін алып, балалықтың бақытты дәуренінде  бой түзеп келе жатқан өнерлі Аяжан Жеңісбекқызы  2011 жылы 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында  дүниеге келген. Үш жасынан бастап ән айтып, Халықаралық конкурстардың жеңімпазы атанып жүрген өнерлі балауса, талантты ару. Қоянды ауылындағы «Айбала» балабақшасында танымдық қабілетін жетілдірген  дарынды жас – бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының озат оқушысы. Шаңырақты күміс күлкісіне бөлеп,  атасы мен әжесінің, әкесі мен анасының көзқуанышына, мақтанышына айналып отыр. 
      Жетістігі:  ХІ Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының арнаулы Диплом иегері; Халықаралық «3 RD PLACE LAUREATE DEGREE» ән-фестивалінің арнайы жүлдесі; Халықаралық «Аstana Grand FestivaI» конкурс-фестивалінің арнайы Грамота   иегері; Халықаралық «The choraI ehcembIe AibaIa»  Бурабай ән-фестивалінің  арнаулы Дипломы; Тәуелсіздік күніне арналған «Менің қаламның ғимараты» сайысында «Ғажайып сәулетші» номинациясында  Мадақтама иесі; Қалалық «Красоты и таланта – «Астана» конкурсының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері.
      Сүйікті ісі: Ән айту. Көркем әдеби  кітап оқу.
      Арманы: Қазақ  музыка өнерінің сахнасында жұлдыздай жарқырап көріну.






 





[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}