Мейрамгали Молдир

Рейтинг:
    Мейрамғали Мөлдір Меирланқызы 2010 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді. Асқар тау тірегі, қорғанышы әкесі Сарбасов Меирлан мен жанашыры, қамқоршысы, алақанында аялайтын анасы Карашева Шолпан екеуінің берекелі шаңырағында жайқалып өсуде. Отбасының кенжесі Мөлдір әпкесі Марленаны өзіне әрдайым үлгі тұтады.
    Бүлдіршін кезінен-ақ ән мен биге құмар. Қазір де бимен айналысып, заманауи, дәстүрлі, әртүрлі халықтардың ұлттық билерін мың бұрала билегенде, кәсіби бишімін дегендердің өзі таңдай қағады.
     Мектеп ішіндегі түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Оның арманы – үлкен сахнаны бағындырып, барша қауымды өнеріне тәнті ету. Әрқашан бос уақытында ән айтып, би билеп, арманын мақсатына айналдыру жолында. Сегіз қырлы,бір сырлы, келешек өмірін өнерге арнағысы келетін Мөлдір сабақты өте жақсы оқиды. №15 гимназияның 1 «Ә» сынып оқушысы, оқу үздігі.
     Математика және ағылшын тілі пәндерін сүйіп оқиды. Осы пәндерден қосымша сабақтарға қатысып, білімін жетілдіру үстінде. Ең басты мақсаттарының бірі – мектепті үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атану. Кейін жүрегінің қалауымен мамандық таңдап, өз ісінің биігіне шығуды мақсат етеді. Жаны өнерге жақын, сондықтан үлкен сахна арқылы туған жерін, Отаны Қазақстанды әлемге таныту – перзент ретіндегі жүрекжарды қалауы десек те болады. Өз елімізде өнер саласын дамытуға, биік дәрежеге шығаруға, болашақта өз үлесін қосуға уәде береді.
     Жайдары жүзінен әрдайым күлкі кетпейтін Мөлдірдің достары өте көп. Үйлесімділікті және жаңашылдықты жақсы көретін арманшыл өрен – достары, жаңа танысқан жандармен тез тіл табыса алатын көпшіл ару.
     Үздік оқығаны үшін мақтау қағазы, «Кітаптар әлемі» сайысында белсене атсалысып, ерекше кітап жасағаны үшін, мадақтамаға ие болса, «Күз байлығы кереметке толы» жарысында да мақтау қағазына ие болды.
     2018 жылы ағылшын тілінен өткен қалалық турнирде І орын алды. Математика пәнінен қалалық турнирге қатысқаны үшін, сертификатпен марапатталып, ұстаздары мен жақындарын бақытқа бөледі. Одан өзге, «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы ұйымдастырған республикалық «Жас каллиграфшы» атты көркем жазу байқауының ІІ дәрежелі жеңімпазы атанды. Санмен санды, түрлі амалдарды бір-біріне қосып, бас қатырғыш есептердің шешімін тапқанды жақсы көретін Мөлдір осы сәттен бастап арманына қол жеткізу мақсатында талмай іздену үстінде.
     Мөлдірдің мақсаты айқын, талабы таудай, сондықтан да болашағы жарқын екеніне кәміл сенеміз!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}