Бекболат Әділхан

Рейтинг:

«МЕЖЕЛІ МАҚСАТЫМ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ»
 
      Талабы таудай ұланды  бақыт пен шаттыққа бөлеген жетістіктер желкені – тынымсыз әрекет көрінісі. Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойған мақсаттарының орындалуын көксейді. Сол үшін әрекет жасайды, тірлік істейді.   Ол  үшін не істеу керек? Әрине, еңбек ету, ащы теріңді төгу. Әділхан да   сол мақсатқа жету жолында тыңғылықты әрі тындырымды жаттығу жасаумен айналысты. Қайсар мінезіне ақылын серік етіп, бастаған ісін аяқсыз қалдырмауға тырысты. Жігерін, намысын қайрады. Шаршады, жығылды, қайта тұрды. Тек қана алға жылжыды. Дене қуаты мен рухани мақсатын бір бағытқа тоғыстырды. Сол мақсатына да бірте-бірте жақындады. Бақыт пен табысқа, көңіл шаттығына бөлеген жұлдызды жылдар тізбесі осылай тізбектеле түсті. Бұл кіріспе сөз жас спортшы Бекболат Әділхан Сайранұлына арналған. Жас сайыпқыран 2005 жылы 24 маусымда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ аулында дүние есігін ашады. Алғашқы дүниетанымын «Шорбұлақ» балабақшасында жетілдірді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының  белсенді шәкірті. Отбасындағы алтын асықтай үш ұл мен қызғалдақтай құлпырған қызына ата-аналық мейірімі мен жан жылуын көрсетіп отырған қос бәйтерегі: әкесі Бекболатұлы Сайран мен ардақты анасы Аманкелдіқызы Жазира – ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасы иелері. 
Сайранұлы Әділхан 2012 жылдан бастап, Жаңатас қаласындағы Дзю-до спорт үйірмесіне барып, талай байрақты бәскелерде топ жарып жүр. Спорттан тыс мектепішілік шаралар мен интеллектілік сайыстарда да танылып, жаңа қырынан көрініп келеді.
      Жетістігі: ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Жастар жарқын қадамға» атты аудандық «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойынында  Бас Жүлде иегері; Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ атынан Алғыс хат иегері; Спорттық додаларда сан алуан диплом мен медальді кеудесіне таққан дарынды спортшы.
      Сүйікті ісі: Үздіксіз спортпен шұғылдану. Таза ауада серуендеу. Отбасымен табиғат аясында демалу.
      Арманы: Дзю-до күресінің биік шыңын бағындыру. Жамбыл облысынан шыққан дзю-до күресінің чемпионы Е.Сметовтің ізбасары атану. Әскери қызметкер қатарында сап түзеу де – аппақ армандарының бір тармағы. 








[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}