![]()
«АТЫМА ЗАТЫМ САЙ КЕМЕЛ ТҰЛҒА БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!»
«Бір есе білімің болса, оны он еселеп арттырып ойлануың керек, сонда білімің нәтижелі болып, білімді ала беруге құмартасың.» деген ұстанымдағы талапты, тәрбиелі, зейінді өрен. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында ынтымағы жарасқан отбасында 2005 жылы 22 қыркүйекте өмірге келген. Ер мінезді, бір сөзді, жоғары ұстанымды әкесі
![]()
Тусипов Еркін Берікбайұлы – «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» ТКӨК филиалының орталық байыту фабрикасының кептіру ұнтақтау кешенінің басшысы, білікті маман, абыройлы азамат. Жібек мінезді, шуағы мол аяулы анасы Маманова Гүлназ Маратқызы – Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданыңдағы филиалының менеджері қызметінде. Алтын – отбасындағы ортаншы перзент. Алтынның алдында арқа сүйер әпкесі бар: үлкен әпкесі Берікбай Назерке Еркінқызы – Тараз қаласындағы Айша бибі қыздар инновациялық лицей түлегі, қазіргі таңда Астана Интернейшенел университетінің І курс студенті. Екінші әпкесі Берікбай Ақерке Еркінқызы – Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, облыстық, аудандық олимпиадалардың жүлдегері, Алтын белгіге үміткер білімпаз шәкірт. Ізінен ерген сүйкімді інілерінің үлкені Еркінұлы Ерсайын – М.Әуезов атындағы орта мектеп гимназиясының 4-сынып оқушысы болса, кенже інісі Еркінұлы Ақжүрек – «Айгүл» балабақшасының мектепке даярлық тобының тәрбиеленушісі. Көзінен күн күлген арайлы Алтын екі жасынан бастап Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының «Айгүл» балабақшасына барып, жақсы мен жаманды ажыратып, көп нәрсені үйренді. Балабақша қабырғасында жүріп, тақпақ жаттап, ән салып, би билеп, сахналық қойылымдарға да белсене қатынасты. Білуге, білімге құштар талапты өрен М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының шікірті атанып, білім әлемінің есігін ашты. Зерделі қыз сабақтан тыс ағылшын тілі орталығында білімін жетілдіруде. Салуатты өмір салтын ұстанатын ұлағатты ұлан спортпен айналысқанды ұнатады. Алтын Еркінқызы кемел келешегінде білім саласының майталман маманы болуды қалайды. Арманшыл, ақжарқын, көпшіл Алтын арудың ақ армандары орындалып, биіктен көрінетініне сенімдіміз!
Жетістігі: Берікбай Алтын Әуе ұшақтарының шығу тарихы мен осы саланың дамуы туралы «Ұшақтар тарихы» атты ғылыми жобаны жетекшісі Серікбай Даулеттің басшылығымен жазып шықты.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, білімін жетілдіру, дәмді тағамдар әзірлеу, музыка тыңдау.
Арманы: Жоғары білім алу, физика пәнінің мұғалімі, өз ісінің маманы болу.