![]()
«ЗЕРДЕЛІ, ӨНЕРЛІ ШӘКІРТТІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ»
«Адам баласы ақыл-ой, оқу-білім және парасатты ісімен озады. Басқаша оздым деу – бос әурешілік, ақымақтық» деген данышпан Абайдың даналық сөзінен қуат алып өсіп келе жатқан өрелі өрен Даулетбай Әуесім 2010 жылы 29 қаңтарда шырайлы Шымкент шаһарында мерейлі отбасында өмір есігін ашты. Сөзіне ісі сай ұлағаты мол атасы Рахимов Дау
![]()
летбай – отбасының алтын діңгегі, ол бүгінде заман талабына сай жеке кәсіппен айналысуда. Мәуелі бәйтеректей отбасының ұйтқысы болып жүрген шуағы мол мейірбан әжесі Махимова Ұлмекен қажы Молдабекқызы – педагог-психолог, парасаты мол жан. Төрт перзентті жан шуағымен, сүйіспешілігімен жылытып, тәлімді тәрбие беріп жүрген ардақты ата-анасы Илияс пен Динара – жарасымды жұп. Қамқор әкесі Рахимов Илияс Даулетбайұлы – жеке кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатарында. Аяуы анасы Құрбанова Динара Құдайбергенқызы – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз. Әуесім – ата-анасының тұла бойы тұңғышы, отбасының жарқыраған жұлдызы, ақ үміті. Әуесімнің ізінен ерген Бекзат, Камшат, Абзал есімді сүйкімді бауырлары бар. Әуесім өте бауырмал, көпшіл болып өсіп келеді. Бауырларына қамқорлық көрсетіп, анасына көмек беріп, әжесінің қолғанаты болып жүретін қыз өте мейірімді, тәрбиелі, сезімтал. Ибалы да инабатты қыздың бойында адами құндылықтар мен жақсы қасиеттер орын алған. Зерделі, ұғымтал, ізденімпаз балдырған «Сәт» балабақшасына барып, әдеп әліппесін үйреніп, жақсы мен жаманды ажыратты. Білім мен спорттағы шығармашылық жолын шыңдап, заман ағымына сай шетел тілдерін меңгеріп, соны іс жүзінде қолдану – басты мақсаты. Жарқын болашағы үшін, бүгіннен әрекеттеніп жүрген білімсүйгіш шәкірт Әуесім Илиясқызы қазіргі кезде З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейдің 4 «В» сыныбында білім әліп Түрлі жанрдағы кітаптарды қызыға оқитын Әуесімнің белсенділігі артып, жан-жақты ізденіп, жоспарлы жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге дағдыланды.
Жетістігі: Даулетбай Әуесім – 1-4 сыныптарды «үздік» оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған білімпаз шәкірт, оқу үздігі. 2017 жылы Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасының жеңімпазы, І және ІІ дәрежелі диплом иегері. 2018 жылы «Ақ бота» интеллектуалдық сайысына қатысып, ІІ орынмен Диплом иемденді. «ПОНИ» Халықаралық байқауының жүлдегері, Диплом иегері. Сондай-ақ 2019 жылы «Снежная зарница» атты Мәскеулік математикалық олимпиадаға қатысып, І дәрежелі Диплом иегері атанды. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының «Ақ желкен» зияткерлік лингвистикалық олимпиадасының қатысушы Сертификатын иемденіп, І орын жүлдегері Дипломын алды. Өнерпаз өрен Әуесім – «Волшебная балерина» номинациясының да иегері. Оның алда бағындырар биігі де көп болмақ.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, қосымша білім алу, сурет салу, музыка тыңдау, қолөнермен айналысу, түрлі әшекей бұйымдарын жасау, анасына көмектесу.
Арманы: Болашақта оқуын ойдағыдай аяқтап, жоғары білімді маман болу, Ұлы Қазақ Елінің абыройлы азаматшасы, білікті дәрігер, өз ісінің шебері атану.