Дишенова Бибинур

Рейтинг:
    «Тіл қай елде, қай жерде, қай халықта болсын қашанда өз құн¬ды¬лығын жоғалтқан емес. Қазақы тәрбиенің тұнығын қанып ішкен ұлтымыздың ұрпақтары өз халқын құр¬мет-теп, ана тілін дәріптеуі тиіс. Елін сүю – ол елінің патриоты болу» – деп есептейтін текті әулеттің саналы ұрпағы Бибінұр Тұрсынқызы – елінің нағыз патриоты, шын жанашыры болып бой жетіп келеді. Ана тіліне қатысты өткізілген барша сайыстардан жүлдесіз қайтпайтын қайсар қыз 2005 жылы 28 қарашада Ресей жеріндегі Волжский қаласында дүниеге келді. Әкесінің жұмыс бабына байланысты қазір Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылында тұрады. Отбасында қос бәйтерегімен қатар, әрдайым дұрыс жол көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп отыратын атасы, қамқоршы көкесі, арқа сүйер үш бірдей ағасының ортасында еркелеп өскен бір тал, дара гүл. Ол өзіне үнемі қолдау көрсетіп, әр сайыстың алдында жігерлендіріп отыратын отбасын бәрінен артық көреді.
    Оқуда озат оқушы сабақтан бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Әсіресе, мультфильм кейіпкерлері мен ертегі қаһармандарын айнытпай салады. «Таланттылар – раушан гүлі сияқты, жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады» – деп Шерхан Мұртаза айтқандай, айналасына үнемі шуағын шашып жүретін Бибінұр – тума талант иесі. Сүйріктей саусақтары музыкалық аспаптарға икемделген ару мектептегі домбыра үйірмесіне қатысады. Қазақтың ұлттық күйлерін нақышына келтіріп орындап, құлақ құрышыңды қандырады. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес Орал қаласында халқымыздың төл өнері домбыра тартудан өткізілген сайыста өнер көрсеткен.
   «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі» деген С.Аманжоловтың пікір жанына жалау еткен саналы жас «22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне» орай бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған «Тіл тағдыры – барша қазақ тағдыры» тақырыбындағы шығармалар байқауында I орын иеленген. «Платон» халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған республикалық «Ана – өмірімнің гүлі» шығармашылық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ата-анасы мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық «ПОНИ» конкурсының жүлдегері, Қадыр Мырза Әлінің мерейтойына арналған «Жырдан маржан төгілтіп...» атты мәнерлеп оқу сайысында жүлделі II орынға ие болды. Бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған «Бастауыш – білім бесігі» апталығында «Үздік күнделік» номинациясын иеленгені үшін арнайы диплом табысталған. «Самал» жазғы демалыс лагерінде өткізілген «Айгөлек» балалар байқауында бүлдіршіндер арасында II орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталған. 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күніне» орай 4-8-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Кім күшті? Кім епті?» спорттық шарасының «Бұқа тартыс» түрінен жүлделі I орын дипломын иеленді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай өткізілген «Намысымсың, туған тіл!» мәнерлеп оқу сайысында II орынға ие болған. Мектепішілік бастауыш сыныптар арасында өткен «Абай оқулары» байқауында II орынға ие болғаны үшін диплом еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді. Мектепішілік «Қош келдің, Алтын күз» күзгі бал сайысына қатысып, жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Мектепішілік пән олимпиадасында информатика пәні бойынша I орынды иеленіп, ұстаздарының мерейін үстем етті. Сонымен бірге, «Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысында I орынмен мадақ төріне шықты. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік апталығында қатарластарынан оқ бойы озат шығып, «Балғын суретші» аталымына ие болғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.
    Міне, жас та болса біршама жетістікке жетіп, шығармашылықтың шыңын бағындырып жүрген Бибінұр Тұрсынқызының оқушылық келбеті осындай. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, тіліне жанашырлық танытып жүрген елінің кішкентай патриотына сәттілік серігі болсын дейміз!



    Язык каждой нации, какой бы страны, земли или государства он ни был, никогда не утрачивал своей ценности. Наше поколение, растущее на незыблемых национальных радициях и обычаях, должно любить свою страну, уважать свой народ и ценить родной язык. Быть патриотом, любить свою родину – таковы жизненные принципы отомка уважаемого рода – Бибинур Дишеновой, которая без устали участвует во всех состязаниях, касающихся ее родного языка и никогда не возвращается без победы.
   Девочка родилась 28 ноября 2005 года в городе Волжском на российской земле. В связи с работой отца сейчас она проживает в селе Борсы Жанибекского района Западно-Казахстанской области. Бибинур растет в большой и дружной в семье вместе с любимым дедушкой, заботливыми отцом и мамой, которые всегда наставляют на равильный путь и делятся жизненным опытом. Настоящими опорой для нее являются ее дядя и три старших брата. Они больше всего и постоянно поддерживают и вдохновляют ее перед каждым соревнованием.
    Отличница учебы любит рисовать в свободное от занятий время. Особенно увлекательно рисует героев мультфильмов и сказочных персонажей. Как говорил великий писатель Шерхан Муртаза: «Талантливые люди, как розы, сеют аромат вокруг нас и поднимают настроение», – Бибинур всем своим существом, излучая вокруг себя лучи добра и милосердия, является источником неиссякаемого таланта. Необыкновенно одаренная девочка с нежными и умелыми, словно созданными для струн пальчиками, занимаясь в школьном кружке по домбре, виртуозно исполняет казахские национальные кюи. В рамках программной статьи Главы государства «Рухани жаңғыру», она участвовала в конкурсе по народному искусству в городе Уральск.
    В конкурсе сочинений среди начальных классов «Тіл тағдыры – барша қазақ тағдыры», посвященного 22 сентября – Дню языков, Бибинур заняла I-е место. А в республиканском конкурсе «Ана – өмірімнің гүлі», организованном Международным центром развития «Платон», была награждена дипломом ІІ-й степени, чем подарила радость родителям и учителям. Также, она – второй призер конкурса выразительного чтения «Жырдан маржан төгілтіп...» традиционного международного конкурса «ПОНИ», посвященного юбилею Кадыра Мырза Али. В рамках недели «Бастауыш – білім бесігі» среди начальных классов способной ученице был вручен диплом в номинации «Лучший дневник». Также она награждена дипломом детского конкурса «Айголек» в пришкольном лагере «Самал». В рамках празднования «Наурыз мейрамы» среди учащихся 4-8 классов, разносторонняя девочка заняла I-е место в спортивном мероприятии «Бұқа тартыс».
    Юное дарование является обладательницей призов за II-е место конкурса выразительного чтения, проведенного в День языков РК, конкурса «Абай оқулары» среди начальных классов, победительницей школьного конкурса «Здравствуй, Золотая осень!», школьной олимпиады по информатике и конкурса выразительного чтения «Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім». В десятидневной неделе «Самопознание: педагогика любви и творчества» талантливая девочка, намного опередив своих сверстников, удостоилась грамоты в номинации «Юный художник». Вот такова она, наша героиня, Бибинур Турсынкызы, которая еще и не велика возрастом, но уже добилась немалых достижений.
    И как говорил известный писатель Жусипбек Аймауытов:»Родной язык исконно был зеркалом нашей души, растущим и процветающим, нерушимым древом жизни», – так и верная языку нации и делающая все, для его развития и становления маленький патриот своей отчизны – Бибинур упорным трудом обязательно добьется своих высоких целей!
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}