![]()
«ЕЛІМНІҢ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН»
«Бастау үшін ұлы болудың қажеті жоқ, бірақ ұлы болу үшін бастау қажет» деген ұстанымдағы ұлағатты ұлан. Жанұзақ Алинур жасыл желекті шырайлы өлке Алматы қаласында 2005 жылдың 23 қазанында өнегелі отбасында өмірге келген. Мейірбан әжесі Узембаева Мейрамкул Сиқымқызы қолында кішкентайынан тәлімді тәрбие алған Алинур – бүгінде жанұяның көзқуанышы мен шамшырағы, үлкендердің үкілеген ақ үміті. Ұлағаты мол, мейірімі кең нағашы атасы Жарқынбеков Қауымбек Жарқынбекұлы мен нағашы әжесі Жаркынбекова Күнекей Абдыжалелқызы – зейнеткерлер қатарында. Жігері мол, ұстанымы жоғары әкесі Захаров Мадинур Жанұзақұлы мен жібек мінезді ақпейіл анасы Жарқынбекова Алия Қауымбекқызы – «Кенжехан» ЖШС-ні құрған жеке кәсіпкерлер. Қарындасы Жанұзақ Анель – №141 мектептің озат оқушысы, кішкентай інісі Жанұзақ Хансұлтан – Алинурдың алдағы уақытта жетістігіне бірге қуанары сөзсіз. Тумысынан жігерлі, алғыр, зерек балдырған туған қаласындағы №57 балабақшасына барып, жақсы қасиеттерін дамыта түсті. Бойында бұла күші бұлқынған Алинур жасыл алаңда доп қуып, бокс үйірмесіне де тұрақты түрде қатысады. Талапшыл ұлан өнерге де біртабан жақын, Сауле Жанпейсова апайдын домбыра студиясында өнерін шыңдап жүр. Текті әулеттің перзенті «дамудың кілті – ізденісте» деген ойда. 2012-2013 ж.ж. № 141 жалпы білім беретін мектеп табалдырығын аттап, 2016 жылы бастауыш сыныпты озат оқушылардың қатарында тәмамдады. 2016- 2017 оқу жылынан бастап №126 физика-математика лицейінде білім алуда. Қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып, мұғалімдердің берген тапсырмаларын уақытында орындауды әдетке айналдырған білімқұмар Алинур Мадинурұлы – сынып белсендісі, сенімді дос, адал перзент, болашақ спорт жұлдызы.
Жетістігі: Алинур Мадинурұлы – бастауыш сыныптарда «өте жақсы» оқығаны үшін Мақтау қағаздарының иегері. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бокстан Алматы облыстык жасөспірімдер арасында өткізілген турнирдің І орын жеңімпазы. 2016 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдыгы» мерекесіне арналған бокстан Алматы қаласының Ашық турнирінде 10-11 жас аралығындағы 34 кг салмақ дәрежесінде І орын жүлдегері атанды.2017 жылы 6-сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты футболдан өткен жарыста жүлделі І орынды иемденген. 2017 жылы бокстан «Евразия кубогы интернационалдык турнирінде 44 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында ұйымдастырылған Патриоттық әндер байқауында белсенділік танытқаны үшін Мадақтамамен марапатталды.
Сүйікті ісі: Білімін, өнерін дамыту, музыка тыңдау, жыр жаттау, спортпен шұғылдану.
Арманы: Жаңалықтың жаршысы, қаламы қарымды журналист болу.Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналу, ата-анасының үмітін ақтау, өмірге кірпіш болып қалану.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]